«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ IV тоқсандағы атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар  жоспарланып, іске асырылды.

Өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасы дайындалды (25 сұрақ). Ақпараттық кеңістікке тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Тұрғындар негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саладағы түйткілді мәселелерге, соның ішінде әлеуметтік желілерде жолдардың сапасына, газбен, сумен, электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша өз наразылықтарын білдіріп, біршама белсенділік танытуда.  Барлығы2061  негативті жарияланым  анықталды. Жергілікті атқарушы органдар жарияланымдар бойынша қажетті шаралар қабылдауда.

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл

 

Бүгінгі күні Жетісу облысында 4 саяси партиялардың филиалдары, 559 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде 320-ы қызмет атқарады.

Облыста 96,2 млн. теңге сомасына 45 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Жобалардың негізгі бағыттары: халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар саясаты мен балалардың бастамаларын қолдау, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу сұрақтар және т. б.

Ү.ж. 13-14 желтоқсанда жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы тиімді коммуникацияны қалыптастыру және жетілдіру  мақсатында  «Әділетті Қазақстан құрудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты  I азаматтық форум өтті. Форумға 100 жуық адам (мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері) қатысты.

Ү.ж. 14-15 желтоқсанда өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Жетісу облысының әкімі Б.Исабаевтың азаматтық қоғам өкілдерімен және1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтармен кездесулері өтті.

 

 

 

 

 

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру

 

2022 жылдың басында жастар саны 128 844 адамды құрады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша NEET жастарының үлесі 2022 жылдың 3 тоқсанында 4,7% құрайды.

Жастардыңжұмыссыздықдеңгейі 3,8% құрайды.

2022 жылдың 1 желтоқсанынаЖетісуоблысыныңжұмыспенқамтуоргандарына 29 жасқадейінгіжастарарасынан 8685 адамжүгінді, оларүшінжұмыспенқамтуғажәрдемдесудің 7772 белсендішараларыкөрсетілді. 5323 адамжұмысқаорналастырылды, оныңішіндетұрақтыжұмысорындарына 2687 адам.

«Жастар» ҒЗО әдіснамасынегізінде«NEET - жастардеректербазасы»әзірленді, бүгінгікүні 444 жастіркелді(әрбірауылдықокругтің, ауылдыңүйлерінаулалықаралаунәтижелерібойынша).

Текеліқаласындажалпықұны 382,2 млн. теңгеніқұрайтынжастарғақызметкөрсетуорталығыашылды.

Жетісуоблысындақаңтароқиғаларынақатысқанжастардыәлеуметтендірубойыншажолкартасыбекітілді.

Бүгінгітаңда пробация қызметініңесебінде 100-ден астамадамтіркелген, оның 30-ы жұмысқаорналастыру, білім беру, тұрғынүйгекезеккетіркеу, оқытужәнекәсіпкерлікүшінгранттарбөлубойыншажұмысжүргізілуде.

жастардыңосалтоптарынқолдауүшінәлеуметтікжобалардыіскеасыруғабағытталған«Zhasproject» шағынгранттар конкурсы өткізілді. Конкурс аясында 38 жеңімпазанықталып, әрқайсысы1 млн. теңгеден грант алды.

«Ұлт тәрбиесі» жобасы аясында облыстың 9-11 сынып оқушыларымен және NEET санатындағы жастармен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілуде.

Балалар үйінің түлектерін әлеуметтендіру және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында "First Class" жобасы жоспарлануда.

Сондай-ақ, ауыл жастарының шығармашылық дамуы үшін мәдени-білім беру кеңістігін қалыптастыруға бағытталған «Ауыл жастары»  жобасы іске асырылуда.

 

 

Этносаралық қатынастар саласында атқарылған шаралардың ақпараты

                                                      

Облыс аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты бақылауда, этносаралық қатынастарға мониторинг жасалып, мәліметтер  апта сайын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдануда.

Облыс аумағындағы этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтауда жергілікті жерлердегі «Қоғамдық келісім» КММ құрылымдары, оның ішінде этномәдени орталықтарының өкілдері әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда.

Есепті кезеңде олар өздерінің парақшаларында 200-ден астам материалдар жариялады. 

Аналар кеңестері

124- Аналар кеңестері, 1 - облыстық, 2- қалалық, 8- аудандық, 113 - ауылдық деңгейде жұмыс істейді, мүшелер саны - 533

Аналар кеңестерінің 9 жобасы аясында, отбасы институтын дамыту, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағыттарына арналған әр-түрлі деңгейдегі 38 іс-шара өткізіп, 1580 қатысушы қамтылды.

Медиация

1 - Медиация кабинетіДостық үйінде, 15 –медиативтік алаң аудан, қалаларда, 1 Медиация кеңесібар, 18 қоғамдық медиаторлар (2 қалалық, 16 аудандық). Аудан, қалаларда және облыс орталығында 17 іс-шара өткізіліп, 495 адам қатысты. Облыстың аудан, қалаларында медиаторлар мен заңгерлердің қатысуымен «Ашық есік» күндері, семинар-тренингтер өткізілді.

Этномәдени бірлестіктер

Облыста 30 этномәдени бірлестік бар. Әділет органындағы мәліметтер базасына сәйкес, тіркелгендер саны – 21, тіркелмегендер – 9. Қоғамдық аккредиттеуден  12 – облыстық, 6 аудандық, 1 қалалық, жалпы 19 этномәдени бірлестіктер өтті. Бекітілген жоспарға сәйкес, 49іс-шаралар өткізді.

Ғылыми-сараптамалық топ

Облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ құрамында  13 адам, 1-доктор,  6 – ғылым кандидаты, 4 магистр, 2 сарапшы бар.

Ғылыми – сараптамалық топ 3 іс-шара өткізіп,  5 жарияланған жұмыс, 3 монография, 2зерттеужарық көрді.

  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі  ҚХА кафедрасы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жанындағы ҚХАкафедрасының құрамында9 адам,2 ғылым кандидаты, 7 магистр жұмыс істейді.

2022 жылы барлығы 9 іс-шара өткізіп, 530 қатысушы қамтылды, 6 жарияланған жұмыс, 1 әдістемелік құрал, 2 зерттеу,  3 ғылыми мақала жарық көрді.

Жетекші журналистер мен сарапшылар клубы

ҚХА жанындағы этножурналистика саласында (құрамына 16 журналист енгізілген) жетекші журналистер мен сарапшылар клубы тұрақты жұмыс істейді. Әр тоқсан сайын отырыстары және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің журналистика факультетінің студенттеріне шеберлік сыныптары өткізіледі.

 «Ассамблея жастары»  РҚБ жастар қозғалысының өңірлік өкілдігі мен еріктілер қызметі

«Ассамблея жастары» жастар қозғалысының өңірлік өкілдігі еріктілермен бірлесіп, әр-түрлі форматтағы 5іс – шара өткізіп, 430 адам қатысты.

Ақсақалдар  кеңесі

2022 жылдың қараша айынан бастап Қоғамдық келісім  кеңестерінің функциялары Ақсақалдар кеңесіне ауысуына байланысты құрылып, құрамы бекітіліп, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Қайырымдылық шаралары

«Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық акциясы аясында, облыс аумағында ҚХА мүшелері, меценаттар, Аналар, Ақсақалдар кеңестері, аудан, қалалардағы еріктілер тарапынан 45 іс-шара ұйымдастырылып,12 671 000  теңгеге мұқтаж жандарға қайырымдылық көмектер көрсетілді.

40 облыстық және аудан, қалалық кәсіпкерлер мен  меценаттар, (олардың ішінде «Видергебурт» Талдықорған немістер қоғамы, «Вайнах» облыстық шешен-ингуш мәдени орталығы, «Облыстық корей этномәдени бірлестігі» ҚБ, облыстық «Туган тель» татар этномәдени орталығы, «Облыстық орыс орталығы», «Облыстық славян қозғалысы» ҚБ, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік өкілдігі) қатысты.

ҚХА қызметін ақпараттық қолдау

Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 253 мақала жарияланды, оның ішінде 2 – шетел, 21 республикалық,  97– облыстық, 133 - аудандық деңгейде. Телеарналарда 87 сюжет шықты, онын ішінде республикалық  - 15, «Жетісу» телеарнасында - 72, оның 41 - қазақ тілінде, 46 - орыс тілінде.

Интернет ресурстарда - 265 жарияланым, оның ішінде 71 - республикалық, 112 - облыстық және 82 – аудандық деңгейде. Республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтында - 41, өңірде - 52, әлеуметтік желілерде – Facebook – 286, Instagram парақшасында – 285 жарияланым шықты.

Этносаралық қатынастар саласын әлеуметтік зерттеу

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының және 2022-08-25 жж. ашық конкурста мемлекеттік сатып алудың қорытындысы негізінде «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен «NewGroup.kz» ЖШС №7676718-ОК2 шарт жасап, ағымдағы жылдың ІІІ және IV тоқсандарында Алматы және Жетісу облыстарындағы этносаралық жағдайдың Бірыңғай әлеуметтік мониторингін жүргізді.

2022 жылдың ІІ жартыжылдығында «Алматы облысы мен Жетісу облысындағы этносаралық жағдайдың бірыңғай социологиялық мониторингі» социологиялық зерттеуін жүргізуге қаржыландыру көлемі 3 555 555 теңгені құрады.

2022 жылдың ІІІ-тоқсанында Алматы облысы мен Жетісу өңірінде жүргізілген социологиялық сауалнама әртүрлі этностардың тұрғындарынан 1500 респондентті қамтыды. Сондай-ақ, социологиялық зерттеуге «қандастармен» сұхбат енгізілді.

2022 жылдың ІІІ тоқсанында жүргізілген социологиялық зерттеуде жаппай бетпе-бет сауалнама – 500 респондент; OpenSmartconnection (Халық ANC жұмысынан хабардар) – 500 респондент қамтылды. Этникалық топтар арасында жаппай квота бойынша сауалнамасы – 300 респондент. 200 респондент арасында қандастармен тереңдетілген сұхбат жүргізілді. Жалпы іріктеу көлемі 1500 респондентті құрады.

Барлығы зерттеуге 18 бен 29 жас аралығындағы ерлердің 49,8% және әйелдердің 50,1% , 30-дан 45 жасқа дейін 34,0%, 46 мен 55 жас аралығында 16,0%, 56 жастан 65 жасқа дейін 11,7%, 65 жаста және одан үлкендер 4,0% респонденттер. Респонденттердің отбасылық жағдайлары бойынша келесідей бөлінді: респонденттердің басым бөлігі некеде (61,7%), ешқашан үйленбегендер 26,9%, ажырасқандар 7,2%, тіркелмеген 3,2% және 1,1% жесірлер.

Ұлттық ерекшеліктері бойынша зерттеуге 76,4% – қазақтар, орыстар – 7,7%, түріктер – 4,4%, күрдтер – 2,5%, әзірбайжандар – 2,5%, корейлер – 1,9%, ұйғырлар – 1,6%, шешендер – 1,3%, татарлар – 0,8%, украиндар – 0,6%, өзбектер – 0,3% қатысты.

2022 жылдың 3-тоқсанындағы социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша облыс тұрғындарының өңірдегі түрлі этностар арасындағы қарым-қатынастар жағдайына берген бағасы «тыныштық» деп бағаланып, төрттен бір бөлігінен астамы «қолайлы» деп бағалады, бірақ елдегі инфляцияға байланысты жағдайдың нашарлауы байқалады. Сондай-ақ, әр түрлі этнос өкілдері арасындағы қарым-қатынас соңғы жарты жылда біршама жақсарып, тыныштық сақталды, этносаралық қатынастардың нашарлау қаупін ең аз деп санауға болады. Дегенмен, облыс тұрғындарының кейбір аудандардағы қалада/ауылда тұратын басқа этнос өкілдеріне деген көзқарасына назар аударған жөн. Осы орайда өңірдегі этносаралық қарым-қатынасты нығайту жұмыстарын жалғастыру қажет.

Этникалық топтар арасында мемлекеттің этносаралық қатынастар саласындағы күш-жігері «ойланған және теңгерілген саясат, Қазақстанда тұратын барлық этностардың құқықтары мен мүдделері ескерілген» деп бағаланды, орыстар 70,5%, «Күш-жігерлер көбінесе ресми және декларативті» орыстар 69,2%, «саясат мүлдем теңгерілмеген, этникалық фактор еленбейді» - түріктер 8,6%, шешендер жауап беруге қиналады.

Қорытындылай келе, жалпы облыс тұрғындары мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі қызметінің тиімділігіне оң баға береді, жергілікті органдардың (әкімдіктердің) жұмысы «неғұрлым тиімді» 50,8%, Қазақстан халқы Ассамблеясы 47,4%, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 45,1%, «Қоғамдық келісім» 44,6%, медиация орталықтары 44,3%; Бұқаралық ақпарат құралдарының (телеарналар, баспа және интернет-басылымдар және т.б.) «нәтижесіз» жұмысы 7,3% және медиация орталығының 7,4%.

«Мемлекеттің этносаралық қарым-қатынас саласындағы күш-жігерін қалай бағалайсыз?» деген сауалға облыс тұрғындарының жартысынан көбі 59,0%-ы «саясат ойластырылған және теңгерілген, Қазақстанда тұратын барлық этностардың құқықтары мен мүдделері ескерілген», тағы 25,3%-ы күш-жігер көбіне ресми және декларативті, 3,9% саясат толығымен теңгерілмеген,  этникалық фактор еленбейді деп санайды, 11,7 % жауап беруге қиналады.

Сонымен, респонденттердің басым бөлігі түрлі этнос өкілдері арасында қалыптасқан, қарым-қатынастары тыныш, 2022 жылдың қараша айының басындағы жағдай бойынша өңірдегі этносаралық жағдай - тұрақты.

Алынған мәліметтерге сәйкес, облыстағы ахуал жалпы тұрақты деген қорытынды жасауға толық негіз бар.

Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты "Қоғамдық келісім" КММ-де әр-түрлі этнос өкілдерін және атамекеніне оралған қандастардықазақстандық ортаға бейімдеу мақсатында, арнайы "Қандастармәселесі" бөлімі ашылып, көші-қон қызметінің ардагері, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Құрметбек Сансызбайұлы басшылыққа тағайындалып, жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Басқарманың жұмыс тобы  2022 жылдың қараша айының 07-09 күндері  Қаратал, Ескелді, Көксу, Кербұлақ аудандары, Текелі қаласы,23-26  күндері аралығында Панфилов аудандарын  жұмыс сапарымен аралап, қандастар шоғырланып тұратын ауылдарға барып, кездесулер өткізіп, құжаттама, қандас мәртебесін, азаматтық  алуға байланысты  әкімдіктермен, аудандық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, іс жүзінде  және әдістемелік көмектер көрсетті.

Панфилов ауданы әкімдігінің ғимаратында қандастардың қоғамдық пікір көшбасшылары, ҚХА құрылымдарының мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, жігіт басшылармен арнайы жиын өткізіліп, жалпыұлттық бірлік пен өскелең ұрпақты отансүгіштікке тәрибиелеу жолдары, атқарылатын ауқымды шаралар талқыланды.

IV тоқсандағы діни ахуалы

 

Жетісу облысы аумағында діни ахуал тұрақты әрі болжамды. Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыруда өңірде барлық жауапты органдар мен басқармалар жұмыла қызмет атқаруда.

Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы:

Облысымызда 11 конфессияға тиесілі 251 діни бірлестіктермен филиалдары өз қызметін жүзеге асыруда. Діни ғимараттар саны 248-ді құрайды, оның ішінде  201- ислам мешіттері, Орыс -Православ шірекеуі -14, Рим- Католик -1, Протестанттық шіркеулер -30, Бахаи қауымдастығы -1, Ехоба Куәгерлері- 1.

Миссионерлер туралы:

Облыс аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсаты бар 8 шетел азаматы бар, олар: 6 - Корея, 2-Польша азаматтары(анықтама-3 протестанттық, 5 – католик діни сенімін насихаттайды).

Миссионерлер тарапынан ҚР заңдарын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Шетелде діни  білім алу бойынша:

Облыс бойынша 8 студент шетелде теологиялық оқұ орындарында білім алуда, оның ішінде 5 рұқсат етілген, 3 күмәнді оқу орындарында білім алуда.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша:

Дін істері бөлімімен облыс аумағындағы мекемелері мен мектептерінде тиісті деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында ұлттық рух тағылымы және патриоттық тәрбие, экстремизм мен терроризмге жол бермеу, ғаламдағы деструктивті діни ақпараттардан абай болу тақырыптары қозғалды. Әлеуметтік желілерде жалпы 121 ақпарат жайғастырылды.

"OpenAir" форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп арнайы бүктемелер мен кітапшалар төменде көрсетілген тақырыптары бойынша таратылды: «Жастарды  жат ағымнан сақтайық», «Дәстүрлі құндылықтар мен рухани тәрбие сабақтастығы», «Терроризм – дінге жат ұғым», «Жалған діни ұғымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Тәкфіршілік – діни экстремизмнің  қауіпті түрі», «Дін-рухани мәдениет құбылысы», «Шет елде діни білім алудың қауіпі қандай?», «Жастар және дін: бүгіні мен болашағы», «Кибер терроризм»  тақырыбында «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары: теориясы мен тарихы, шетелдік және отандық тәжірибесі», «Адасқан ағымдар», «Дін саласындағы өзекті тақырыптарға арналған 20 сұрақ пен жауап», «Дәстүрлі құндылықтар және рухани тәрбие сабақтастығы, Дін, интернет, жастар атты тақырыпта, Жат ағымнан сақтану жолдары атты тақырыпта, Зайырлы мемлекет және дін атты тақырыпта шаралар өтті». Ағымдағы жылдың IV тоқсанында    86  іс-шара ұйымдастырылып   6842 адам қамтылған.

 

 

 

Дата публикации
11 января 2023