Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Архивтік қызметі

Облысымызда 11 мемлекеттік архив мекемесі бар (1 облыстық, 8 аудандық, 2 қалалық архив филиалдары). Архив мекемелерінде жалпы 2885 қор, 737 710 сақтау бірліктері сақталуда. Облыс  бойынша архивистердің штат саны 133 бірлікті құрайды.

Облыстық мемлекеттік архиві және оның Алакөл, Ақсу, Сарқан, Көксу, Текелі, Қаратал филиалдары жеке өзінің ғимараттарында орналасса, ал қалған 5 филиал жалға алынған ғимараттарда орналасқан  (Ескелді, Кербұлақ, Панфилов, Қаратал, Жеке құрам бойынша Талдықорған филиалы).  

Архив мекемелерінің атқаратын негізгі қызметі – құжаттарды жинақтау, есепке алу, олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету және ғылыми пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

Облыстық архивте және оның филиалдарында мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарды сканерлеп, «Электронды архив» ақпараттық жүйесіне салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жетісу облысының мемлекеттік архиві және оның  аудандық, қалалық 10  филиалы  «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»   мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғаларға ақысыз тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет қағаз жүзінде және электронды түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Е-gov» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы арқылы 11 жұмыс күн ішінде көрсетіледі.

«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі облыстық архивтер мен филиалдардың негізгі жұмысы болып табылады, регламентке сәйкес уакытында көрсетіледі, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Жыл сайын облыстық архив қызметкерлері «Жетісу» телеарнасының «Тұжырым», «Таңжарық», «Талқы заң», «19 аймақ» бағдарламаларында «Архивтік анықтамаларды беру» тақырыбында сұхбат беріп отырады.

Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалымен - Халыққа қызмет көрсету орталығына қызмет алуға келген азаматтарға «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік   қызметі www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатындығы туралы дөңгелек үстелдер мен  түсіндірме жұмыстары жыл сайын  өткізіледі.

 

 

 

 

 

Документы
Статистика
12 октября 2026
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
2026 жылғы 3 тоқсандағы архив саласы бойынша статистикалық деректер
Есеп
12 октября 2026
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
2026 жылғы 3 тоқсанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша есеп
Жоспар
02 сентября 2026
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2026 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларына арналған іс-шаралар жоспар-кестесі
Новости
Полезные материалы
Архивтік қызметі
Медиагалерея
0
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының инфографикасы
10
«Архив және болашақ ұрпақ» ашық есік күні
События
23 сентября
Архивке құжаттарды қабылдау тәртібі туралы өндірістік оқыту өтеді
21 сентября
Ашық есік күні
14 октября
Ведомстволық архивтердің паспорттарын толтыру бойынша өндірістік оқыту
Реализуемые проекты
"Архивтер сөйлейді" жобасы
Перейти
Жеке тектік қорлар ашу бойынша «Тарихи тұлғалар» жобасы
Перейти
Услуги
Организации
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
"Жетісу облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Архив істері және құжаттауды бақылау бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Архивтік анықтаманы, архивтік құжаттардың көшірмесін немесе архивтік үзінділерді қалай алуға болады?

Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрау салуларға жатады және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады. «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 ж. № 159 бұйрығы) құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады:

  • Электрондық үкімет «веб-порталы» арқылы;
  • «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы «коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО);
  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

Бұл ретте, қызмет көрсетушілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтері болып табылатынын білу керек. Құжаттарды басқармаларға емес, архивтерге жіберу керек.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы