Меню

Страницы

Статья

Балалардың өмірін сақтайық!

Балалар – біздің болашағымыз. Бірақта, біздер сол балаларымыздың өмірі қызықты әрі бақытты болып, олар қайғылы жағдайға тап болмауын ылғи ойлаймыз ба. Өкінішке орай, бұл жайды барлық ересек адамдар естеріне сақтамайды. Балалардың отпен ойыны – қайғылы жағдайға әкеліп соғатынын әр ата-ана ұмытпағаны абзал. Оттың зардаптары мемелекетке, әрі азаматтардың жеке дүние-мүлкіне да өз залалын тигізеді. Ал отпен ойнағандар қайғылы қазаға да ұшырайды.

Мұндай жағдайлар қалай болады? Көпшілігінде ересек адамдардың өздері кінәлі. Өз бетінше үйде бақылаусыз қалған балалар тиым салынған ойындармен ойнап сіріңкені ермек етеді. Отпен ойын адамға қайғы әкелетіні олардың есіне де кірмейді. Мұндай жағдайлар ата-аналары электр құралдарын, жанып жатқан пешті бақылаусыз қалдырып, сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерге жасырып кетпегендіктен болады.

Кейбір ата-аналар баланың отқа қызығушылығын көре тұрса да, баланың көз алдында сіріңкені тұтатып, баланың ойнауына еркіндік береді. Әрине, бұл баланы қызықтырып, жанған от есінде ұзақ сақталады. Бір қарағанда ештеңе жоқ сияқты көрінгенмен бала бойында отпен ойнау дағдысы қалыптасады.   Бала отпен ойнауға болмайтынын түсінуі үшін, оған осы жайлы ылғи есіне салып отыру керек. Отпен ойнаған баланың тентектігі жайлы кітапты оқып берген де орынды.

Жас ұрпақтың денсаулығына қамқорлық мемлекет пен мектептің ғана еншісіне тимейді. Бұл біздің қоғамның, әр жанұйя мүшесінің құрметті борышы.

Есіңізде болсын, балалардың отпен ойнауына қарсы күрес бұл өртпен ғана күрес емес. Бұл ең алдымен біздің балаларымыздың бақытты, қуанышты, шатттықта өмірі үшін күрес.

Дата публикации
13 января 2022
Дата обновления
13 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

17 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
16 июля 2026
Бейнероликтер
16 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Instagram
Fasebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы