Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыру, қаржылық жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

«Бекітілді»

                                                                                Жетісу облысының 

             қоғамдық  даму басқармасы

                                                                                 басшысының м.а.

            2022 жылғы «5» шілдедегі

           №2 н/қ бұйрығы    

                         

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыру, қаржылық жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

1.Жалпы ереже

 

  • Ұйымдастыру, қаржылық жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (бөлім) Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының (Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады..
  • Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Заңдарын, «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Заңдарын басшылыққа алады, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулылары мен облыс әкімінің өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтарын, басқарманың Ережесі, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Бөлім туралы ереже, оның міндеттері, қызмет ауқымы мен құқықтары, қызметкерлер арасындағы атқаратын міндеттерді басқарма бастығы бекітеді.
  • Бөлімнің негізгі міндеті Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес, өз құзіретінің шеңберінде қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

1.4.Бөлімнің Ережесін, оның мақсаттарын, құқықтарын, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерін бөлуді басқарма басшысы бекітеді.

 

2.Бөлімнің құрылымы және ұйымдастыру

 

Бөлім құрылымына: бөлім басшысы,  үш бас маман кіреді, олар мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылады, олардың тағайындалуы және лауазымнан босатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімінің басшысы:

- бөлім жұмысын және басшылықты ұйымдастырады;

-бөлім қызметкерлерінің шығармашылық және кәсіби жұмысына ықпал етеді;

- бөлімнің ұзақ мерзімді, ағымдағы жоспарларының орындалуын жүзеге асырады, оның орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

- бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.

 

  1. Бөлімнің негізгі функциялары

 

3.1 Ішкі саясат  саласында жоспарлауды ұйымдастыру.  Өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. 

3.2. Жергілікті атқарушы органдардың мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру.

 

 

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері

 

4.1. Басқарманың жылдық, тоқсандық жоспарларының әзірлейді және орындалуын қамтамасыз етеді, қадағалайды, басқарманың есептерін және ақпараттарды дайындайды.

4.2 «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру шеңберінде іс-шаралар жоспарын әзірлеп, орындалуын қамтамасыз етеді; 

4.3.  Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын,  тапсырмаларын іске асыру бойынша  «оқиғалар қатарын»,  желілік кестелер  әзірлеп, оның іске асырылуын  қамтамасыз етеді;

 

4.4. Облыс әкімінің, жоғары органдардың тапсырмаларын орындалуын үйлестіреді және бақылайды.

        4.5. Облыс мемлекеттік, ұлттық және басқа да мейрамдарға қатысты  қоғамдық-саяси маңызды іс-шараларды облыс, аудан, қалаларда  жоспарлануын, ұйымдастырылуын қадағалап, өткізілуін қамтамасыз етеді.

        4.6.  «Е-Otinish», «Е-қызмет» ақпараттық жүйелерін,  «Құжат айналымы»  бағдарламасын іске асырады.

        4.7. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын іске асырады.

4.8. ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бюджеттік кодексіне сәйкес бухгалтерлік есеп ілікті жүргізу, бюджеттің игерілуін орындау, қадағалайды.

4.9. Бөлім мамандары қызметтік міндеттеріне байланысты заңнамалар мен нормативтік–құқықтық актілердің талаптарының сақталуын бақылауға алады.

4.10. Бөлімнің негізгі  міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардан, басқа да ұйымдар мен  мекемелерден қажетті ақпараттар жинақтайды.

4.11. Ішкі саясат сұрақтары бойынша жиналыстарға қатысады, ұсыныстар енгізеді.

 

  1. Бөлім жауапкершілігі

 

5.1. Бөлім функциялары мен міндеттерін іске асыру жолындағы жоспарларды  орындайды және оны іске асырады

5.2.Лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүктелген  қызметтік міндеттерді орындайды

5.3. Жоғары  тұрған құрылымдарға жіберілген ақпараттың уақытында және сапалы дұрыс береді.

5.4.Берілген құқықтарды дұрыс және мезгілінде қолданады.

5.5. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды.

 

  1. Қорытынды ереже

 

6.1. Бөлімді тарату және қайта құру Басқарма басшысы жүзеге асырады.

6.2. Ережеге қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін және  оны Басқарма бастығы бекітеді.

Дата публикации
25 сентября 2022