Меню

Страницы

Статья

Алакөл ауданының әкімі Ә.Ә.Жақанбаевтың «Алакөл ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалықжағдайы және даму перспективалары» туралы аудан тұрғындарымен 2021 жылы қаңтарайында болған кездесудегі ЕСЕБІ

Құрметті Лаззат Мақатұлы!

Қадірменді есептікездесуге қатысушылар!

 

Бүгінгі біздің кездесуіміз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының жүзеге асырыла бастаған кезеңімен сәйкес келді.

Ұсынылған ұтқыр саяси, экономикалық реформалар мемлекетіміздің жарқын болашағын  қамтамасыз етуге арналған.

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр.

Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында еліміздің үш онжылдықтағы қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтіп, болашаққа міндеттерді айқындады.

 

Биылғы жылы пандемия  жағдайында және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында бүкіл заманауи коммуникация және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарта отырып, әкімдердің есепті кездесулерін 24 елді-мекенде онлайн, сондай-ақ 32 елді - мекенде барлық санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып,  офлайн  форматта өткізілді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасын  іске асыруда есептік кездесулер барысында халықпен кері байланыс орнатылып, 97 ұсыныс айтылды. (14- жол жөндеу,  9- санитарлық тазарту, абаттандыру, 5-білім, денсаулық, мәдениет нысандарын күрделі жөндеу және салу,5- таза ауыз су, 11- тұрғын үй, 8- жер, 45-басқа мәселелер)  Оның ішінде 92 сауалға жауап беріліп, 5 ұсынысты жүзеге асыру үшін іс- шаралар жоспары әзірленді. (Ақтүбек ауылына ауылдық клубтың құрылысын салу; Қарабұлақ ауылының саябағын абаттандыру және көгалдандыру; Ж.Балапанов ауылының Оразбеков және Абай көшелерін орта жөндеу; Көктұма ауылының электрмен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау; Жыланды ауылының спорт алаңын ағымды жөндеу)

 

Құрметті жерлестер!

Ауданның әлеуметтік– экономикалық жағдайы тұрақты дамып, жоспарлы жұмыстар атқарылды.

Былтырғы жылы барлық деңгейдегі әкімдердің 57 кездесуі өтті. Оған 9 мыңнан астам адам қатысып,264 адам өз ойларын ашық жеткізді.

2020 жылы аудан әкімінің аппаратына 994 өтініш пен арыз түсті. Ең көп өтініш, жер мәселесімен - 301, әлеуметтік – 216, баспана – 198, өзге де - 279 мазмұнда болды. Келіп түскен өтініштердің 201-і қанағаттандырылып,  788-не  заңға сәйкес жауап берілді, 5 өтініш иесінің қалауы бойынша тоқтатылды.

Аудан бойынша 89 ғимаратта е-гов бұрыштары жұмыс жасайды (24 ауылдық округі әкімдерінің аппараттарында, 44 орта мектеп, 19 мектепке дейінгі балалар мекемесі). Былтырғы жылы Үшарал қаласында сервистік әкімдік орталығы ашылып, нәтижесінде 83 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша  17026 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Биыл Қабанбай ауылдық әкімдігі ғимаратында сервистік әкімдік орталығын ашу жоспарда.

 

БЮДЖЕТ

Әділетті салық салу жүйесі және тиімді қаржылық реттеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болғандықтан, ауданда салық түсімдерін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынуда. Бұл салада бюджетке міндетті төлемдерді жинау жоспары 2020 жылы 106,8 процентке орындалып, 6 млрд. 256 млн. теңгеге жетті. (жоспар 5858 млн.теңге), Оның 4 млрд. 487 млн.теңгесі жергілікті бюджеттің үлесінде (жоспар 107,7 пайызға орындалды).

Меншікті салығымыз 3 млрд.244 млн.теңгеге толықты. Жоспар 106,5 процентке орындалды (жоспар 3045,2 млн.теңге).

Жергілікті бюджеттегі шағын және орта бизнестегі үлесі 46,7 процент. 

Бюджет шығысының жылдық жоспары 99,9 процентке игерілді. Бұл 22 млрд. 176 млн.теңгені құрайды.

2021 жылға бюджет кірісі 14,2 млрд.теңгеге бекітіліп, оның 11,8 млрд.теңгесі трансферттер есебінен жүзеге асырылады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ

Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз.

Аграрлық секторда 2020 жылы өндірілген өнім көлемі 48,8 млрд. теңгеге жетіп, өсім өткен жылғы деңгейден 106,9 процентке орындалды. Заттай көлем индексі 102,5 проценті құрайды.

Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 2020 жылы 84,8 мың гектар егіс алқаптары игерілді.

Орташа есеппен мал және құс басы саны 6,9 процентке артып,өндірілген ет, сүт және балық өнімдері 2,5 процентке өсті.

Ауданда балық шаруашылығы өнімін өндіретін 3 зауыт жұмыс жасауда. Аталған зауыттардан жыл сайын 1,6 тонна балық өнімі өндіріледі.

2020 жылы «Болашақ бастау» серіктестігінде 500 млн.теңгеге балық өңдеу зауыты кеңейтіліп (заман талабына сай қондырғы орнатылды), 25 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде аудан бойынша өндірілген балық өнімі 2 мың тоннаға жетіп, оның 1,6 мың тоннасы экспортталды.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында, «Алакөл Агро» серіктестігінде құны 700 млн. теңгеге 7 мың басқа арналған ұсақ мал бордақылау алаңы (10 жұмыс орны) қолданысқа беріліп, 450 млн. теңгеге 10,2 мың бас ұсақ мал сатып алынды. Сонымен қатар, аталған серіктестікте 359 бас түйе өсірілуде (одан 65 бас төл алынды).

«Алакөл Аляньс» серіктестігі 450 млн.теңгеге Ресей елінен 1000 бас қалмақ тұқымды ірі қара малы сатып алынса (4 жұмыс орны), 284 млн.теңгеге «Айманбетов» шаруа  қожалығы  ірі қара малын бордақылау алаңының қуаттылығы 1000 басқа кеңейтілді (25 жұмыс орны). Жалпы 2 млрд. 25 млн.теңгеге инвестиция тартылып, 51 адам жұмыспен қамтылды.

2020 жылы ауылшаруашылығы саласына 182 млн. теңге субсидия алынды.

Оның ішінде:

-мал шаруашылығын асылдандыруға 69 млн. теңге;

-өсімдік шаруашылығына (тыңайтқыштар мен гербицид  сатып алуға) 85 млн. теңге;

-ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуға 28 млн. теңге;

«Алакөл Агро» серіктестігі жалпы құны 700 млн. теңгені құрайтын 30 мың басқа арналған ұсақ мал бордақылау алаңын қолданысқа беру (22 жұмыс орны ашылады) және балық шаруашылығында құны 450 млн.теңгеге «Aква продукт» серіктестігінің қуаттылығы жылына 2000 тонна (4 млрд.теңге) радуга фаррелін өндіру жобасы іске асырылады. (Жоба іске асқан жағдайда 18 тұрақты жұмыс орны ашылады).

Сүт өнімін арттыруда Бескөл ауылында 200 басқа арналған, құны 500 млн.теңгені құрайтын тауарлы сүт фермасының құрылысы салынады.

Биылғы жылы барлық егіс көлемін 84956 гектарға игеріп, жалпы өнім көлемін 49 млрд. 374 млн.теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз (дәнді дақылдар - 36750 га,  қант қызылшасы - 881 га,  майлы дақылдар – 32138 га, картоп – 1598 га, жеміс-жидек және бақша дақылдары - 999 га, азықтық дақылдар - 12590га).

Сонымен қатар егіс алқаптарына суды үнемдеу мақсатында «Алакөл агро» серіктестігі 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару құрылғысы орнатады.

Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтуымыз керек.

Осы орайда, ауданда бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі- егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ислам» банкі арқылы магистралды каналдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуге  екінші лот өткізіліп, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылады. Нәтижесінде 4,5  мың гектар суармалы егістік айналымға енгізілетін болады.

Сондай – ақ, Лепсі өзенінен Қызылқайың- Архарлы ауылдары аралығындағы 25 шақырымды құрайтын Ащылыөзек каналына тазалау жүргізу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жер мәселесі бойынша, өздеріңізге белгілі 2016 жылы Президент Жарлығына сәйкес ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді меншікке және шетел азаматтарына беруге мараторий жариялаған болатын. Бүгінгі күні жер конкурстары туралы қабылданған ережеге сәйкес 2021 жылдың І жартыжылдығында конкурс өткізу жоспарлануда.

Коммерциялық мақсаттағы жер телімін алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аукцион арқылы жүзеге асырылады.

Ал, жеке тұрғын үй құрылысын салуға    арналған жер телімдері инфрақұрылымдық жүйелер (су, жарық, жол) тартылғаннан кейін ғана кезекте тұрған Қазақстанның Республикасының азаматтарына  10 соток мөлшерінде заңға сәйкес жеке меншікке тегін берілетін болады (екінші рет жер телімі тегін берілмейді). (Үшарал қаласында жеке тұрғын үйлер салуға арналған 150 гектар жерге инженерлік - коммуникациялық жүйелері тартылуда).

ӨНЕРКӘСІП  САЛАСЫ

Өнеркәсіп саласында сапалы өнім мен жаңаша дүние ұсыну басты назарда.

Осы ретте ауданымызда өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі  11 млрд. 845 млн. теңгеге жетіп, заттай көлем индексі 100,9 процентті құрады.

Елімізде шикізатты дайын өнімге айналдырып нарыққа ұсыну саясаты қарқын алды. Бұл бағытта Алакөл ауданы да аграрлық өңірден, аграрлы индустриялық аймаққа айналуды көздейді.

Осы орайда, ауданда кіші су электр станциясы жұмыс жасауда («Успеновский ГЭС»). Өткен жылы 126 млн.теңгеге сағатына 8352 мың Квт. электр энергиясын өндірді.

Сонымен бірге «Алакөл» май өндіру зауытында 184,3 млн.теңгеге 519 тонна майбұршақ майы мен 1500 тонна шрот  өндірілді.

 «Қайыңды» серіктестігінде қуаттылығы күніне 6 тонна ет өнімін өңдеу кәсіпорны мен мал сою пунктінде 2020 жылы 670,8 млн.теңгеге 416 мың 896 тонна ет тірідей салмақта ішкі нарыққа өткізілді. Үстіміздегі жылы ет өңдеу комбинатын іске қосу арқылы, шығарылатын шұжық өнімін экспорттау бойынша жұмыстар атқарылуда (евро стандартқа сай лицензия алу жұмыстары жүргізілуде).  

Сондай-ақ, Бескөл ауылында «Агро Павлодар Құс» серіктестігінің қуаттылығы күніне 200 тонна, жалпы құны 43 млрд.теңгені құрайтын элеватор мен майлы дақылдарды өңдеу зауытын іске асыруды жоспарлауда. Бұл жоба аясында 150 тұрақты жұмыс орны ашылып, 50 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынады (25 бірлік - Джондер комбайн және 25 бірлік - камаз көлігі).

Сонымен қатар, «Айнұр и К» серіктестігі жалпы құны 188 млн. теңгеге бетон өндіру зауытын (9 жұмыс орны) және «Себепов» серіктестігі  213,5 млн.теңгені құрайтын темір бетон өнімдерін шығару кәсіпорындарын салу жоспарлануда (12 жұмыс орны). 2021 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 12,5 млрд. теңгені құрайды.

ИНВЕСТИЦИЯ

Аудан экономикасының дамуына 41,8 млрд. теңгенің инвестициясы тартылса, оның 24 млрд. 759 млн.теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен.

Тартылған инвестициялардың заттай көлем индексі 142,1 процентке жетті.

Өткен жылы «Петрочемикал Транспорт компаниясы» серіктестігінің 6 функционалдық блоктан тұратын (1. Инфрақұрылымдық  блок, 2. машина жасау кешені, 3. биотехнологиялық кешен, 4. химия өнеркәсібі, 5. жел электр энергиясын өндіру кешені, 6. құрылыс материалдарын өндіру), жалпы құны 16,5 млрд. теңгені құрайтын «Достық» индустриялық паркінің» құрылысы жүргізілуде (300 адам жұмыспен қамтылды).

2021-2023 жылдары «Тенгиз Транс Групп» серіктестігінің экспорттық және транзиттік жүктерді (контейнерлеу) ауыстырып тиеу бойынша қызметтер ұсыну үшін, қуаттылығы жылына 6 млн.тонна жүк тиеу құрғақ порты жобасы іске асырылуда.

Нәтижесінде, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия бағытында экспорт пен транзит артып, 29,4 млрд. теңгенің инвестициясы тартылып, 300 тұрақты жұмыс орны ашылады (500 адам құрылыс кезінде).

Осы жобалардың нәтижесінде ауданға 2021 жылы 44 млрд.теңгеге инвестиция тартылады.

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

ҚР Президенті жолдауында «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі» деп атап өтті.

Осы орайда, ауданның шағын және орта кәсіпкерлігінің субъектілер саны 3184 бірлікке жетті.  Бұл салада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 11,1 мың адамға артты. Экономикалық белсенді халықтың - 31,7% құрайды. Олар 59,3 млрд. теңгенің қызметі мен өнімін өндіріп, бюджетке 2,9 млрд. теңгенің салығын түсірді.

2021 жылы өнім көлемі 69,2 млрд.теңгеге және салық – 3,0 млрд.теңгеге жеткізіледі.

Кәсіпкерлікті кеңейту аясында шағын цехтарды да дамыту ісін қолға алдық. Соның ішінде ауылда жасалған өнімдерді еліміздің ірі қалалары Алматы мен Нұрсұлтанға жеткізген «Ауыл өнері» тігін цехін ерекше атап өтсек болады. Тігін цехында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Лепсі ауылындағы «Лепсі өнімдері» базасында бал және табиғи өсімдіктер қосылған сабын шығару цехы іске қосылмақ. Бүгінгі күнге аталған өнімдерді шығару үшін лицензия алуға құжаттары тапсырылды. Нәтижесінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жергілікті жердегі өнімді тұтыну  мүмкіндігіне қол жеткіземіз.

«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында 32 жұмыс орнымен 24 жоба 607,2 млн.теңгеге қаржыландырылды.

Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде (экономика простых вещей) басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша 19 жұмыс орнымен 6 жоба 630 млн.теңгеге іске асырылды. (оның ішінде: 2 жоба ауыл шаруашылығы-130 млн. теңге,  өңдеу өнеркәсібінде-1 жоба -290 млн.теңге,  3 жоба туризм саласында - 210 млн.теңге).

Бөлшек тауар айналымы 22,5 млрд.теңгені құраса, үстіміздегі жылы 24 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда.

ТУРИЗМ САЛАСЫ

Қазіргі таңда Алакөл демалыс аймағында күніне 23366 туристке қызмет көрсететін 264 демалыс орны жұмыс істейді.

2020 жылы өз қаражаттары есебінен 750 орынды 15 нысан қолданысқа беріліп, аудан экономикасына 2,6 млрд.теңгенің инвестициясы тартылды.

Демалушылардың саны 798,5 мың адамға жетті, 4 млрд. 790 млн.теңгенің қызметі көрсетілді (бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 22,7 процентке  төмен).

Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылы Алакөл демалыс аймағында демалушыларға арналған саябақ және жағажай волейбол, футбол және үлкен теннис алаңы (270,1 млн.теңгеге) қолданысқа беріліп, Ақши ауылына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Құны 2 млрд. 469 млн. теңгеге орталықтандырылған ауыз су, 1 млрд. 821 млн.теңгеге кәріз жүйесінің құрылыстары жүргізілуде.

Сондай – ақ, аудандағы өзекті мәселелердің бірі болған Алакөл көл жағалауының 13,5 шақырымына 6 млрд.теңгеге (оның ішінде Ақши ауылының 10,150 шақырым, Көктұма ауылының 3,4 шақырым) бекіту жұмыстары жүргізілуде.

КОММУНАЛДЫҚ САЛА

Мемлекет басшысының ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасын жүзеге асыруда, 2020 жылы Ж.Балапанов ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы (553,5 млн.теңгеге) және Қабанбай ауылының су мұнарасы ағымды жөндеуден (53,6 млн.теңге) өтіп, нәтижесінде орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлесі 85,7 процентті құрады.

Қазіргі таңда, Тоқжайлау, Қоңыр, Бибақан және Кеңес ауылдарының су жүйелерінің құрылысына жобалау сметалық құжаттары (ЖСҚ) даярлануда. Алдағы уақытта осы елді мекендерге ауыз су жүйесі жүргізіледі.

Сондай-ақ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Жетісу энерджи» серіктестігі Үшарал қаласында қуаттылығы сағатына 15 гекокалорияны құрайтын блокты модульдық қазандық құрылысы салынып, жылыту маусымы басталғанға дейін пайдалануға  берілетін болады (жылыту трассасының ұзыныдығы 6,5 шақырым).

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 42,6 млн.теңгеге Жайпақ, Екпінді, Қайнар және Теректі ауылдарының саябағы мен көше бойына абаттандыру жұмыстары жүргізілсе, Тоқжайлау ауылына спорт алаңы салынды.

2021 жылы аталған бағдарлама аясында (42,6 млн.теңгеге ) Қарабулақ ауылының саябағы, Көктұма және Жыланды ауылының спорт алаңы, Архарлы және Байзерек ауылдарының көше жарық шамдарын ағымды жөндеу жұмыстары атқарылмақ.

