Су пайдаланушыларға үзіліссіз, уақытымен су беру, су шаруашылығы имараттарын (құрылғыларын) пайдалану мақсатында, су шаруашылығы коммуналдық кәсіпорындарын құруға ұсыныс енгізеді;
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су жеткiзу және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша көрсетiлетiн қызметтер құнын субсидиялау жөнiндегi iс-шараларды iске асырады; (Қазақстан Республикасының Су Кодексі 39-бап, 8 тармақ);
жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;(Қазақстан Республикасының Су Кодексі 39-бап, 12 тармақ);
Су шаруашылығы саласын дамытуға инвестиция тартып, оны оңтайлы пайдалануға ықпал етеді;
Су шаруашылығы коммуналдық кәсіпорындарының қызметін бақылайды.
- ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымды мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
- агроөнеркәсіп кешеніндегі реформаларды жетілдіруге, шаруашылық жүргізудің әртүрлі үлгілерін дамытуға қатысу;
- егін шаруашылығы саласындағы басымды бағыттарды анықтау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің озат технологияларын енгізуге ықпал ету;
- ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде алдыңғы қатарлы технологиялармен шетелдік озық тәжірибені енгізуге ықпал ету;
- нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы өнідірісі субъектілерінің жұмыс істеуіне қажетті экономикалық баға механизімін жетілдіру жөнінде жоғарғы органдардың жасаған бағдарламаларын жүзеге асыру;