Өнер
Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – өнер саласын дамыту және қолдау. Аталған бағыт аясында өңірдегі шығармашылық ұжымдардың, филармониялардың, театрлардың және өзге де өнер мекемелерінің қызметін үйлестіру, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және мәдени жобаларды жүзеге асыру жұмыстары қамтылады.
Өнер саласын дамытуға бағытталған іс-шаралар халықтың рухани-мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, ұлттық және өңірлік өнерді дәріптеуге, шығармашылық бастамаларды қолдауға, сондай-ақ кәсіби өнердің дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Жетісу облысында мәдениет, архив мекемелерінің желісі 320 нысанды құрайды. Оның ішінде: 140 мәдениет үйлері мен клубтар, 150 кітапхана, 13 музей, 2 галерея, 11 архив, Б.Римова атындағы академиялық драма театр, Д. Рақышев атындағы облыстық филармония, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық, халық шығармашылығы орталығы халыққа қызмет көрсетеді.
Облыс бойынша 61 «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар мен 885 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстейдi.
Мәдениет және архив саласындағы штат саны 2455 бірлікті құрайды.
Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы
1962 жылы Талдықорған қаласында Қалалық Мәдениет сарайы қолданысқа берілді.
1965 жылы ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 70 жыл толуына орай қалалық Мәдениет сарайына Ілияс Жансүгіровтің аты берілді.
Штат саны - 52 бірлік.
Мәдениет сарайы жанынан «Ардагер әжелер» ансамблі, «Жас таланттар» би ансамблі мен «Жетісу шеберлері» ансамблі құрылған.
Кәсіпорынның қызмет түрлері мәдениет саласындағы өндірістік- шаруашылық қызметті дамыту болып табылады.
Мәдениет үйлері мен клубтар.
Жетісу облысы бойынша мемлекеттік жүйедегі мәдениет үйлері мен клубтар саны – 140.
Оның ішінде мәдениет үйлер саны – 107 (облыстық - 1, аудандық - 8, қалалық - 2, ауылдық - 96), клубтар саны – 33 (қалалық - 5, ауылдық - 28).
Мәдениет үйлері мен клубтар қызметінің мәні облыста тұратын халықтардың рухани қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған мәдени құндылықтарды қайта жандандыру және кеңінен насихаттау болып табылады.
Мәдениет үйлері мен клубтардың негізгі мақсаты - халықтың мәдени демалысын ұйымдастыру, шығармашылық қабілетін дамыту және ұлттық мәдени құндылықтарды қайта жандандыру және кеңінен насихаттау болып табылады.
Театр
Талдықорған драма театры 1975 жылдың 4 қарашасында ашылды. Театрдың бірінші маусымы Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" қойылымынан басталған болатын. 2000 жылы өнер ордасына Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік премияның лауреаты Бикен Римованың есімі берілді.
2018 жылғы 30 қазанда театрдың жаңа ғимаратының ашылуы өтті. Ғимараттың жер ауданы - 2,2 га, құрылыстың жалпы ауданы - 10,5 мың м². Көрермен сыйымдылығы - 510 орын.
Штат саны -145 бірлік. Репертуардағы қойылымдар саны – 107
2025 жылы Б. Римова атындағы драма театрына Академиялық мәртебе берілді.
Б. Римова атындағы академиялық драма театрының мақсаты - театр өнері арқылы көрерменнің рухани-мәдени дамуына ықпал ету, адамгершілік құндылықтарды насихаттау және ұлттық мәдениетті дәріптеу.
Кәсіпорын қызметінің мәні спектакльдер мен басқа да театрлық қойылымдарды жасау және көрсету арқылы мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; халық арасында театр өнерін, драматургияны, әсіресе дүниежүзілік әдебиеттің классикалық мұраларын кеңінен насихаттау және отандық драматургияның үздік туындыларын насихаттауға ерекше назар аудару болып табылады.
Филармония
2022 жылы Жетісу облыстық филармониясы құрылды. 2023 жылы филармонияға Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтің аты берілді. Штат саны – 292,5 бірлікті құрайды.
Д. Рақышев атындағы филармония жанынан Эстрадалық-симфониялық оркестрі (2023 ж.) және Камералық хор (2026 ж.) жаңадан құрылды.
Кәсіпорын қызметінің мәні әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға жағдай жасау және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал ету үшін кешенді шараларды іске асыру болып табылады.
Негізгі мақсаты - музыкалық өнерді дамыту, халыққа кәсіби концерттік қызмет көрсету, ұлттық және әлемдік музыка мәдениетін насихаттау және өңірдің шығармашылық әлеуетін арттыру.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 93 Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көркемөнерпаздар ұжымының басшысы (бұдан әрі – ұжым басшысы) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жергілікті атқарушы органның кеңсесіне немесе "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elisence.kz (бұдан әрі – портал) арқылы береді.