GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
Алакөл ауданында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

Алакөл ауданында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

Алакөл ауданында 2026 жылғы 23 қазанда «Алакөл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде аппарат басшысы Дамир Сатыбалдиевтің төрағалығымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Жиынға бөлім басшылары, жауапты мамандар және жалпы бөлімнің басшысы қатысты.

Семинар-кеңесте азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қарау, белгіленген мерзімдерді сақтау, өтініштерге сапалы әрі негізді жауап беру және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мамандарға өтініштерді қарау барысында заң талаптарын қатаң сақтау, мерзімдердің бұзылуына жол бермеу және жұмыс сапасын арттыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі


Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі, 26 қазан күні жұмыс істемейді.

Бұл ретте, 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.

Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-лардың жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталатынын ескерген жөн.

27 қазаннан бастап ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ


Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

22 октября 2026
ЕКПІНДІ АУЫЛЫНЫҢ КІРЕБЕРІСІНЕ 500 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ЕКПІНДІ АУЫЛЫНЫҢ КІРЕБЕРІСІНЕ 500 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Алакөл ауданына қарасты Екпінді ауылында Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауыл кіреберісіне 500 түп ағаш көшеті отырғызылды.

Игі бастамаға Екпінді ауылының тумасы, профессор, академик Мұхтар Қасенұлы Байбатшанов ұйытқы болды.

Шараның мақсаты – туған жердің көркін арттыру, қоршаған ортаны қорғау және ауыл аумағын жасыл желекке бөлеу.

Туған жердің гүлденуіне үлес қосқан жерлесімізге және игі іске атсалысқан барша азаматқа алғыс білдіреміз!

Бүгін егілген әрбір көшет – ертеңгі жасыл ауылдың кепілі. Туған жерді түлету – баршамызға ортақ міндет!

#АлакөлАуданы #ЕкпіндіАуылы #ТазаҚазақстан #РеспубликаКүні

ТЖ профилактикасы
22 октября 2026
АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН 37 ПУНКТ БЕЛГІЛЕНГЕН

АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН 37 ПУНКТ БЕЛГІЛЕНГЕН

Алакөл ауданында жер сілкінісі және өзге де төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарды қауіпсіз жерге орналастыруға арналған 37 қабылдау пункті белгіленген.

Пункттер Үшарал қаласы мен ауылдық елді мекендердегі білім беру ұйымдарында орналасқан. Тұрғындарға өзіне жақын пункттің мекенжайын алдын ала біліп, қауіпсіздік ережелерін есте ұстау ұсынылады.

Үшарал қаласы:

1. Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясы — Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 2.
2. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп — Садык Құсайын көшесі, 79.
3. Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп — Жеңіс көшесі, 77.
4. Мұхаметбай Мыңбайұлы атындағы орта мектеп — Жеңіс көшесі, 183.
5. Абай атындағы қазақ орта мектебі — Жеңіс көшесі, 125.
6. Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп — Жалбы би көшесі, 23А.

Ауылдық елді мекендер:

