Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Әсер ету скрингін қарау туралы

хабарландыру

 

 

         Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-б., 6-т.сәйкес стратегиялық экологиялық бағалауды (әрі қарай – СЭБ материалдары) жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне:

  • «Жетісу облысы Алакөл ауданы Бұлақты ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген даму және құрылыс салу схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы). Түзету.»
  • «Жетісу облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген даму және құрылыс салу схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы). Түзету.» құжаттарының әсеріне скринг жүргізу бойынша есептері келіп түсті.

 

Бос жобалаушы: «Қолдау» ЖШС.

Жобалаушы: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.

СЭБ материалдарына  тапсырыс беруші: «Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» ММ.

 

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

 

  • жобаларды жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және Сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жобалар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаларды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Құжаттың қолданылу кезеңі: 2045 ж.

 

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

 Ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша іс-шаралар мерзімі: 2025 жылдың 28 шілдесінен бастап, 11 тамызына дейін (ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні –2025 ж. 11 тамыз).

 

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі -  Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83

8 7076173174

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

 

СЭБ бойынша материалдар:

  • Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
  • Алакөл ауданы әкімдігінің сайтында жарияланған.

 

Түсіндірме жазба
Дата публикации
30 июля 2025