Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) «Жетісу облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы). Түзету» (бұдан әрі – жоба) жобасы бойынша стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар түсті:
- Жоба бойынша түсіндірме жазба;
- Тірек жоспары, құрылыс салу эскизі, сондай-ақ ЕҚТА орналасу схемасы;
- Жоспарланатын қызметтің қоршаған ортаға әсер ету скринингі.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Урбостиль» ЖШС.
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: «Жетісу облысы әкімінің аппараты» ММ
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2025-2045 жж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2026 жылғы 2 сәуірден 2026 жылғы 17 сәуірге дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 17 сәуір).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8. Тел.: 8 (7172) 74-02-83, e-mail:
b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрлік Кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz
Сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭБ бойынша материалдар Экология министрлігінің сайтында орналастырылған («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).