7. Қабанбай батыр атындағы орта мектеп — Қазақстан ауылы, І. Жансүгіров көшесі, 13.
8. Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп — Бескөл стансасы, Әсет Бейсеуов көшесі, 3.
9. Бұлақты орта мектебі — Бұлақты ауылы, Жамбыл көшесі, 15.
10. Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп — Бескөл стансасы, Мұстафа Шоқай көшесі, 1.
11. Ақтүбек орта мектебі — Ақтүбек ауылы, Ысқақов Тастанбек көшесі, 44.
12. Ынталы орта мектебі — Ынталы ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 22.
13. Қайнар орта мектебі — Қайнар ауылы, Қабанбай көшесі, 3.
14. М. Төлебаев атындағы орта мектеп — Жайпақ ауылы, Ы. Әлібаев көшесі, 37.
15. Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп — Ақши ауылы, С. Сейфуллин көшесі, 40А.
16. Алакөл орта мектебі — Қамысқала ауылы, Ибрайхан Қилыбаев көшесі, 20А.
17. Көктұма қазақ орта мектебі — Көктұма ауылы, Г. Безродных көшесі, 32.
18. Жанама қазақ орта мектебі — Жанама ауылы, Ақбаев Қапсамет көшесі, 7.
19. Қарабұлақ орта мектебі — Қарабұлақ ауылы, М. Мәметова көшесі, 17А.
20. Еңбекші орта мектебі — Еңбекші ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, 1.
21. Арқарлы орта мектебі — Арқарлы ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 1.
22. Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп — Балапанов ауылы, С. Оразбеков көшесі, 1А.
23. Омар Молдағожин атындағы орта мектеп — Қабанбай ауылы, Г. Мұратбаев көшесі, 1А.
24. Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп — Қабанбай ауылы, Ғакиф Хусаинов көшесі, 98.
25. Мәлғеждар Әубәкіров атындағы орта мектеп — Қабанбай ауылы, Абылай хан көшесі, 269.
26. Ә. Әлімжанов атындағы орта мектеп — Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі, 55.
27. Лепсі орта мектебі — Кішіқайың ауылы, Төлеген Абдолдинов көшесі, 6.
28. Безродных атындағы орта мектеп — Лепсі ауылы, Ораз Жандосов көшесі, 25.
29. Ақжар орта мектебі — Үшбұлақ ауылы, Жансеитов Бақіжан көшесі, 37.
30. Теректі орта мектебі — Ақжар ауылы, Шәмші Қалдаяқов көшесі, 80.
31. Жыланды мамандандырылған интернаты — Жыланды ауылы, Н. Қазанқапов көшесі, 65.
32. Сапақ орта мектебі — Сапақ ауылы, Абай көшесі, 62.
33. Тоқжайлау орта мектебі — Тоқжайлау ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 150А.
34. Көлбай орта мектебі — Көлбай ауылы, Құрманов көшесі, 38.
35. Қоңыр орта мектебі — Қоңыр ауылы, Бейбітшілік көшесі, 79А.
36. Қызылқайың орта мектебі — Қызылқайың ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, 29.
37. Қызылащы орта мектебі — Қызылащы ауылдық округі.

Төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, ресми ақпаратқа сүйеніңіз. Қауіпсіздік ережелерін алдын ала білу — әр адамның жауапкершілігі.

#АлакөлАуданы #Қауіпсіздік #ТөтеншеЖағдай

Әлеуметтік қамсыздандыру
21 октября 2026
Үздік дипломмен бітірген жас түлектерге мемлекеттік қызметте бос лауазымдар қолжетімді

2026 жылғы 7 қазаннан бастап жоғары оқу орнын үздік аяқтаған, яғни GPA көрсеткіші 3.33 және жоғары түлектер eqyzmet.gov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтегі төменгі бос лауазымдармен танысып, өтінім бере алады.

🔎 Инфографикамен танысып, eQyzmet порталындағы "Түлектерге арналған бос лауазымдар" бөлімінің мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.

☎️ Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментке хабарласуға болады: +7(7282)240688, +77073010071.

@elgeqyzmet.gov.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті

20 октября 2026
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді

Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді
Жетісу облысының тұрғындары арасында Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімделген дайын құжаттарды үйге немесе көрсетілген мекенжайларға жеткізу қызметі танымал бола бастады.
Бүгінде дайын құжаттарды жеткізу сервисі 18 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді және бұл тізім кезең-кезеңімен кеңейтілуде. Олардың қатарында жылжымайтын мүлікті тіркеу, жер учаскелеріне актілер, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағаттық анықтамалар және әскери билет телнұсқалары бар. Жетісу облысы бойынша жеткізу құны 1 036 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Мамандандырылған ХҚКО желісі бойынша жүргізуші куәліктерін, техпаспорттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірлерін де үйге алдыртуға болады.
Мамандандырылған ХҚКО қызметтерінің тарифі бөлек есептеледі.
«Біздің мақсатымыз — халық үшін қолайлы жағдай жасау. Маңызды құжатты алу үшін азаматтарға енді жұмыстан сұранудың немесе жолға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ – олар құжатты Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ала алады», — деп атап өтті филиал директоры Абзал Омаров.
Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне 1414 қызметінен арнайы сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді. Сілтеме арқылы өтінімді толтырып, жеткізу мекенжайын көрсету қажет. Егер тапсырыс сағат 17:00-ге дейін жасалса – сол күні, ал 17:00-ден кейін жасалса – келесі жұмыс күні жеткізіледі. Жеткізу мәртебесін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.
Жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында курьер дайын құжатты жеткізу кезінде алушының жеке басын куәландыратын құжатын тексереді және 1414 нөмірінен алынған бірегей SMS-кодты сұрайды.

19 октября 2026
Жеңіс құтты болсын, Алакөл! 

Жеңіс құтты болсын, Алакөл! 

Жетісу облысы, Алакөл ауданының командасын шағын футболдан өткен турнирде чемпион атануларымен шын жүректен құттықтаймыз! 🥇

Бұл жеңіс – бірліктің, табандылықтың, командалық рух пен жігіттік жігердің жемісі. Алакөлдің абыройын асқақтатқан азаматтарға алғыс айтып, алдағы жарыстарда толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!

Турнирде жеңіске үлес қосқан азаматтық қорғау қызметкерлері:

 Үшарал қаласынан:

▪️ Қуаныш Ануарбеков – азаматтық қорғау аға сержанты, өрт сөндіруші;

▪️ Жарас Тайкенов – азаматтық қорғау аға сержанты, жүргізуші;

▪️ Самат Жанабаев – азаматтық қорғау аға сержанты, жүргізуші;

▪️ Ақболат Махмұт – азаматтық қорғау аға лейтенанты, №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары;

▪️ Елжас Кудеров – азаматтық қорғау старшинасы, бөлімше командирі;

▪️ Дархан Әбдешов – азаматтық қорғау сержанты, бөлімше командирі;

▪️ Төлеген Салуатов – азаматтық қорғау лейтенанты, қарауыл бастығы;

▪️ Қуаныш Төлеубаев – азаматтық қорғау кіші сержанты, өрт сөндіруші.

№10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері:

▪️ Асыл Омар – азаматтық қорғау аға лейтенанты, қарауыл бастығы;

▪️ Әділ Нұрмұхаметов – азаматтық қорғау капитаны, бөлім бастығы;

▪️ Талғат Тілеуберді – азаматтық қорғау майоры, қарауыл бастығы.

Жеңіс жолында күш-жігерін біріктірген жігіттерге алғыс білдіреміз! Алакөлдің атын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! 

19 октября 2026
Алакөл ауданында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

Алакөл ауданында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Алакөл ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Бұған дейін де аудан аумағында ағаштар мен түрлі сәндік өсімдіктер отырғызылып, елді мекендердің көркін жақсартуға көңіл бөлінген. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Кезекті көгалдандыру шарасы аясында Үшарал қаласындағы «Астана» саябағының маңына 20 түп бөртегүл отырғызылды.

Мұндай бастамалар қоршаған ортаны көркейтуге, жасыл желек көлемін арттыруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

13 октября 2026
Талдықорғанда 2,8 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

Талдықорғанда 2,8 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

Талдықорғанда 2026 жылдың тоғыз айында 2803 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды. Олардың жартысына жуығы тұрақты, ал қалғандары мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасты. Қазіргі уақытта қалада 319 бос жұмыс орны бар, ал жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 4 мыңға жуық.
Бүгінде азаматтарды еңбекке тарту бағытында бірқатар мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, қоғамдық жұмыстарға тартылғандар саны 834 адамға жетті. «Күміс жас» жобасы мен қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша да жоспар толық орындалды. Сонымен қатар жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындары арқылы азаматтарды еңбекке орналастыру жұмыстары жалғасуда.
Жұмыспен қамту шараларында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға да басымдық берілген. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарды, пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша арнайы тетіктер қарастырылған.
Жұмысқа орналасумен қатар, азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау да маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Мемлекет белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға өз кәсібін ашу үшін 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант ұсынады.
Қолдауға жұмыссыздар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың өкілдері, мүгедектігі бар азаматтар, қандастар және басқа да белгіленген санаттағы азаматтар үміткер бола алады. Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің жеңімпаздары жобаларын іске асыруға кіріскен, ал екінші кезең бойынша жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

Социальные сети
Instagram
Fasebook
VK
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы