«Бекітілді»
Жетісу облысының қоғамдық
даму басқармасы
басшысының м.а.
2022 жылғы " "
№2 н/қ бұйрығы
«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Коммуникациялар мен мониторинг орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1.1. «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Коммуникациялар мен мониторинг орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Жарнама туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Заңдарын басшылыққа алады, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулылары мен облыс әкімінің өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтарын, басқарманың Ережесі, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Бөлім туралы ереже, оның міндеттері, қызмет ауқымы мен құқықтары, қызметкерлер арасындағы атқаратын міндеттерді басқарма басшысы бекітеді.
1.3. Бөлімнің негізгі міндеті Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес, өз құзіретінің шеңберінде қоғамдық даму саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
1.4.Бөлімнің Ережесін, оның мақсаттарын, құқықтарын, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерін бөлуді басқарма басшысы бекітеді.
Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, бір бас маман кіреді, олар әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер болып табылады және оларды қызметке алу мен босату ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Бөлім басшысы:
3.1. Бөлім мемлекеттік органдардың аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарымен қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік органдардың қызметін жариялауға журналистердің кәсіптік ұйымдарымен қарым - қатынасын қамтамасыз етеді.
3.2. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру шеңберінде аймақ тұрғындарының әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру.
4.1. Бөлім мамандары қызметтік міндеттеріне байланысты заңнамалар мен нормативтік – құқықтық актілердің талаптарының сақталуын бақылауға алады.
4.2. Бөлімнің негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардан, басқа да ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар жинақтайды.
4.3. Ішкі саясат сұрақтары бойынша жиналыстар мен кеңестерге қатысады, ұсыныстар енгізеді.
4.4.Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен ақпараттандыруды қамтамасыз ету.
4.5. Өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде БАҚ мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындау жөніндегі қызметтерін әдістемелік қолдау және олардың қызметтерін үйлестіру, РК БАҚ заңнаманы сақтау жөніндегі қызметіне мониторинг жасау.
4.6. Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы жергілікті атқарушы олргандардың қызметтері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
4.7. Концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі актілер жобаларын дайындауға қатысу.
5.1. Бөлім функциялары мен міндеттерін іске асыру жолындағы жоспарларды орындайды және оны іске асырады.
5.2. Лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүктелген қызметтік міндеттерді орындайды.
5.3. Жоғары тұрған құрылымдарға жіберілген ақпараттың уақытында және сапалы дұрыс береді.
5.4. Берілген құқықтарды дұрыс және мезгілінде қолданады.
5.5. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды.
6.1. Бөлімді тарату және қайта құру басқарма басшысы жүзеге асырады.
6.2. Ережеге қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін және оны басқарма басшысы бекітеді.