 

АВТОЖОЛ САЛАСЫ

Жол экономикамыздың күре тамыры. Аудан аумағында 1448,3 шақырым автокөлік жолдары бар.

Оның 333 шақырымы республикалық маңыздағы, 534 шақырымы облыстық маңыздағы, 581,3 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

2020 жылы облыстық жолдарға 1 млрд. 605,7 млн.теңге (Қабанбай – Лепсі бағытындағы 0-20 шақырымға 733 млн теңге, Қабанбай – Көктұма бағытындағы 44-59 шақырымға 872,7 млн теңге) және аудандық маңыздағы 16 елді мекеннің жолдарын жөндеуге 2 млрд.115 млн.теңге қарастырылып, жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылды.

Сонымен қатар, республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» бағытындағы 184 шақырым (30 шақырымы қолданысқа берілді) және «Талдықорған – Қалбатау - Өскемен» бағытындағы 149 шақырым жол құрылысы жүргізілуде (71 шақырымы қолданысқа берілді).  

Үстіміздегі жылы 975,4 млн. теңгеге облыстық маңыздағы  Қабанбай – Көктұма бағытындағы 30 шақырым жолды (59-96 шақырым), Қабанбай – Лепсі бағытындағы жолды жөндеуге 100 млн. теңге және аудандық маңыздағы жолдарды күрделі және орта жөндеу жұмыстарына 929,2 млн.теңге қарастырылды (74,9 млн.теңгеге Балапанов ауылының жолдарын орта жөндеу, 430,8 млн.теңгеге Үшарал қаласының жаңа ықшам ауданы көшелерін күрделі жөндеу, Актүбек ауылының 6 көшесін орта жөндеу – 117,5 млн.теңге, Көктұма ауылының жолын орта жөндеу – 163,8 млн.теңге).

Нәтижесінде аудандағы барлық жолдардың 73,1 процентке жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізіледі (оның ішінде аудандық маңыздағы жолдың сапасы 37,3 проценттен 40 процентке жеткізілді).           

Сондай-ақ, жолдардың жазғы және қысқы күтіліміне де көңіл бөлініп, тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде.

ҚҰРЫЛЫС  САЛАСЫ

Құрылыс саласында да қарқынды жұмыстар атқарылды. Өткен жылы жаңадан 13,2 мың шаршы метр тұрғын үй кіріске алынды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 33 млрд.337 млн. теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 199,1 процентке өсті. Заттай көлем индексі 178 процентті құрады.

Аудан тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі тұрғын үй. Қазіргі таңда 1202 адам тұрғын үй кезегінде тұр (көп балалы аналар – 277, жетім балалар -116). Аталған мәселені шешу мақсатында, Үшарал қаласында 7936 шаршы метрді құрайтын екі 20 пәтерлі (567 ш.м 2 үй) және  екі 60 пәтерлі (3401 ш.м. 2 үй) көп қабатты тұрғын үйлерді қолданысқа беріледі.

Сонымен қатар, Үшарал қаласында тұрғын үй құрылысын салу үшін 743 адам жер учаскесіне кезекте тұр. Қаланың бас жобасына сәйкес анықталған 150 га жерге биылғы жылы су құбыры (349,2 млн.теңге) мен электр желісі (572,4 млн.теңге) тартылатын болады.

Сондай-ақ, Достық ауылында «Спорттық-сауықтыру кешенін» қолданысқа беріп, осындай кешен Лепсі ауылында да салынады. (Спорттық-сауықтыру кешені).

 

АУЫЛ ЕЛ БЕСІГІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Лаззат Махатұлы!

Өзіңіздің қолдауыңызбен өткен жылы «Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы аясында Қабанбай ауылына 10 жобаға 1 млрд. 117 млн.теңге қарастырылып, Қабанбай ауылының ауруханасы (710,6 млн.теңге), 500 орындық мәдениет үйі (153,8 млн.теңге), жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 8 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді  (235,2 млн.теңгеге).

Үстіміздегі жылы осы жоба шеңберінде Актүбек және Көктұма ауылдарына 1 млрд. 91 млн.теңгеге 10 жоба іске асырылады (Актүбек ауылының 6 көшесін орта жөндеу – 117,5 млн.теңге, Актүбек ауылының мәдениет үйінің құрылысы – 576 млн.теңге, Көктұма ауылының жолын орта жөндеу – 163,8 млн.теңге, Көктұма ауылының электр желісінің құрылысы – 233,6 млн.теңге).

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасында ерекше атап өту керек. Бағдарлама аясында ауданның барлық ауылдары қамтылып, 1221 жұмыс орны ашылды. Оған 619 азаматты жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылды.

Бағдарлама аясында 4 млрд. 492 млн.теңгеге 57 жоба жүзеге асырылды.

Жалпы бағдарлама шеңберінде

-32 әлеуметтік нысанға (2 мектеп ғимаратын күрделі жөндеу, 26 мектеп ішілік дәретхананы ағымды жөндеу, Ұшбұлақ ауылының мәдениет үйін күрделі жөндеу және Ақши ауылындағы спорт алаңын құрылысы, стадионды ағымды жөндеу);

- 5 коммуналдық (Ақши ауылының кәріз жүйесінің құрылысы, Балапанов ауылының су жүйесін қайта жаңғырту, Қабанбай ауылының су мұнарасын ағымды жөндеу, Үшарал қаласының Қазақстан көшесі мен Ақши ауылының 11 және 12 учаскесін күрделі жөндеу);

- 15 инженерлік-транспорттық (12 елді мекеннің жолын орта жөндеу, 2 елді мекеннің жолын күрделі жөндеу);

- 7 нысанға абаттандыру (3 жоба жол бойын абаттандыру, 2 жоба саябақты абаттандыру, 2 жоба ауланы абаттандыру) жұмыстары жүргізілді.

Үстіміздегі жылы осы бағдарлама аясында Ақши ауылындағы «Жалын» лагерін қайта жаңғырту, Үшарал қаласында халыққа қызмет көрсету орталығын салу жоспарлануда.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Әр мемлекеттің дамуы тікелей оның әлеуметтік ахуалымен тығыз байланысты. Сондықтан халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту, халықтың әл-ауқатын көтеру басты міндет.

Бүгінде аудандағы экономикалық белсенді халық саны 37600. Оның ішінде жұмыс істейтіндері 35900, жұмыссыздар 1699.

Аудан экономикасының барлық салаларында 2020 жылы 5197 жұмыс орны ашылып (оның ішінде тұрақты жұмыс орны 1670), жұмыссыздық деңгейі 4,3 процент төңірегінде тұрақтады.

ҚР Президентінің Жолдауында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақылары мен зейнетақыларын көтеруді тапсырған.

Осыған орай, ауданда мұғалімдердің жалақылары 25%-ке (1833), медицина саласының қызметкерлеріне 30% (716), әлеуметтік қызметкерлерге 50%-ке (35) дейін,  зейнетақы 7%, (9070), мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік төлем 5% (1816),   дейін көбейтілді.

Жалпы аудан халқының 12,4 проценті немесе 9070-ы зейнеткерлер болса, орта есеппен жылына 8,9 млрд. теңгенің зейнетақысы төленеді.

Аудан бойынша  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың (мүгедектер) саны- 1816. оның ішінде:

1-топ -207 (зағиптар саны-33, құлақ мүкістігімен -34,  қол арбамен жүретіндер -121, жалпы аурулар -19.)

1-топ 139 мүгедек азаматтар көмекші қызметімен қамтылған.

2020 жылы 67 мүгедек қоларбамен қамтамасыз етілген. Мүгедектерге арналған қоларба 4 жылда 1 рет ауыстырылып отырады.)

2-топ -724

3-топ -885

16-жасқа дейінгі  мүгедек бала -220 (оның ішінде үйде арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған мүгедек балалардың саны- 68)

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы:

-протездік–ортопедиялық қызметпен қамтылған азаматтар саны -102,

-  сурдо-тифло және  міндетті гигиеналық құралдармен қамтылғандар- 192;

- І топ мүгедектерінің  жеке көмекшілер саны-114;

-  ымдау тілі маманымен қамтылғандар -7;

- Арнайы жүріп тұру құралдарымен қамтылғандар – 67;

2020 жылы бюджет қаражатынан 5417 азаматқа 275,5 млн.теңгенің әлеуметтік көмектері көрсетілсе, 463 отбасына (2504 адам) 208,2 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Төтенше жағдай кезінде 16 мың 790 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік төлем (713 млн 575 мың теңге) берілді.

Сонымен бірге 88 млн. 726 мың теңге көлемінде 10 052 көп балалы және әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтарға коммуналдық төлемдердің (жылу, су, электр жарығы) өтемақысы төленді (көп балалы 1523 азаматқа 20 млн. 986 мың теңге, мүмкіндігі шектеулі 2085 азаматқа 31 млн.445 теңге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 486 азаматқа 10 млн. 865 мың теңге, жалғызбасты зейнеткер 5010 азаматқа 12 млн. 668 мың теңге, атаулы әлеуметтік көмек алатын 948 азаматқа 12 млн. 734 мың теңге).

