
- облыстың әрбір аймақтарында азық-түлікпен қамтамасыз етуде азық-түлік өндірісін көбейту жөніндегі бағдарламаны жасап ұсыныстар енгізу және әрбір өндірістік потенциалды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне жағдай жасау;
- қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың перспективалық жоспарын жасауға қатысу;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында алдыңғы қатарлы технологиялармен шетелдік озық тәжірибені енгізуге ықпал ету;
- Өңдеу кәсіпорындарына инвестиция тарту көздерін қарастыру және инвестициялық жобалардың қаржыландырылуын бақылауда ұстау;
- Инвестициялық жобалардың есебін жүргізіп, осы жобалар бойынша мәлімет дайындап, республикалық, аймақтық индустриализациялау картасына енген жобаларды интернеттегі порталға кіргізу;
- Облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтардың, зауыттардың, комбинаттардың өндірген өнім көлемінің есебін әр тоқсан сайын жинақтап, сараптама жасау;
- Өңдеу кәсіпорындарының халықаралық стандарттардың талабына сай сапа сертификатын алуларына ықпал ету;
- Облыстың әр ауданында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің өткізу жолдарын қарастыру;
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша жасалынған меморандумдардың іске асырылуын қадағалау;