«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алуға өтінімдер қабылдау басталды

  Хабарландыру

Жетісу облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өсімдік шаруашылығы, өнімдерді қайта өңдеу, техника мен жабдықтарды лизингке алу, кооперативтерге, сондай-ақ ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыру бағыттары бойынша 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуға өтінімдер қабылдау басталды.

Өтінімдерді қабылдау «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2026 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде қарастырылады.

     Өтінімдер amanatnesie.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады.

     Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген азаматтарды құжаттарын тапсыруға шақырамыз.

     Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайда біле аласыз:

     Талдықорған қ., Абылай хан көшесі, 113,

     1 қабат, «Жетісу» ӘКК»ӨДИ» АҚ ғимараты.

       Байланыс телефоны 8 (7282) 32-97-20

Дата публикации
07 октября 2026