«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
«Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Талдықорған қаласы, Көктем ш.а. 24 үй мекенжайында орналасқан, 8 (728) 241-30-85.
Кәсіпорын қызметінің мәні халық арасында театр өнерін, драматургияны, соның ішінде әлемдік әдебиеттің классикалық мұраларын және отандық драматургияның үздік шығармаларын насихаттау болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты концерт залдарында, клубтарда, мәдениет үйлері мен мектептердің актив залдарында спектакльдер қою, қызықты да тартымды репертуарлар жасауға драматургтерді, композиторлар мен өзге де өнер қайраткерлерін тарту, республика, облыс көлемінде халыққа мәдени қызмет көрсетуге және халықаралық, республикалық театрлар фестиваліне қатысу болып табылады.
2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша мәдениет ұйымдарында басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.3. Лауазымдық міндеттері:
Ұйымның шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық
қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді, қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді, жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды (спектакльдер), шығаруды ұйымдастырады, қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың (спектакльдер) жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді, Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, директор орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі, шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді, ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда театрдың мүддесіне өкілдік етеді, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
4. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын.
5. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;6) 075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде 2022 жылғы «6» қазаннан бастап 2022 жылғы «20» қазанға дейін жүргізіледі.6. Конкурстың өткізілетін күні мен орны:Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 75, офлайн форматында.Конкурс қатысушыларына әңгімелесу өткізу күні қосымша хабарланады.Құжаттар қолма-қол немесе пошта арқылы: Талдықорған қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 75, 111 кабинет мекенжайы және zhetisu.madeniet@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.Толық ақпаратты +7 (7282) 24-71-29 телефоны бойынша алуға болады.