
Қалақұрылысын игеру, дамыту, құрылыстандыру кезінде тұрғындардың тіршілік ету және өмір сүру ортасының толық құндылығын қалыптастыру, табиғи ресурстарды, елді мекен аумақтары мен ауыларалық аумақтарды тиімді пайдалану;
аумақтардың, елді мекендердің, тұрғын үй құрылысының, құрылыс кешені мен инфрақұрылымның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған қалақұрылыстық және басқа бағдарламаларды жүзеге асыру;
қалақұрылыстық кеңістікті қалыптастыру бойынша, аумақтың және облыс елді мекендерінің қызмет көрсету деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
тарихи және мәдени мұра ескерткіштерінің сақталуын сәулет және қалақұрылыстық құралдармен қамтамасыз ету;
әлеуметтік, өндірістік, инженерлік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымды дамыту;
облыстың құрылыс кешенін дамыту жөнінде мақсатты инвестициялық бағдарламалардың әзірленуі мен ендірілуіне бақылауды жүзеге асыру, салаға инвестиция тарту және олардың тиімді пайдалануы үшін ынталандыру шарттарын құру;
облыс аумағында инфрақұрылымның дамуын зерделеу, талдау, болжамдау және реттеу;
жобалау өнімінің ішкі нарығын қорғау, отандық жобалау өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын шарттарды қалыптастыру;
сәулет және қалақұрылыс қызметінде интеграциялық процесстерді тереңдету.
"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетеді.
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес келесі құжаттар қажет.
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қойылған өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы электронды анықтама-негіздеме;
3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін тұрғын үйлер болған жағдайда, келісетіні туралы электронды шешімінің көшірмесі.
«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес келесі құжаттар қажет.
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің (ғибадат үйінің) және ол тиесілі діни бірлестіктің атауы, қайта бейіндеу мақсаты, осы аумақта рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мұқтаж шіркеушілердің саны, ғибадат үйі (ғимараты) діни қызметшісінің кандидатурасы көрсетілген) басшысы қол қойған еркін нысандағы үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу туралы анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі;
3) үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге меншік иесінің келісімі туралы хаттың электрондық көшірмесі (жалға алынған үй-жай жағдайында ұсынылады);
4) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғимаратты (құрылысты) қайта бейіндеу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат ғимаратына немесе ғимаратына (егер шекаралардың арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) бейінделетін ғибадат үйінің (ғимаратының) аумағымен шектесетін тұрғын үйлер болған кезде ұсынылады) қайта бейіндеуге келісу туралы шешімінің электрондық көшірмесі.