Аудан көлемінде «Біз біргеміз» акциясы аясында демеушілер тарапынан 2403 отбасына (12729 адамға) 81 млн 245 мың теңгеге қайырымдылық көмек ретінде азық – түлік себеттері, дәрі-дәрмектер, 58 оттегі концентранттары, 180 пульсоксиметр, 98 пирометр және тағы басқа дезинфекциалық құрал жабдықтар мен қорғаныс заттары сатып алынды (Б.Оспанов, Е.Абдрахманов, А.Қыстаубаев, С.Мыңбаев, Белгібаев, Айманбетов, Қарабеков т.б.).

 

ЕРІКТІ ЖАСТАР

Ауданымызда 106 жастан құрылған  үш ерікті тобы құрылған. Елімізде орын алған төтенше жағдайлар кезінде ерікті тобы 3,7 млн. теңге көлемінде 104 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.

 

 «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту»

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үш бағыты бойынша 1365 азамат қамтылып, 590,1 млн.теңге игерілді (Оның ішінде:1 бағыты - бойынша 71 азамат әр-түрлі оқуға жіберілді, 15,7 млн.теңгеге,  2 бағыты - бойынша 18 азаматқа 76,8 млн.теңге шағын несие және 275 адамға 152,1 млн.теңге грант берілді, 3 бағыты - бойынша 345,5 млн.теңгеге 1001 азамат қоғамдық, әлеуметтік және жастар практикасына жіберілді). Жоспар толығымен орындалды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар  200 айлық есептік көрсеткіш (583 400 теңге) мөлшерінде 2020 жылы 275 адамға 152 млн. 144 мың теңге  қайтарымсыз грант берілді.

Оның ішінде:

-Ірі қара өсіруге178 адам 98 млн. 657 мың 200 теңге;

-түйе өсіруге1 адам 555 мың 600 теңге;

-қой-ешкі өсіруге2 адам 1 млн. 111 мың 200 теңге,

-құс өсіруге2 адам 1 млн. 085 мың 800 теңге,

-қызмет көрсетусаласына92 адам 50 млн.734 мың 200 теңге алды.

 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Аудан бойынша жалпы 44 мектептің 35 күрделі жөндеуден өткізілген, оның ішінде өткен жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен Қайнар (514,5 млн.теңге) және Безродных (601,9 млн.теңге) атындағы орта мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу, 26 мектеп ішілік дәретханаға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Балалардың қауіпсіздігі мен тасымалдауына 3 арнайы заман талабына сай автобустар сатып алынды (44,5 млн.теңге).

Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы 100 процентті құрайды. Биылғы жылы 150 орындық (Халбаев Н.) жеке меншік балабақшаның құрлысы жүргізілуде.

Жалпы білім беретін мектептердің барлығы компьютерлендірілген, 17 мектеп спутник желісіне, 28 мектеп кең жолақты интернетке қосылған (62,3%).

Пандемияға байланысты білім мекемелерінде барлық санитарлық жағдайлар жасалып, (туннельдер, санитайзерлер, антисептиктер, тепловизорлар, аяқ киімге арналған кілемшелер, кварцтық лампалар) толық жабдықталған.

Қашықтықтан оқыту үшін жағдайы төмен отбасының, көп балалы, мүгедек балаларға республикалық бюджеттен қаражат бөлініп 306 персоналды компьютер, 1047 ноутбук, 264 планшет берілсе, жергілікті бюджеттен 190 млн.теңгеге 1184 ноутбук алынып қажеттілігіне қарай таратылды.

Үстіміздегі жылы Жанама орта мектебіне 608 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Ақжар, Теректі, Үшарал №1 орта мектепке және Үшарал қаласындағы Арай балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттары дайындалуда. Алдағы уақытта кезең-кезеңмен аталған нысандарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарымызда.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай жетілдіруді анықтайтын, мемлекеттің басымдылықтарының бірі азаматтар денсаулығын қорғау мен нығайту болып табылады.

Ауданда 42 денсаулық сақтау мекемелерінде 113 дәрігерлер, 563 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды (3 аурухана, 19 ДА, 4 ФАП, 16 МП).

COVID-19

2020 жылы аудан бойынша COVID-19 сырқатымен  252 жағдай тіркеліп, 234 сауығып шықса, өкінішке орай 18 жерлесіміз қайтыс болды.

Жыл басынан 14  жағдай тіркеліп, оның 8 сауығып шығып, 6 емделуде.

Ковидтік пневмониямен тіркелген 43 адамның 20 емделіп шықса, 23 адам ауруханада жатыр. Науқастарды емдеу үшін ауруханада барлық жағдай жасалып, қажетті дәрі – дәрмектердің 2 айлық қоры бар. Науқастар дәрігерлердің қатаң бақылауында.

Ауданда қауіпті індеттің екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізіліп, төсек қоры 330 орынға ұлғайтылды.

Өткен жылы қауіпті індеттің алдын – алу мақсатында аудандық ауруханаға науқастарды оттегімен қамтамасыз ететін Түркия елінде жасалынған станция орнатылып, 220,1 млн.теңгеге 2 жедел жәрдем мен 1 жылжымалы диагностикалық медициналық автобус  және  152,2 млн.теңгеге 69 бірлік медициналық қондырғылар сатып алынды.

Ауданда кіші медицина қызметкерлерін  дайындауды да қолға алдық. Алматы қаласында орналасқан «Талант» медицина орталығы медицина колледжін ашып, 4 мамандық бойынша оқытуда (емдеу ісі, медбике, тіс емдеу, фармацевт).

Аталған колледжде әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын отбасыларына арналған грант және 10 проценттік жеңілдік қаралған. Бүгінгі таңда 107 студент онлайн арқылы оқытылуда, оның 7-і грантпен және 13 студенті 10 проценттік жеңілдікпен.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Билік пен бұқара арасындағы алтын көпір саналатын мемлекеттік қызмет саласына деген көзқараста жоғары.

Алакөл ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 211 бірлік, оның ішінде бос лауазымдық орын -5.

2020 жылы таза ауысымдылық – 0,4 процентті құрайды.

Президент Жолдауында мемлекеттік қызмет жүйесіне түбегейлі реформа жүргізу және мемлекеттік аппаратты қайта қарау  талап етілді. Осыған орай,  мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 2020 жылдың соңына дейін 10% - ке, 2021 жылы 15% - ке қысқарту және 1 шілдеден бастап факторлық-балдық шкалаға көшуге қажетті шаралар атқарылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» Қағидасының 60 тармағына сәйкес, аудандық тәртіптік комиссиясы құрылған.  Жыл басынан бері: өздеріне  жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде орындамағандары үшін: 50 - мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды (оның ішінде: 9- сөгіс, 40 – ескерту, 1 – қатаң сөгіс). Теріс себептермен жұмыстан босатылғандар жоқ.

 

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

Аудан тұрғындарының тыныштығын қадағалап, тәртіп орнату алдыңғы қатарлы міндет.

Осы ретте аудандық полиция бөлімінің материалдық техникалық базасы жылдан жылға нығаюда. Компьютерлік техника, оңтайлы және тұрақты байланыс жүйелерімен қамтылған.

2020 жылы ауданда 309 қылмыс тіркеліп, 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 128 бірлікке азайды. Қылмыстардың ашылуы 91% құрады. Дегенмен ауыр, аса ауыр қылмыс саны – 27  бірлікке (2019 жылы - 31, 2020 жылы - 58) , ұрлық 20 бірлікке (2019 жылы - 11, 2020 жылы - 31), мал ұрлығы – 9 бірлікке (2019 жылы - 20, 2020 жылы -29) көбейіп отыр. Осы бағыттағы кеткен кемшіліктерді болдырмау мақсатында профилактикалық шараларды  қолға алуымыз қажет.

 

Құрметті қауым!

Бүгінгі есепті кездесудегі сөзімді қорытындылай келе, алдағы уақытта халықтың сын-ескерпелеріне, ұсыныс-пікірлеріне сәйкес нақты жұмыстар атқарылатындығын айтқым келеді.

Оның ішінде, ең бастысы тұрақтылықты қалыптастыру, халықтың денсаулығын сақтау, жұмыссыздық деңгейін төмендету, салық түсімдерінің көздерін арттыру, өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту басты назарда болмақ.

Қауіпті індеттен сақтанудың алдын – алу мақсатында барлық санитарлық талаптарды орындап, жақындарымызға жанашыр болайық.

 

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 февраля 2021
Дата обновления
09 февраля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

17 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
16 июля 2026
Бейнероликтер
16 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Instagram
Fasebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы