Ескерткіштер
Жетісу облысының аумағында 1501 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Оның ішінде: 1 халықаралық маңызы бар, 6 республикалық маңызы бар, 690 мемлекеттік тізімдегі жергілікті маңызы бар ескерткіш, 45 сакралды нысан және 773 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізімінде.
Көксу ауданында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштеріне құжаттандыру жұмыстары жүргізілді.
75 қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің QR-коды жаңаланып, 30 археологиялық ескерткішке қорғау тақтайшалары орнатылды.
Кітапханалар
Жетісу облысының аумағында 150 кітапхана жұмыс істейді.
Кітапханалар желісі: облыстық – 1, орталық-қалалық – 6, аудандық – 8, орталық балалар – 8, ауылдық -127.
Облыс кітапханаларының стратегиялық басымдықтары:
Облыстық кітапхананы заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, халықтың ақпараттық-білім беру және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, ұлттық және өңірлік мәдени мұраны сақтайтын әрі қоғамдық-мәдени дамуға ықпал ететін заманауи кітапханалық-ақпараттық орталық ретінде дамыту.
Кітап қоры 2 млн 853 мың 361 (оның ішінде мемлекеттік тілде - 1 млн 224 мың 511) сақтау бірлігін құрайды.
Оқырмандар саны 175 513 адам, кітап берілімі – 3 431 639, келушілер саны – 1 736 059. Штат бірлігі – 414.
Бүгінгі таңда облыс кітапханаларында 29 коворкинг орталық, 128 клубтар мен үйірмелер, 142 «Парасат жолы» орталығы мен үйірмелер халыққа қызмет көрсетеді. Онда әдеби кештер, ойындар және жастарды оқуға деген сүйіспеншілікті арттыратын және сәндік қолданбалы өнерге үйрететін басқа да шаралар өткізіледі.
Облыс кітапханаларында жалпы 10825 шара өткізіліп, оған 570 051 адам қамтылды.
Музейлер ісі және Галерея
Жетісу облысында «Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» МКҚК (1974 жылы құрылған) және оның 12 филиалы, сондай-ақ, 2 галерея халыққа мәдени қызмет көрсетуде. тарихи-өлкетану, сәулет-көркемөнер, әдеби, мемориалды бағыттарға негізделген
Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі мен оның филиалдарының қорында 49 684 экспонат, галерея қорында 831 экспонат сақтаулы.
Жалпы облыс музейлерінде және галереяларда бүгінгі күнге 357 мәдени шара, 3694 экскурсия өткізіліп, 282 дәріс оқылып, 184 көрме ұйымдастырылды.
Музей ісінің негізгі бағыттары - тарихи-мәдени мұраны жинақтау, сақтау, зерттеу және көпшілікке таныстыру, музей қорларын толықтыру, ғылыми өңдеу, есепке алу және сақтау жұмыстарын жетілдіру, экспозициялық-көрмелік және мәдени-ағартушылық қызметті дамыту, музей заттарын цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу, ұлттық және өңірлік тарихи-мәдени құндылықтарды кеңінен насихаттау.
Галереяның негізгі мақсаты – бейнелеу және заманауи өнер туындыларын насихаттау, шығармашылық тұлғалардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, көрермендердің көркемдік-эстетикалық талғамын қалыптастыру, отандық және өңірлік суретшілердің шығармашылығын таныту, көрме жобаларын ұйымдастыру арқылы өңірдің мәдени-шығармашылық ортасын дамыту.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 149 «Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметті алу үшін Сіз "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгіне аласыз. www.egov.kz сондай-ақ, сіз тиісті мемлекеттік органдарға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгіне аласыз.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 111 "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметті алу үшін Сіз "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгіне аласыз. www.mks.gov.kz, www.elicense.kz сондай-ақ, сіз тиісті мемлекеттік органдарға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгіне аласыз.