«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Коммуникациялар мен мониторинг орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

                                                                            Жетісу облысы әкімдігінің                 

                                                                            2022 жылғы «__» __________

                                                                            № __ қаулысына №5 қосымша

 

 

«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Коммуникациялар мен мониторинг орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Коммуникациялар мен мониторинг орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің қызметі - коммуналдық.
  3. Мемлекеттік мекеме 2022 жылғы «___»_______________________ _______________________________________________қаулысымен құрылды.
  4. Мемлекеттік коммуналдық мекеменің құрылтайшысы Жетісу облысының әкімдігі болып табылады.
  5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.
  6. Орталықтың толық атауы - Жетiсу облысының қоғамдық даму  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Коммуникациялар мен мониторинг орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28, индекс 040000.

 

2 тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің
    заңды мәртебесі

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
  2. Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
  4. Орталық азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

 

3  тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 

  1. Орталық қызметінің мәні аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси процестерді, олардың даму тенденцияларын зерделеу және мониторингтеу болып табылады.
  2. Орталық қызметінің мақсаты өңірдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерделеу. Әлеуметтік, сараптамалық және басқа да зерттеулер жүргізу. Ғылыми-зерттеу институттарымен, орталықтармен, оқу орындарымен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, басқа да ұйымдармен, жеке тұлғалармен өзара байланыс орнату.
  3. Орталық мақсатына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

     1) әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси процестерді зерделеу, талдау және болжау, қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, ұйымдастырушылық, консалтингтік қызметтер көрсету;

     2) өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай мен әлеуметтік шиеленісті, оқыс оқиғаларға мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлықпен, құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселелерін бақылау;

     3) қоғамдық пікірді зерделеу бойынша әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да әртүрлі форматтағы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

    4) зерттеудің қазіргі заманғы алгоритмдерін, зерттелетін субъектілердің мониторингі мен экономикалық талдау әдістемесін пайдалана отырып, жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары бойынша талдамалық материалдар дайындау. Жергілікті атқарушы органдар мен басшылыққа ұтымды шешімдер қабылдау үшін, қорытынды мен ұсынымдар дайындау;

    5) әлеуметтік желілерге арналған сервистерді пайдалана отырып, әлеуметтік желілерде, БАҚ құралдарында, интернет-платформаларда мониторинг жүргізу, алынған деректерді талдау, есептер дайындау, деректердің графикалық нұсқасын ұсыну, олардың өзгеруін көрнекі көрсететін диаграммалар арқылы салыстыру, оң және теріс жарияланымдардың салыстырмалы көрінісін беру және т.б.

    6) бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жағымсыз жарияланымдарға ден қою, жергілікті атқарушы органдармен өзара жұмыстар жасау, алынған мәліметтерді талдау, қажетті есептерді қалыптастыру, деректерді графикалық түрде көрсету және т.б.

    7) халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, комплаенс қызметін ұйымдастыру бойынша «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен өзара жұмыстар жүргізу;

    8) өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптарын енгізу, орталықтың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ орталық қызметкерлеріне жұмыс үшін жағдайлар жасау;

    9) ақпараттық-сараптамалық, мониторингтік, қоғамдық-саяси және әлеуметтік жұмыстардың жүйелік сапасын және практикалық бағытын арттыру;

   10) жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік көмек көрсету;

   11) оқыту семинарларын, тренингтер, практикалық сабақтар әзірлеу және ұйымдастыру;

   12) орталық қызметінің негізгі бағыттары бойынша сараптамалық пікірталастар, кездесулер, тыңдаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар және басқа да іс-шаралар өткізу;

   13) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен   білім беру, консультативтік, техникалық және ақпараттық қолдау көрсету;

   14) ұйымдардың жергiлiктi қоғамдастықтардың қызметiнiң даму жағдайын зерделеу, сараптау, диагностикалау және оларды одан әрi дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

   15) мемлекеттік органдар, қоғамдық, шетелдік ұйымдар ұйымдастыратын қоғамдық, саяси және бұқаралық іс-шараларға қатысу;

   16) ақпараттық-аналитикалық баспа және электронды басылымдарды, брошюраларды, буклеттер мен басқа да өнімдерді шығару;

   17)  өңірдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар туралы ресми аналитикалық ақпаратты дайындау және ұсыну;

   18) орталық пен оның бөлімшелері үшін материалдық-техникалық және әлеуметтік қызмет көрсету; ғимараттар мен үй-жайларды, іргелес аумақты тиісті жағдайда ұстау;

   19) облыстық маңызы бар аудан, қала баспасөз қызметтерін басқару, олардың жұмысы туралы есептерді дайындау, тоқсандық жоспар жасау, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде аудан, қала, ауылдық округтердегі саяси ахуалға мониторинг жүргізу;

    20) төтенше жағдай орын алған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

    21) аудан, қалалардың тиісті мемлекеттік мекемесіне ресми хат жолдау, қажет болған жағдайда алынған жауаптарды бұқаралық ақпарат құралдарына жолдау;

   22) күн сайын республикалық және жергілікті басылымдарға талдау жасайды, басылымдардағы маңызды материалдарды аудан, қала әкімінің қабылдау бөліміне және басқа да тиісті мекемелерге жолдайды, бұқаралық ақпарат құралдарындағы (газеттер мен журналдар, телеарналар, радио, ақпараттық агенттіктер) ақпараттарға мониторинг жүргізеді;

   23) қажетті ақпараттарды, журналистердің пресс-релиздерін екі тілде әзірлеу және мониторинг жүргізу;

   24) ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарларды әзірлеу;

   25) жүргізілген зерттеулер негізінде талдамалық құжаттар мен ұсыныстар дайындау, талдамалық есептер мен анықтамалар жазу;

  26) қажет болған жағдайда әр түрлі бағыттар бойынша жергілікті атқарушы органдар үшін талдамалық және анықтамалық материалдар дайындау;

  27) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдармен, оның ішінде құқық қорғау және арнайы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, жеке тұлғалармен өтініштерді, хат алмасуды жүзеге асыру;

  28) жұмыс жоспарын, сметасын, атқарылған жұмыстардың актісін әзірлеу, тиісті мемлекеттік органдармен немесе басқа ұйымдармен келісу, іс-шара толық аяқталғанша бақылауды жүзеге асыру;

  29) орталық және оның бөлімдерінің материалдық-техникалық және әлеуметтік қызметтері:

  30) жақын аумақтың ғимараттары мен үй-жайларын тиісті жағдайда ұстау.

  31) ғимаратты және оған іргелес аумақтың жұмыстарын жүргізу мемлекеттік сатып алу веб порталында  жүзеге асырылады;

  32) функционалдық міндеттерін орындау мақсатында облыстың барлық мемлекеттік мекемелеріне кіруге рұқсат алу;

  33) мекеме басшысы облыс әкімдігінің, аудан, қала әкімдіктерінің шұғыл отырыстарына және жиналыстарына қатысуы;

  34) орталық базасында аудан, қала қоғамдық даму бөлімі қызметкерлерін және басқа да мүдделі құрылымдардың өкілдерін енгізе отырып, облыстық жұмыс топтарын құру;

  35) мемлекеттік органдарды, халықты және БАҚ өкілдерін тарту үшін орталық-әлеуметтік маңызы бар оқиғаларды, бағдарламалық құжаттарды және басқа да іс-шараларды талқылау мақсатында өңірлік алаң құруға бастамашылық ету;

   36) мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, мемлекеттік мекемелердің және бұқаралық ақпарат құралдарының бірыңғай коммуникация алаңын қалыптастыру;

37) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге қатысу;

38) ақпаратты тарату, мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста өкілдік ету, жұртшылықпен байланыс және кәсіподақтармен келіссөздер;

39) теле және радиобағдарламалар шығару, интернет ресурстардың қызметін қамтамасыз ету, өңірдің ақпараттық кеңістігінің қауіпсіздігін құру, өңірдегі аса маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми, талдамалық ақпарат дайындау және беру, сондай-ақ практикалық ұсынымдар әзірлей отырып, әлеуметтанулық, экономикалық, саяси және басқа да зерттеулер жүргізу;

40) бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстарда франчайзинг және «PR компаниялар» өткізу бойынша аналитикалық, ағартушылық, мәдени, имидждік, жарнамалық, консалтингтік қызметтер көрсету. Жетісу облысы мен оның салаларының жалпы мемлекеттік басқару жүйесінің оң имиджін қолдау үшін қажетті бейнематериалдарды дайындау;

41) ұзақ мерзімді және ағымдағы медиа-жоспарларды әзірлеуге қатысу;

42) әр түрлі салалар бойынша ақпараттық деректер базасын жинақтай отырып, елдегі және шетелдегі ақпараттық өрістің ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізуге жәрдемдесу;

43) тұрақты шолулар, анықтамалар мен есептер жасай отырып, келіп түсетін ақпаратты талдау; өңірдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми талдамалық ақпарат дайындау және ұсыну;

44) жиналған материалдар негізінде талдаулық және болжамдық құжаттарды, ақпараттық өрісті дамытудың сценарийлік жоспарларын дайындауға қатысу;

45) елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды және өзге де стратегиялық бастамаларды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде  баспасөз-мәслихаттары мен конференцияларын ұйымдастыру;

46) өзекті ақпараттық алаңдарды ұйымдастыру және еліміздің вайнерлерімен, блогерлерімен және влогерлерімен (вайн фест, блог және баспасөз турлары) ауқымды іс-шараларға қатысу;

47) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері бойынша апта сайынғы, ай сайынғы және жылдық кезеңдерге мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар мен материалдар әзірлеуге қатысу;

48) мемлекеттік органдар үшін әртүрлі ақпараттық оқиғалар бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар (топиктер) дайындауға жәрдемдесу;

49) мемлекеттік органдар үшін қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған ақпараттық іс-шаралардың оқиғалар қатарын дайындауға қатысу; бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;

50) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл саласында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін тренингтер, мастер-кластар, конференциялар, форумдар, workshop-тар, нетворкингтерді оқыту және өткізу;

51) анықтамалық және ақпараттық материалдарды мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерге аудару;

52) Жетісу облысының әкіміне тікелей бағынатын және есеп беретін жергілікті атқарушы органдар үшін медиа-сценарийлер мен ақпараттық хабарламалар әзірлеу.

  1. Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
  2. Мемлекеттік мекеменің қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органының не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен, немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін

 

4 тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару

 

  1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқарудың заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік мекемені жергілікті атқарушы орган, не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты жүзеге асырады.
  2. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
    • 1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
    • 2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
    • 3) коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
    • 4) коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
    • 5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
    • 6) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
    • 7) коммуналдық мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
    • 8) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
    • 9) жылдық қаржы есептілігін бекітеді;
    • 10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
    • 11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы органның немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық әкім аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
    • 12) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органы және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі) тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
  5. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  6. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті, еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
  7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенім хатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасайды;

4) сенім хаттар береді;

5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

5  тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі

 

  1. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген, смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен коммуналдық мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
  3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
  5. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты) жүзеге асырады..

 

  • тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

  • тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
    1. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты шешімі бойынша жүзеге асырылады, жәңе "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.

 

  • тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімі бойынша жүргізіледі.
  2. Мемлекеттік заңды тұлга, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
  3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
  4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы органның және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты жүзеге асырады.
  5. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты қайта бөледі.
  6. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін, қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

 

9 тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің

филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

Дата публикации
24 сентября 2022