Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде «А» есімді азамат тұр. Ол «С» есімді азаматшаның үйіне есігін бұзып заңсыз кіріп қайталап қылмыс жасаған болатын, аталған қылмыспен тоқтамай «Б» есімді азаматшаның үйіне алкагольдік масаң күйде онда тұратын адамның еркінен тыс, түнгі уақытта заңсыз басып кіріп, яғни тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзып, ҚР ҚК-нің 149 бабының 2 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Аталған қылмыстар ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы ҚР Заңының 2-бабына сәйкес қысқартылып қылмыстық іс тоқтатылған болатын. Сол себептен Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімі сотталған «А» есімді азаматтың іс құжаттарын жинап қайталап жасаған қылмыс жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруы бойынша сотқа ұсыныс жасап, ол ұсыныс қанағаттандырылып сотталған «А» есімді азаматтың өтелмеген жаза мерзімі 5 ай 18 күнін түзеу мекемесінде өтеу белгіленген.
Алакөл аудандақ ПҚБ-нің
аға инспекторы әділет капитаны
Ә.Ғ. Сүлейменова