Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі А.Абдиновтың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Бұл мерекенің ел тарихындағы орны ерекше. Өйткені Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, экономикасы қуатты, еңселі ел атануы Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты. Сондықтан бүгінгі күн жалпы халық болып атап өтетін мерекеге айналды.

Тәуелсіздік жылдарында Елбасымыз жүргізген салиқалы саясаттың арқасында елімізді мекендеген түрлі этностар өзара татулықта өмір сүруде. Қазақстан әлемнің алпауыт елдерімен тең дәрежеде әріптестік орнатып, ғаламдық маңызды бастамалардың ордасына айналды.

Әлем жұрты елімізді көптеген игі істермен танып-білуде. Бұл жүйелі жоспар мен қажырлы еңбектің арқасы. Азаматтарымыздың бойында елдік сана, ертеңге деген сенімі қалыптасты.

Елбасымыз қазығын қағып, болашағын бағдарлаған арайлы Елордамыз да бүгінде әлемнің үздік шаһарларының бірі атанды. Осындай Елбасының қажырлы еңбектері мен жетістіктерін жас ұрпаққа ұлықтай отырып, нағыз елжандылық пен отансүйгіштік, азаматтық пен парасаттылық қасиеттерін бойларына қалыптастыруымыз қажет.

Елімізде саяси тұрақтылықты сақтап, татулық пен бірліктің, келісім мен түсіністіктің орнауы, халқымыздың зор жетістіктерге жетуі – Елбасының сарабдал саясатының жемісі. Сол себепті де кемеңгер көшбасшымыздың қоғам өміріне арнаған ерен еңбегін бағалай білу баршамыздың парызымыз.

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді тағы да Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге ынтымақ, бірлік тілеймін! Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік бола берсін!

 

 

Дата публикации
30 ноября 2021
Дата обновления
30 ноября 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

17 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
16 июля 2026
Бейнероликтер
16 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Instagram
Fasebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы