Өнер

Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қызметінің бағыттарының бірі өнер болып табылады, оған шығармашылық ұжымдардың, филармониялардың, облыс театрларының қызметі жатады.

Жетісу облысында мәдениет, архив мекемелерінің желісі 309 нысанды құрайды. Оның ішінде: 133 мәдениет үйлері мен клубтар, 148 кітапхана, 12 музей, 2 галерея, 10 архив, 4 облыстық мәдениет мекемелері бар.

Облыс бойынша 47 «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар мен 69 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстейдi. 

Мәдениет және архив саласындағы штат саны – 1922 құрайды.

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы.

1962 жылы Талдықорған қаласында Қалалық Мәдениет сарайы қолданысқа берілді.

1965 жылы ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 70 жыл толуына орай қалалық Мәдениет сарайына Ілияс Жансүгіровтің аты берілді.

2002 жылы Талдықорған қаласы Алматы облысы орталығы болуына орай қалалық І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайына Алматы облысы Әкімінің «І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы» қазыналық коммуналдық кәсіпорны статусы берілді.

Штат саны - 47 бірлік.

Мәдениет сарайы жанынан «Ардагер әжелер» ансамблі, «Жас таланттар» би ансамблі мен «Жетісу шеберлері» ансамблі құрылған.

Кәсіпорынның қызмет түрлері мәдениет саласындағы өндірістік- шаруашылық қызметті  дамыту болып табылады.

 

Мәдениет үйлері мен клубтар.

Бүгiнгi күнде Жетісу облысында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 133 мәдениет үйлерi мен клубтар бар. Олар: 1 облыстық Мәдениет сарайы, 2 қалалық мәдениет үйi, 8 аудандық мәдениет үйi, 90 ауылдық мәдениет үйлерi, 32 ауылдық, қалалық және зағиптар мен саңыраулар клубтары.

Жалпы 2022 жылдың 9 айлық есебі бойынша облыс көлемінде барлығы – 16 064 мәдени шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде ауылдық жерде 14 991 мәдени шаралар, оған қатысқан адам саны – 972 713.

Мәдениет үйлері мен клубтар қызметінің мәні облыста тұратын халықтардың рухани қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған мәдени құндылықтарды қайта жандандыру және кеңінен насихаттау болып табылады.

Мәдениет үйлері мен клубтар кәсіпорын қызметінің мақсаты мәдени құндылықтарды қайта жандандыру және кеңінен насихаттау болып табылады.

 

Театр

Талдықорған драма театры 1975 жылдың 4 қарашасында ашылды. Театрдың бірінші маусымы Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" қойылымынан басталған болатын. 2000 жылы өнер ордасына Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік премияның лауреаты Бикен Римованың есімі берілді.

2018 жылғы 30 қазанда театрдың жаңа ғимаратының ашылуы өтті. «BI-Group Industrial» ЖШС м ердігерлігімен салынған ғимараттың жер ауданы - 2,2 га, құрылыстың жалпы ауданы - 10,5 мың м². Көрермен сыйымдылығы - 510 орын.

Штат саны -144,5 бірлік. Оның ішінде: Әкімшілік-басқару персоналы – 13 қызметкер, көркемдік персонал – 11,5, шығармашылық құрам – 52,5, жарнаманы ұйымдастыру және көрермендермен жұмыс бөлімі – 7, техникалық құрам – 60,5 қызметкерді құрайды.

Репертуардағы қойылымдар саны 45 (17 драма, 7 тарихи-драма, 2 ертегі, 7 трагедия,1 мюзикл, 8 комедия, 2 реквием, 1 махаббатнама)

Кәсіпорын қызметінің мәні спектакльдер мен басқа да театрлық қойылымдарды жасау және көрсету арқылы мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; халық арасында театр өнерін, драматургияны, әсіресе дүниежүзілік әдебиеттің классикалық мұраларын кеңінен насихаттау және отандық драматургияның үздік туындыларын насихаттауға ерекше назар аудару болып табылады;

Кәсіпорын қызметінің мақсаты: халық арасында театр өнерін, драматургияны, дүниежүзілік әдебиет пен тарихтың мұрасын, отандық драматургияның үздік туындыларын кеңінен жариялау, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерімен айқындалған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу, жас ұрпақта жалпыадамзаттық қадір-қасиеттерді, жоғары адамгершілік нормалар мен негіздерді тәрбиелеу болып табылады.

Филармония

Алматы облысының бөлінуіне байланысты Жетісу облыстық филармониясы құрылды. Штат саны - 156 бірлікті құрайды (оның ішінде әкімшілік-шаруашылық қызметкерлер – 30, М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі – 57, Эстрадалық - үрмелі аспаптар оркестрі – 17,  солистер-17,  би ұжымы-21)

Кәсіпорын қызметінің мәні әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға жағдай жасау және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал ету үшін кешенді шараларды іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, көркемдігі жоғары бағдарламалар мен нөмірлер жасау үшін жағдайларды қамтамасыз ету, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

 

 

 

Искусство области Жетісу
Дата публикации
14 октября 2022