
1986 жылы 3 қаңтарда Алматы облысы, Талғар қаласында дүниеге келді.
2003-2008 жылдар «Қазақстан Инженер-экономикалық университеті» жоғары оқу орнын «Инженер» мамандығы бойынша аяқтады.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының «Ғылыми-педагогикалық» бағыты бойынша экономика ғылымдарының Магистрі дәрежесімен аяқтады.
Еңбек жолын «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ техникалық бақылау бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болып бастады.
Әр жылдарда «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ техникалық бақылау бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.
2022 жылдың қыркүйегінен «Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ техникалық бақылау және су шаруашылығы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.