Меню

Страницы

Статья

Архивтік қызметі

Облысымызда 11 мемлекеттік архив мекемесі бар (1 облыстық, 8 аудандық, 2 қалалық архив филиалдары). Архив мекемелерінде жалпы 2885 қор, 737 710 сақтау бірліктері сақталуда. Облыс  бойынша архивистердің штат саны 133 бірлікті құрайды.

Облыстық мемлекеттік архиві және оның Алакөл, Ақсу, Сарқан, Көксу, Текелі, Қаратал филиалдары жеке өзінің ғимараттарында орналасса, ал қалған 5 филиал жалға алынған ғимараттарда орналасқан  (Ескелді, Кербұлақ, Панфилов, Қаратал, Жеке құрам бойынша Талдықорған филиалы).  

Архив мекемелерінің атқаратын негізгі қызметі – құжаттарды жинақтау, есепке алу, олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету және ғылыми пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

Облыстық архивте және оның филиалдарында мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарды сканерлеп, «Электронды архив» ақпараттық жүйесіне салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жетісу облысының мемлекеттік архиві және оның  аудандық, қалалық 10  филиалы  «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»   мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғаларға ақысыз тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет қағаз жүзінде және электронды түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Е-gov» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы арқылы 11 жұмыс күн ішінде көрсетіледі.

«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі облыстық архивтер мен филиалдардың негізгі жұмысы болып табылады, регламентке сәйкес уакытында көрсетіледі, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Жыл сайын облыстық архив қызметкерлері «Жетісу» телеарнасының «Тұжырым», «Таңжарық», «Талқы заң», «19 аймақ» бағдарламаларында «Архивтік анықтамаларды беру» тақырыбында сұхбат беріп отырады.

Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалымен - Халыққа қызмет көрсету орталығына қызмет алуға келген азаматтарға «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік   қызметі www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатындығы туралы дөңгелек үстелдер мен  түсіндірме жұмыстары жыл сайын  өткізіледі.

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 октября 2022
Дата обновления
04 сентября 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Бағыттар
14 октября 2022
Өнер
Бағыттар
05 октября 2022
Мәдени мұра, кітапханалар мен музейлер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы