- ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымды мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
- агроөнеркәсіп кешеніндегі реформаларды тереңдетуді, жетілдіруге, шаруашылық жүргізудің әртүрлі үлгілерін дамытуға қатысу;
- егін шаруашылығы саласындағы басымды бағыттарды анықтау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің озат технологияларын енгізуге ықпал ету;
- ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде алдыңғы қатарлы технологиялармен шетелдік озық тәжірибені енгізуге ықпал ету;
- ауыл шаруашылығы жұмыстарын өткізуде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
- астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
- бекітілген кестеге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы айқындауды жүзеге асыру;