Алматы облысында «2022 жылы ҮЕҰ-ң жүзеге асырылған үздік әлеуметтік жобалары» Конкурстың ережесі

Конкурстың ережесі

Конкурстың мақсаттары:

- өңірлердің әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерін шешуде азаматтық бастамаларды қолдау;

- әлеуметтік сала ұйымдарының оң имиджін қалыптастыру, Алматы облысының және Жетісу облысы аумағында әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін арттыру

Конкурсты ұйымдастырушылары:

"Тамшыбұлақ" қоғамдық бірлестігі "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" ММ-ң мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша.

  1. Конкурсты өткізудің жалпы тәртібі

Конкурсқа саяси партияларды, кәсіптік одақтарды, діни бірлестіктерді қоспағанда, Алматы облысының және Жетісу облысы үкіметтік емес ұйымдары қатысады.

         Конкурс облыс өңірлерінде әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған және 2021-2022 жылы Алматы облысының және Жетісу облысы аумағында іске асырылған әлеуметтік жобаларды қарауды көздейді.

Байқау үш кезеңде өткізіледі:

1) Бірінші кезең - өтінімдер мен презентацияларды қабылдау, конкурстық комиссия мүшелерінің ұсынған өтінімдерін бағалау; Конкурстық өтінімдер мен қатысушылардың саны шектелмейді.

2) Екінші кезең-үздік бес жобаны іріктеу мақсатында конкурстық комиссияның өтінімдерді қарауы:

3) Үшінші кезең – үздік жобалардың авторларын салтанатты марапаттау.

  1. Конкурстық өтінімдерді беру тәртібі

Конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысанға (1-қосымша) сәйкес ресімделген өтінімді ұсыну, жоба ұсынунысандары (2-қосымша) қосымша қоса беру қажет.

Өтінімді Алматы облысы ҮЕҰ консалтингтік орталығының электрондық мекенжайына электрондық түрде ұсыну қажет: npo2021@mail.ru

Конкурстық талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Өтінімдер қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.

3.Конкурстық комиссияның жұмыс тәртібі

Конкурстық комиссия мемлекеттік қызметшілерден, ҮЕҰ өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен және т. б. тұрады.

Конкурстық комиссия мүшелері өз қызметін ерікті өтеусіз негізде жүзеге асырады.

Конкурстық комиссияның төрағасын конкурстық комиссияның мүшелері сайлайды.

Комиссияның шешімдері құрамның кемінде 2/3 кворумы болған кезде қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

Конкурстық комиссияның шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Қажет болған жағдайда конкурстық комиссия жобаның нәтижелерін салыстыру және растау үшін қосымша деректерді сұрата алады.

Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

  1. Жеңімпаздарды іріктеу критерийлері

Конкурсқа қатысуға жіберілген жобаларды конкурстық комиссия төмендегідей критерийлер бойынша 1 ден 5 ке дейінгі бағалау баллдарымен бағалайды:

1) жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

2) өзектілігі, әлеуметтік мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдері;

3) жобаның атаулылығы, нысаналы топтарды қамту;

4) жоба іс-шараларының қойылған міндеттерге сәйкестігі;

5) жобаның сандық нәтижелері (қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру, нысаналы топтарды тарту, ақпараттық жарықтандыру және т. б.)

Конкурсқа 2021-2022 жылдары Алматы облысының және Жетісу облысы аумағында іске асырылған әлеуметтік жобалар қатысады.

  1. Марапаттау рәсімі

Конкурстың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңге сомасын құрайды 5 номинация бойынша әрқайсысы 200 000 теңгеден. Номинациялар тақырыбы:

  1. Еріктілік пен қайырымдылықты дамыту;
  2. Мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс;
  3. Балалармен және жастармен жұмыс;
  4. Ауылдық жерлерде әлеуметтік мәселелерді шешу;
  5. Отбасылық-демографиялық (көпбалалы отбасылар және т.б.) және гендерлік саясат.

Марапаттау күні мен орны туралы ақпарат барлық қатысушыларға қосымша хабарланатын болады.

 

  1. Конкурсқа өтінім беру мерзімі

Өтінімдер 2022 жылғы 25 қазаннан 5 қарашаға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтінімдер есепке алынбайды.

Анықтама үшін тел.: 87071811179

Қосымша -1

 

Алматы облысының және Жетісу облысы ҮЕҰ үшін  "Үздік әлеуметтік жоба-2022" конкурсқа қатысуға өтінім

Ұйымның атауы

 

 

Ұйымның тіркелген күні

 

 

Ұйымның мекен-жайы

(пошта индексі, облыс, қала, көше, үй нөмірі)

 

 

Ұйым басшысы

 

 

Байланыс деректері:

(телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

 

 

Іске асырылған жобаның атауы

 

 

Сіздің жобаңыз қатысатын Номинация

 

 

Подпись, М.П.

 

 

Қосымша -2

«Алматы облысының және Жетісу облысы

ҮЕҰ үздік әлеуметтік жоба-2022"

конкурс шеңберінде жобаны таныстыру нысандары

Презентацияларды слайдтарда жіберуге болады немесе Word-та жіберуге болады (нұсқалардың біреуін таңдаңыз)

1) Егер жоба Power Point форматындағы слайдтарда ұсынылса, онда іске асырылған жоба туралы слайдтарда төмендегі тармақтарды көрсету қажет:

 Ұйымның атауы және эмблемасы;

 Ұйым басшысының Т. А. Ә, байланыс телефондары;

 Әлеуметтік жобаның атауы; Жобаның мақсаттары мен міндеттері

 Шешілетін мәселенің жалпы көрінісі;

 Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы;

 Жобаның қол жеткізілген нәтижелері;

 Жоба серіктестері;

Жобаның жалпы бюджеті және қаржыландыру көзі.

 Фотосуреттер, жарияланған материалдарға сілтемелер

2) Егер жоба Word вордовский нұсқасында ұсынылса, онда Сіз төмендегі кестені толтыруыңыз керек

Ұйымның атауы және эмблемасы

 

Ұйым басшысының Т. А. Ә, байланыс телефондары

 

Әлеуметтік жобаның атауы

 

Жобаның мақсаттары мен міндеттері

 

Шешілетін мәселенің жалпы көрінісі

 

Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы

 

Жобаның қол жеткізілген нәтижелері

 

Жоба серіктестері

 

Жобаның жалпы бюджеті

 

Қаржыландыру көзі

 

Фотосуреттер, жарияланған материалдарға сілтемелер

 

Дата публикации
25 октября 2022