GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Балалар ортасында қорқытудың, зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу
12 октября 2026
«Қазақстанда бала саудасына қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы тренинг

"Профилактика, мониторинг және әдістемелік сүйемелдеу бөліміннің" бас маманы Н.Талипова Winrock International ұйымы ұйымдастырған «Қазақстанда бала саудасына қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы 16 сағаттық (два күндік) оқыту тренингінен өтіп, сертификат иеленді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен өткен шара бала саудасының құрбандарын анықтау, оларға арнайы көмек көрсету, сондай-ақ балалардың мүддесі мен психологиялық жағдайын ескеретін кешенді тәсілдерді пысықтауға бағытталды. 

Балалар ортасында қорқытудың, зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу
12 октября 2026
Жүлделі ІІ орын!

🏆 Жүлделі ІІ орын!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті ұйымдастырған мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбындағы өңірлік пікірсайыс турнирінде Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының командасы 14 команданың арасынан ІІ орынға ие болды! 👏

Жеңісіміз құтты болсын! 🎉

Қорғаншылық және қамқоршылық
12 октября 2026
«Жетісу» радиосының эфирінде - Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері

2026 жылғы 8 қазанда «Жетісу» радиосының эфирінде Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Ғ.Алиева сұхбат берді.
Сұхбат барысында Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы өзекті мәселелер қозғалды.

Қорғаншылық және қамқоршылық
30 сентября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйекте облыстық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

2026 жылғы 30 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары Д. Есдәулетовтің төрағалығымен облыстық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шаралары туралы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін тиісті жағдайлар жасау бойынша мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік, медициналық және психологиялық қолдау көрсету мәселелері қаралды.

Орын алған оқыс оқиғалар бойынша ақпараттар тыңдалып, анықталған мәселелерді шешу және олардың алдын алу мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

 

Қорғаншылық және қамқоршылық
Балалар ортасында қорқытудың, зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу
14 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Қорғаншылық және қамқоршылық
Балалар ортасында қорқытудың, зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу
04 сентября 2026
2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті

2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Жаңа халықтың  конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту - білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында республикалық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті.

Аталған іс-шараға балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы           А.Құлтұрсынов, балалардың құқықтарын қорғау және психологиялық қолдау орталығының басшысы А.Суниятова, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы А.Оралбекова қатысты.

Мемлекет басшысы білім беру жүйесін одан әрі дамыту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мұғалімдердің қоғамдағы мәртебесін арттыру және цифрлық ортаның жас ұрпаққа ықпалын ескеру мәселелеріне ерекше назар аударды. Балалардың құқықтарының бұзылуын ерте кезеңде анықтау, қиын жағдайға тап болған балаларға уақтылы көмек көрсету және психологиялық қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық өңірінде балалардың құқықтарын қорғау басқармалары мен психологиялық қолдау орталықтарының құрылғанын  атап өтті.

Жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ цифрлық ортадағы теріс ықпалдардың алдын алуға бағытталған шараларды одан әрі күшейту, балаларды зиянды ақпараттан қорғауға қатысты қолданыстағы заңнаманы қайта қарау қажеттігін айтты. 

Жиын еліміздің жаңа Конституциясының күшіне енуі және Құрылтай сайлауының қорытындылары шығарылған маңызды саяси кезеңде өтті. Мемлекет басшысы 28 тамызда Құрылтайдың бірінші сессиясы шақырылатынын мәлімдеді. Аталған сессия елдің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызды мәселелерді талқылауға және алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтарды айқындауға бағытталмақ.

Қорғаншылық және қамқоршылық
05 августа 2026
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру нысандарын дамыту

Әрбір баланың сүйіспеншілікке, қамқорлыққа және қауіпсіздікке толы ортада өсіп-жетілуге құқығы бар. Өкінішке қарай, барлық балалар өз туған отбасында тәрбиелене бермейді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мемлекет оларды отбасына орналастырудың түрлі нысандарын қарастырған.  Бұл балалардың өз шаңырағын тауып, қолдау көріп, жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Баланы отбасында тәрбиелеу басымдыққа ие, өйткені отбасылық орта оның дене, эмоциялық және әлеуметтік дамуына әсер етеді.

Бүгінде Қазақстан Республикасында балаларды отбасына орналастырудың бірнеше нысаны бар.

Бала асырап алу – отбасына орналастырудың ең толыққанды нысаны. Бұл жағдайда бала отбасының толыққанды мүшесіне айналып, туған балалармен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болады. Бала асырап алушылар мен бала арасында биологиялық ата-ана мен баланың арасындағыдай заңды құқықтық қатынастар қалыптасады.

Қорғаншылық және қамқоршылық әртүрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға белгіленеді. Қорғаншылық 14 жасқа дейінгі балаларға, ал қамқоршылық 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге тағайындалады. Қорғаншы немесе қамқоршы баланың заңды өкілі болып табылады, оның тәрбиесіне, білім алуына қамқорлық жасап, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Патронаттық тәрбие – баланы қорғаншылық және қамқоршылық органы мен патронат тәрбиешісі арасында жасалған шарт негізінде отбасына тәрбиелеуге беру нысаны. Патронат тәрбиешілері балаға күтім жасап, тәрбиелеп, өмір сүруіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар отбасы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың сүйемелдеуімен қамтылады.

Қабылдаушы отбасы – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың бір нысаны. Бұл жағдайда бала оны тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген азаматтар мен қорғаншылық және қамқоршылық органы арасында жасалған шарт негізінде отбасында тәрбиеленеді.

Қабылдаушы отбасына әр баланың мүддесі, жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, бірге тұру және тәрбиелену үшін 4-тен 10 балаға дейін берілуі мүмкін.

Балалар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Республикалық деректер банкінде тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына орналастырылады.

Сонымен қатар, заңнамада бала қонақтайтын отбасы нысаны да көзделген. Бұл нысан баланың демалыс және мереке күндері, сондай-ақ каникул кезеңінде уақытша отбасында болуына мүмкіндік береді. Қонақтайтын отбасы баланың отбасылық өмір тәжірибесін қалыптастыруға, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ ересектердің назарын, қамқорлығы мен қолдауын сезінуіне жағдай жасайды.

Баланы қонақтайтын отбасына беру қорғаншылық және қамқоршылық органының, сондай-ақ бала тәрбиеленіп жатқан ұйым басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.

            Қонақтайтын отбасы балалардың мүдделері сақталып, олардың уақытша болуына қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген жағдайда бір мезгілде бірнеше баланы қабылдай алады. Қонақ отбасында тәрбиелеу кезінде баланы асырауға арналған ақшалай төлем және баланы қабылдаған адамдардың еңбегіне ақы төлеу көзделмейді.

Баланы орналастыру нысанын таңдау әрдайым оның мүддесін ескере отырып жүзеге асырылады. Басымдық балаларды туыстарының тәрбиесіне немесе олардың өмір сүруіне, тәрбиеленуіне және жан-жақты дамуына лайықты жағдай жасай алатын азаматтардың отбасына беруге беріледі. Егер баланы отбасына уақытша орналастыру мүмкін болмаса, оған отбасы табылғанға дейін ол мамандандырылған ұйымда тәрбиеленеді.

Балаға отбасылық жылулық сыйлауды таңдаған әрбір ересек оның жарқын болашағына баға жетпес үлес қосады. Қамқорлық, мейірім мен сүйіспеншілік баланың тағдырын өзгертіп, оған ертеңгі күнге деген сенім сыйлап, бақытты әрі табысты азамат болып қалыптасуына мүмкіндік береді.

Отбасы - бірге өмір сүретін орын ғана емес. Ол - баланың өзін қажет, сүйікті әрі қорғалған сезінетін кеңістігі. Сондықтан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың отбасылық нысандарын дамыту қоғам мен мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді.

Қорғаншылық және қамқоршылық
Балалар ортасында қорқытудың, зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу
22 июля 2026
127 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕР БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

127 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕР БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық. 2025 жылы  конкурсқа қатысу үшін 113 мың өтініш қабылданған болатын.

Естеріңізге салсақ, биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі (60%) инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20% – педагогикалық мамандықтарға, 20% – басқа салаларға  еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып берілді.

Соңғы бірнеше жыл бойы ең сұранысқа ие білім беру бағыттары бойынша талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Өтініштердің көпшілігі «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар және мұғалімдер  арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтілуде.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері кіреді.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1261373?lang=kk

 

Қорғаншылық және қамқоршылық
Балалар ортасында қорқытудың, зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу
22 июля 2026
Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды

2026 жылғы 13-21 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (International Mathematical Olympiad, IMO) өтті. Әлемдегі ең беделді әрі ең көне зияткерлік білім жарыстарының біріне 117 мемлекеттен 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері:
• Тимур Мұрат - Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
• Әли Еркебұланұлы - Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Батырхан Бейганов - Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:
• Ерасыл Алтынбек - Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Марғұлан Шарел - Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
• Амирлан Аманжолов - Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:
• Асылбек Әбдіәшімұлы Исахов - Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті;
• Қанат Қайратұлы Сатылханов - халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Халықаралық математикалық олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең беделді әрі ең көне пәндік олимпиадалардың бірі. Қазақстан бұл білім додасына 1992 жылдан бері тұрақты қатысып келеді.

Осы уақыт ішінде ұлттық құрама олимпиадаға 34 рет қатысып, 16 алтын, 54 күміс және 86 қола медаль, сондай-ақ 30 Құрмет грамотасын иеленді. Бұл қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін, педагогтердің жүйелі еңбегін және Қазақстанның халықаралық олимпиадалық қозғалыстағы берік орнын тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1261409?lang=kk

 

Қорғаншылық және қамқоршылық
Балалар ортасында қорқытудың, зорлық-зомбылықтың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу
12 июня 2026
«Келешек мектептері»: оқушылар жазғы демалысын білім мен шығармашылыққа ұштастыруда

Еліміздегі «Келешек мектептері» жанындағы жазғы лагерьлерде балалардың демалысын мазмұнды ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда. Бағдарламалар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және заманауи дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Астана қаласындағы №101 Келешек мектебінде «Атамекен» этно-лагері жұмыс істеуде. Мұнда 300-ге жуық оқушы этно-патриоттық, ғылыми-технологиялық және шығармашылық бағыттағы іс-шараларға қатысуда.

Лагерь бағдарламасы аясында балалар ұлттық тарих пен мәдени мұраны танып-біліп, қазақ тілін интерактивті форматта меңгеруде. Сонымен қатар IT және дрондарды басқару негіздерімен танысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік сабақтарға қатысуда.

Күн сайынғы бағдарлама таңғы жаттығудан басталып, танымдық сабақтармен, шығармашылық жұмыстармен және түрлі квесттермен жалғасады.

Педагогтердің айтуынша, лагерь оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жаңа қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.

Дереккөзі: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Социальные сети
Меню подвал