Ауданның ШОБ әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын, шағын және орта кәсіпкерлікті, сауданы, қызмет көрсету саласын, сауда нарықтарын, инвестициялық және инновациялық саясатты, туризмді дамыту жөніндегі нысаналы бағдарламаларды әзірлеуге , қамтамасыз етуге және орындауға қатысады;
Әлеуметтік-экономикалық ШОБ динамикасы мен деңгейіне талдау жүргізу, ауданның ШОБ әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне мониторинг және талдау жүргізу
Басым инновациялық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды іріктеуді және тартуда жәрдемдесуді жүзеге асырады;
Меншік нысанына қарамастан сауда базарларының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алумен және өткізумен айналысатын ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді бағаларды тұрақтандыру және аудан халқының өнімнің осы түріндегі қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырады;
Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің аса маңызды түрлеріне бағалардың мониторингі мен талдауын жүргізеді, инфляциялық процесті қадағалауды жүзеге асырады;
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізеді.
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша аудандық атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді;
Жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органдарды ұйымдастырады және оларға қатысады;