Меню

Страницы

Статья

Коммуналдық сала

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы

«Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі аудан бойынша тұрғындардың тіршілікті қамтамасыз ету саласымен айналысады. Атап айтар болсақ, су жүйесі, жылу жүйесі, электр жүйесі, кәріз жүйесі, елді мекендерді жарықтандыру, қатты тұрмыстық қалдықтардан арылту-жинау және өңдеу, санитарлық тазалық акцияларын ұйымдастыру, тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету, көріктендіру, туристік елді мекендерді инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту.

Жоғарыда аталған салалар негізінде стратегиялық жоспарлау, жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу. Соның негізінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жергілікті халыққа пайдалануға беру. Аудандық коммуналдық саламен толықтай қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй бөлімі Алакөл ауданы тұрғындарының азаматтарын мемлекет тарапынан ұсынылатын тұрғын үйлерге мұқтаж азаматтар есебіне тіркеуге алу және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй туралы» Заңнамасына сәйкес, мемлекет теңгеріміндегі пәтерлерді Заңнамаға сәйкес жекешелендіру жұмыстарын қамтамасыз ету.

Kezekte.kz электрондық платформасы арқылы Алакөл ауданы бойынша мемлекет тарапынан ұсынылатын тұрғын үйлерге мұқтаж азаматтар есебінде тұрған азаматтарды Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңнамасына сәйкес , сәйкессіздік анықталған азаматтармен талдау тексеру жұмыстары атқарылуын қамтамасыз ету.

Алакөл ауданының көлік инфрақұрылымын дамыту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады.

Атап айтатын болсақ:

Алакөл ауданы аумағындағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесін арттыру, яғни, аталған автокөлік жолдарын барынша күрделі орта және ағымды жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар елді мекендерінің ішкі көшелерінде қауіпті болып саналатын қиылыстарға қажетті жол белгілері мен бағдаршам нысандарын орнату жұмыстарын атқару.

Автокөлік жолдарының жазғы және қысқы күтім жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру.

Облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының белдеуінде сыртқы көрнекі жарнама орналастыруға келісім беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін көрсетеді.

Көктемгі күзгі мезгілде су тасқынын алдын алу мақсатында автокөлік жолдарының бойында орналасқан көпірлер мен су өткізгіш құбырларға округ әкімдерімен бірлесе тазалық жұмыстарын жүргізу болып табылады.

 

Дата публикации
04 марта 2020
Дата обновления
04 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

17 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
16 июля 2026
Бейнероликтер
16 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Instagram
Fasebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы