«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің дін істері бойынша бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

  1. «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің дін істері бойынша бөлімі облыс аумағында діни бірлестіктердің қызметін мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асырумен қамтамасыз етеді.
  2. Бөлім осы Ережеге сәйкес өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ««Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтары мен құқықтық актілерін дайындайды.
  3. Бөлім Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына, басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен заңнамалар талаптарына сәйкес және Басқарма тарапынан келесі міндеттерді жүзеге асырады.

 

  1. Бөлім құрылымы және ұйымдастыру шаралары

 

  1. Бөлім құрылымына – бөлім басшысы, екі бас маман кіреді, олар мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызметшілерді қызметке алу мен босату және жазалау шаралары Қазақстан Республикасының «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
  3. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес міндеттерін атқарады.
  4. Бөлім басшысы:

1) Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты.

2) Жылдық, тоқсандық, айлық жұмыс жоспарларын жасап бекітуге ұсынады, бөлім жұмысына басшылық жасайды ұйымдастыру шараларын іске асырады, бөлім мамандарының кәсіби және шығармашылық деңгейін көтеруге жағдай туғызады.

     3) бөлімге жүктелген тапсырмаларды ұйымдастырып, жүзеге асырады;

     4) Басқарманың Ережесіне сәйкес тиісті шараларды ұйымдастырады және

жүзеге асырады.

  1. Бөлім мамандары өз құзіреті шеңберіндегі сұрақтарға байланысты жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынаста болады, тиісті жұмыстарды ұйымдастырады.

 

  1. Бөлім міндеттері

 

Дін істері бойынша бөлімінің функциялары:

1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;  

2) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, жоғарыда  тұрған органдардан келген хат, хабар, тапсырмаларды, қаулы , шешімдерді орындауға бағытталған жұмыстарды қамтамасыз етеді; 

3) дін саласындағы заң бұзушылықтарды құқық қорғау органдарымен бірлесе сот орындарына  әкімшілік жаза қолдану үшін хаттамалар ұсынады.

4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды), ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгерту) бекітуге келіседі; 

5) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуден және қайта тіркеуден өткізу»

6) Діни бірлестіктерді құратын бастамашыл азаматтардың тізімдерін тексеру жүргізеді;

           7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты      үй-жайлардың орналастырылуына ұсыныстар енгізеді;

8) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша құжаттардың рәсімделуін қамтамасыз етеді;

9) жергілікті атқарушы органдарға діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қажетті әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

10) үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты ұйымдастыру, олардан шығармашылық есептерді қабылдайды;

11) басқарманы ақпараттық қолдау бойынша медиа жоспарларын әзірлеп, іске асыруды, аймақтағы діни ахуалды зерделеу және болжауға бағытталған әлеуметтік зерттеулерді жүргізеді, діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына қарсы және алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастырады;

12) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне  діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды дінтану сараптамасына жолдауды жүзеге асырады; 

               13) Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі  2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспар және Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекіту туралы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын және басқада республикалық, облыстық нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз етеді;

         14) Облыс аумағында құрылған діни бірлестіктердің,  ҚМДБ-ның филиалдарының (мешіттердің), діни оқу орындарының және миссионерлердің қызметін жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау жүргізеді;

         15)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

        16) Аумақтағы діни ахуал жайында апталық, айлық, тоқсандық есептер мен ақпараттық анықтамаларды дайындау, діни бірлестіктер, ғибадат объектілері жөніндегі ақпараттық дерекқорды толықтырулар, өзгерістер енгізу мен есепке алуды жүзеге асырады, миссионерлерді тіркеу, конфессиялық саясаттағы қауіптерді болжау және бейтараптандыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, діни бірлестіктер басшылығымен миссионерлік қызмет, діни материалдарды тарату, ғибадат ғимараттарынан тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

       17) «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын үйлестіреді, жоспарларға сәйкес бекітілген іс-шаралардың сапалы орындалуын қадағалайды.

       17) Облыс әкімінің және Басқарманың жоспарларына сәйкес жұмыстарды атқарады.

 

  1. Бөлім құқығы:

 

Дін істері бойынша  бөлімі  қызметтерін жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде: 

         1)мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

         2)діни бірлестіктерді құру және олардың қызметі, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге;

         3) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстарға қатысуға, өткізуге ат салысуға;

         4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да құқықтарды қолдануға құқылы.

         5)азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру саласындағы заң нормаларының сақталуын өз құзыреті шеңгінде қамтамасыз етуге;

         6)өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын жүргізуге;

         7) Қазақстан Республикасының заң актілерімен бекітілген құзыреттері аясында азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша басқа да міндеттерді орындауға.

         8) Бөлімнің бас маманы бөлім басшысы болмаған кезде бөлім басшысының қызметтік міндеттеріне қарасты жұмыстарды атқарады, бөлімнің бас маманы болмаған кездерде оның міндеттерін ауыстыра  жүргізіп  отырады.

 

  1. Бөлім жауапкершілігі

 

        1)Бөлім функциялары мен міндеттерін іске асыру жолындағы жоспарларды орындау және оны іске асыру;

        2)Лауазымдық нұсқауларға сәйкес жүктелген қызметтік міндеттерді орындау;

        3) Жоғары тұрған құрылымдарға, мемлекеттік мекемелерге белгіленген нысандарға сәйкес тиісті есептерді және мәліметтерді уақытылы берілуін қамтамасыз ету;

       4) Берілген құқықтарды дұрыс және мезгілінде қолдану;

       5) Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау.

       6) Басқарманың Ережесіне сәйкес басқа да құқықтары жүктеледі.

 

  1. Қорытынды ереже

 

  1. Бөлімді тарату және қайта құруды Басқарма басшысы жүзеге асырады.
  2. Ережеге қосымша толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі мүмкін және

оны Басқарма басшысы бекітеді.

Дата публикации
25 сентября 2022