Ауданда 56 денсаулық сақтау ұйымы бар олар Үшарал қ. ОАА, Қабанбай АА, Тоқжайлау АА, Достық АА, туберкулез ауруханасы, 18 дәрігерлік амбулаториясы, 5 фельдшерлік-акушерлік және 28 медициналық пункттер.
Жыл сайын денсаулық сақтауға бөлінетін қаржы ұлғайып, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы жақсарды, медициналық аппараттармен, жұмсақ және қатты жабдықтармен, медикаментпен жабдықталды.
Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 2009 жылы Ақтүбек ауылында дәрігерлік амбулатория салынды, 2010 жылы 50 жатын орынды 100 ем қабылдайтын емханасымен Достық ауылдық ауруханасы салынды, 2011 жылы Көктұма дәрігерлік амбулаториясы салынды, 2012 жылы Бұлақты дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды.
Ауданда 2010-2011 жылдары 310 төсек орын, 2012 жылы 305 төсектік орын жұмыс істейді, 10 мың халыққа шаққанда қамтылу 40,4 болды.
2012-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту жобасында 2013 жылы Қазақстан ДА құрылысы, 2013 жылы Бұлақты ДА құрылысы аяқталады, 2014 жылы Тоқжайлау, Қызылащы ДА құрылыстары жоспарланған.
2011 жылы Үшарал қ. ОАА жөндеу, Жайпақ дәрігерлік амбулаториясын жөндеу жүргізілді.
Ауданда 2010 жылы 35 дәріханалық мекемелер болса, 2011 жылы 37, 2012 жылы 40, және де 11 ДА жанындағы дәріханалық дүңгіршектер бар. 2012 жылы дәріханалық мекемелермен қамтылу 71,4% құрады.
2010 жылдан ауданда денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесі енгізіліп, осыған сәйкес ауруларды квота бойынша емдеуге ҒЗИ 2010 жылы 51 адам, 2011 жылы 111, 2012 жылы 107, облыстық мекемелерге 2010 жылы 458, 2011 жылы 1725, 2012 жылы 747 науқас жіберілді.
Соңғы 3 жылда 2010-2012 жылдары ана өлімі болған жоқ. Бала өлімі 1000 туғанға шаққанда 2010 жылы 7,3, 2011 жылы 15,3, 2012 жылы 11,2 болды, облыстық көрсеткіш 11,6 құрады.
100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезге шалдығу 2010 жылы 90,1, 2011 жылы 81,2, 2012 жылы 96,7 құрады, облыстық көрсеткіш 76,9. Жалпы өлім 2010 жылы 8,3, 2011 жылы 9,1, 2012 жылы 8,2 құрады, облыстық көрсеткіш 7,7. Жұқпалы гепатит – 2010 жылғы 11,8-ден 19,9-ға дейін өскен, облыстық көрсеткіш 20,4.
Қант диабеті ауруы 1000 адамға шаққанда 2010 жылы 1,3, 2011 жылы 1,5, 2012 жылы 1,0 болды, облыстық көрсеткіш 1,6.
Дәрігерлер саны – 2010 жылғы 105-тен 2012 жылғы 116 адамға дейін, орта медициналық қызметкерлерінің саны – 2010 жылғы 433-тен 2012 жылғы 501 адамға дейін артты. 10 адамға шаққанда қамтылу деңгейі сәйкесінше, 15,1-ден 16,5-ке дейін(облыс 22,0) және 62,8-ден 71,3-ке дейін көбейді(облыс 63,6).
Жас мамандарды тарту бойынша белгіленген жұмыстар жасалып, бас дәрігер жыл сайын бос орындар жәрмеңкесіне қатысады. Соңғы 3 жылда 5 жас дәрігер келіп, тұрғын үймен және көтерме жәрдемақымен қамтылды.