«Бекітілді»
Жетісу облысының
қоғамдық даму басқармасы
басшысының м.а.
2022 жылғы «5» шілдедегі
№2 н/қ бұйрығы
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі - Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы
ЕРЕЖЕСІ
1.1. Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі - Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы - (бұдан әрі – бөлім) ішкі саясат басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы заңын, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Заңдарын басшылыққа алады, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, облыс әкімдігінің қаулылары мен облыс әкімінің өкімдерін, басқарма басшысының бұйрықтарын, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы туралы Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3.Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес бөлімнің басты міндеті аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
1.4.Бөлімнің Ережесін, оның мақсаттарын, құқықтарын, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерін бөлуді басқарма басшысы бекітеді.
Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, екі бас маман кіреді, олар әкімшілік қызметкерлер болып табылады және оларды қызметке алу мен босату ҚР заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Бөлім басшысы:
- бөлім жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастыру шараларын іске асырады, бөлім мамандарының кәсіби және шығармашылық деңгейін көтеруге жағдай туғызады.
- бөлімнің стратегиялық және күнделікті жұмыс жоспарларын жүзеге асырады және қадағалайды.
- бөлім мамандары өз құзіреті шеңберіндегі сұрақтарға байланысты жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынас ұйымдастырады.
3.1. Жетісу облысында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мен сақтау жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру.
3.2. Бөлімнің басты мақсаты – Басқарманың стратегиялық міндеттеріне сәйкес этникааралық қатынастар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
4.1. Бөлім мамандары қызметтік міндеттеріне байланысты заңнамалар мен нормативтік–құқықтық актілердің талаптарының сақталуын бақылауға алады.
4.2. Бөлімнің негізгі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардан, басқа да ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар жинақтайды.
4.3. Ішкі саясат сұрақтары бойынша жиналыстар мен кеңестерге қатысады, ұсыныстар енгізеді.
4.4. «Қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары: І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ғылыми-сараптамалық тобының, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубының, облыстық Аналар, Қоғамдық келісім кеңестерінің, медиация орталығының, өңірлік «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының штабының жұмыстарын үйлестіреді;
4.5. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық, әдістемелік және басқа да көмектер көрсетеді;
4.6 Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясаттың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету;
4.6. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтық қоғам институттарымен, этномәдени бірлестіктермен, өңір жұртшылығының өкілдерімен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
4.7. Жоғары ұйымдардан түскен тапсырыстарды уақытылы және сапалы орындау.
5.1. Бөлім функциялары мен міндеттерін іске асыру жолындағы жоспарларды орындайды және оны іске асырады;
5.2. Лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүктелген қызметтік міндеттерді орындайды;
5.3. Жоғары тұрған құрылымдарға жіберілген ақпараттың уақытында және сапалы дұрыс берілуін қадағалайды;
5.4. Берілген құқықтарды дұрыс және мезгілінде қолданады;
5.5. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды.
6.1. Бөлімді тарату және қайта құруды басқарма басшысы жүзеге асырады;
6.2. Ережеге қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін және оны басқарма басшысы бекітеді.