Меню

Страницы

Статья

Жұқа мұздың қауіптілігін ескерейік

Суық ауа райының басталуымен өзендер мен көлдер қата бастайды. Су қоймаларының жұқа мұз бетіне, төніп тұрған қауіпті елемей, балалар конькимен немесе шанамен сырғанауға шығады. Ересектерде жұқа мұздың қауіпті екендігіне аса мән бермейді. Олар жолды қысқарту мақсатында өзендердің, тоғандардың және көлдердің үстімен жүреді, дұрыс қатып үлгермеген мұздың салдарынан оқыс оқиға орын алып жатады.
Алғашқы мұз жамылғысы пайда болысымен су қоймаларында сырғанауға және оны өткел ретінде пайдаланбаған абзалырақ. Себебі жаңа қатқан жұқа мұз қатты болмайды, сондықтан автокөлік түгелі адам салмағын көтере алмайды. Мұз үстіндегі жағдайға немқұрайлы қарау жарақат алу, мұз астына түсіп кету, адамдардың жаурап қалуы, сондай-ақ адам өлімі сияқты қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Мектептердегі барлық профилактикалық сабақтармен жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан, негізінен қайғылы оқиғалардың алдын алу ата-аналарға байланысты  Сол себептен ата- аналардың балаларға мұзға шығу қауіпті екендігін түсіндіру қажет. Қандайда бір ересек адам мұз бетінде ойнап жүрген балаларды көрсе, оқыс жағдайдың алдын алу мақсатында балаларды мұздан шығаруға міндетті.

Дата публикации
13 января 2022
Дата обновления
13 января 2022
Тип

Сейчас читают

17 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
16 июля 2026
Бейнероликтер
16 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Instagram
Fasebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы