Ақпарат
2023 жылғы 1 тоқсанда Жетісу облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы
Басқарма өз құзыреті шегінде "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
2023 жылдың бірінші тоқсанында Басқарма 3 мемлекеттік қызмет көрсетті:
- Пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді сатуға, пестицидтерді аэрозольді және фумигациялық тәсілдермен қолдануға қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
- "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау";
- "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялау".
2023 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1919 құрады (оның ішінде заң.тұлға-197, жеке тұлға-1722).
- Пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді сатуға, пестицидтерді аэрозольді және фумигациялық тәсілдермен қолдануға қызметті жүзеге асыруға лицензия беру - 2 юр.тұлға;
- "Бірегей, элиталық тұқым өндірушілерді, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" - 4 (2 юр.тұлға, 2 жеке тұлға);
- "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялау" - 1913 (193 - юр. тұлға, 1720-жеке тұлға);