«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

1..«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі - Басқарма) ішкі саясат саласында  басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2..Басқарманың ведомстволары жоқ.

3..Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің  актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4..Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5..Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6..Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7..Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8..Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9..Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Ж. Балапанов көшесі,            28-үй.

10..Мемлекеттік органның толық атауы – «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11..Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады. Басқарманың құрылтайшысы және уәкілетті органы Жетісу облысының әкімдігі болып табылады.

12..Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13..Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2..Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

  1. Мақсаттары

1) Өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, жастардың толыққанды тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға, шешімдер қабылдау процесіне қатысуға, табысты әлеуметтенуге және оның әлеуетін өңірдің одан әрі дамуына бағыттауға, Жетісу облысының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру.

2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

3) өңірде Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

4) қоғамдық даму саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және тиімді іске асыру;

6) өңірдегі қоғамдық даму процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен талдауды қамтамасыз ету;

7) азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады;

8) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

                9) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын іске асыруды мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

         10) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметін іске асыру саласында болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;

         11) конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни қызметке құқықтарын қамтамасыз етеді және күш қолдану идеологиясы мен терроризмді насихаттауға жол бермеу мақсатында діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

         11) терроризмнің қауіптілігін түсіндіру, қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыру.

         12) терроризм профилактикасында терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру;

  1. Өкілеттіктері:

1) Құқықтары:

белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

облыс әкіміне жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

Басқарманың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға құқылы;

ведомстволық бағынысты мекемелерді құру, олардың құқықтық мирасқоры ретінде болуы және олардың қызметін үйлестіру.қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруға қатысуға;

осы қызметке бұқаралық ақпарат құралдары, заңды тұлғалар, азаматтық қоғам институттары, діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуын ынталандыруға.

2) Міндеттері:

Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша ақпараттық қолдауды жүзеге асыру;

лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.

  1. Функциялар:

1) қоғамдық дамудың негізгі бағыттары, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие және жастар саясаты, Волонтерлік қызметті жаңғырту, тіл, ақпарат, мәдениет, гендерлік және отбасылық-демографиялық салаларда мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

2) қоғамдық саяси тұрақтылықты, өңірдегі халықтың жалпыұлттық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру;

3) Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік идеологиясын ілгерілету бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру және білім беру-тәрбие жұмысының деңгейін арттыру;

4) өңірдегі ірі қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;

5) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

6) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті талдауды және болжауды, әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

7) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

8) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу болып табылады;

9) әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

10) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-насихаттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету;

11) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі - БАҚ), ғылыми және шығармашылық қоғамдастықпен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

12) барлық тәуекелдер мен жаһанданудың сын-тегеуріндерін ескере отырып қазақстандықтардың рухани құндылықтарының жандандыру, сонымен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық жобаларын іске асыру және ілгерілету;

13) «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын танымал ету қағидаларының негізінде ұлттық сәйкестік пен Қазақстан халқының бірлігін сақтау және нығайту;

14) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі жанында әрекет ететін консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;

15) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне мониторинг ұйымдастыру, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;

16) өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін әдістемелік қолдау және үйлестіру, заңнаманы сақтау мәніне БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу;

17) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер өткізу және жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

18) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге, облыс әкімі актілерінің жобаларын дайындауға және сараптауға қатысу;

19) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихаттармен, облыс әкімінің аппаратымен өзара іс-қимыл жасау;

         20) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық дерекқорды қалыптастыру, жинақтау, қорыту және сыныптау;

         21) Жетісу облысындағы діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

         22) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;

         23) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізеді;

         24) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы қаулының жобасын әзірлеу және         Жетісу облысы әкімдігінің қарауына енгізу;

         25) Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген діни іс-шараларды қоспағанда, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаларды қарайды;

         26) Жетісу облысындағы діни ахуалды зерделеу, оған талдау жүргізу;

         27) Жетісу облысында жұмыс істеп тұрған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеуді және талдауды жүргізу;

          28)    ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы қаулының жобасына уәкілетті мемлекеттік органға келісімін береді;

          29) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

         30) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3.Басқарманың  бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

17..Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18..Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің келісуімен облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19..Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20..Басқарманың  бірінші басшысының өкілеттігі:

1).өз орынбасарларының және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2).Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

3).белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

4).белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;

5).өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6).Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

8).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

9).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;

10).бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысын үйлестіреді;

11).белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;

12).заңдылықтың, Басқарманың қызметіндегі шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

13).жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

14).Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21..Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

  1. Басқарманың мүлкi

22.Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

25.Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Дата публикации
05 июля 2022