Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы 2025 жылғы І тоқсанда атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда Жетісу облысының елді мекендерінің бас жоспарлармен қамтамасыз етілуі 100% (358 елді мекен) құрайды және қажеттілігіне қарай түзетулер жүргізілуде. Облыс бойынша елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз етілу 16,8 % (60 елді мекен) құрайды.

2024 жылы Ақсу ауданы Жансүгіров, Сағабүйен - Сағакүрес ауылдары, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы, Қаратал ауданы Үштөбе қаласымен Кальпе ауылы, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының, Сарқан ауданы Сарқан қаласымен Лепсі ауылының, Балқаш көлінің жағалау аймағымен Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар тасжолының (410-467 км), Талдықорған қаласы әуежайының және Талдықорған қаласының қалақұрылыс құжаттамалары бойынша әзірлеу (түзету) жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта «Мемсараптама» РМК-да қала құрылысы сараптамасынан өтуде.

Басқарма 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша деректерді жинастыру жұмыстарын жүргізуде.

Тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмалары (СЖТ), келісілген эскиздік жобалар бойынша деректерді мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілуіне мониторинг тұрақты жүргізілуде.

Сондай-ақ, Басқарма «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын құру үшін (32-ші қадам) облыстың барлық елді мекенінің электрондық картасын әзірледі. Осы жұмыстардың құрамында облыстың барлық елді мекендерінің мекен-жайларын түгендеу бойынша жұмыстар орындалды (жергілікті жердегі барлық бастапқы жылжымайтын мүлік нысандарын аралау).

Бүгінгі күні I тоқсанның қорытындысы бойынша аудандық және қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен енгізілген деректерге мониторинг жүргізілуде.

Облыстың өзектендірілген электрондық картасының көшірмесі «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасын» жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіне тұрақты негізде жолданады.

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешім беру», «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру», «Оъектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне сәйкес уақытылы көрсетіледі.

2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында аудандық және қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» 696 мемлекеттік қызмет және «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу» 607 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2025 жылғы І тоқсанда атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
08 апреля 2025