Әсер ету скринингін қарау туралы
хабарландыру
Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:
- Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспар жобасын стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту саласын айқындау. Түзету;
- Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарды әзірлеуге жалпы түсіндірме жазба. Түзету.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Табрис» ЖШС
СЭБ материалдарын тапсырыс беруші: «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: Алназарова м. с.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ете ала ма, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) СЭБ бойынша есепте жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Қандай ақпарат сізді қызықтырады және неге?
4) Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты сізде басқа да ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың жарамдылық мерзімі: 2040 жыл
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Ескертулер және ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2025 жылғы 30 маусымнан 14 шілдеге дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 14 шілде).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық саясат департаменті.
Тел. 8 (7172) 74-02-83, 74-08-90
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz; n_kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер және ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде
- Министрлік Кеңсесінің мекенжайы: k.kense@ecogeo.gov.kz жіберуге болады (сіздің құжаттарыңыз кеңседе телефон арқылы алынғанын міндетті түрде нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44).
- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz; n_kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
- «WhatsApp» нөмір 8 701-847-2853
СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:
Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).
Жетісу облысы әкімдігінің сайтында.