Меню

Страницы

Статья

«Алакөл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың 2 жартыжылдықта атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

БӨЛІМ ӨЗ ҚЫЗМЕТІНДЕ БАСШЫЛЫҚҚА АЛЫП ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) Қазақстан Республикасының Жер кодексі; 

3) Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі»;

4) ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

5) ҚР«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)»;

6) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңы;

7) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы»;

8) ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

9) «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы;

 10) ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі;

11) ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерімен және өзге де нормативтік құқықтық актілері.

 

          БӨЛІМНІҢ  2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ 

         Бюджеттік жоспары бойынша бөлімге 2020 жылға бөлінген жалпы қаражат  - 13 000 050  теңгені құрап, заң талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларына, мемлекеттік қызметшілердің сауықтыру өтемақыларына, мемлекеттік қызметкерлердің  әлеуметтік салықтарына, мемлекеттік қызметкерлердің  әлеуметтік  аударымдарға,   мемлекеттік қызметкерлердің   міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруына, техниқалық кызметкерлердің  жалақыларына, техникалық қызметкерлердің   әлеуметтік салықтарына, әлеуметтік  аударымдарға,  медициналық әлеуметтік сақтандыруға,  жанар жағар  май,  шаруашылық тауарларына, кеңсе тауарларына, жылу, энергиямен жабдықтау, телефон, интернет, лотус-нотус бағдарламаға төлемақысына, бухгалтеряга қызмет көрсету үшін,  компьютер жөндеу және картриджді  толтыру,  стендт, билборд жасауға,  іс-сапар,  машинаға құрал-жабдықтарын  сатып алу)  арнайы ерекшіліктер арқылы жүзеге  асырылып толығымен уақытылы игерілген және бір көзден алу тәсілімен және конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар «Мемлекеттік сатып алу» веб-порталында орналастырылды. Орналастырылған мәліметтермен танысу  барлық мүдделі тұлғаларға тегін  қолжетімді.

         "Алакөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды тексеру барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 "жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

         - "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) -www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі -4 (төрт) жұмыс күні.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-Электронды.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі-Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

 

«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет алу барысында жеке және заңды тұлғалардан                 433 өтініш тіркелген,  барлық өтініштер электронды түрде келіп түсіп, уақытылы және сапалы заң талаптарына сәйкес орындалды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар мен мерзімдердің бұзылуы  орын алған  жоқ.

 

-"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік көрсетілетін  қызмет:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары):

 - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
 - www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электронды және (немесе) қағаз түрінде.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі. Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

 

Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу бойынша бөлімде  45 шарт жасалып, барлық өтініштер қағаз түрде келіп түсіп, уақытылы және сапалы заң талаптарына сәйкес тіркелді.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар мен мерзімдердің бұзылуы орын алған жоқ.

         2020 жылдың 28 қаңтарындағы бөлімнің жылдық жоспарында  белгіленген мерзімге сәйкес, Аудан әкімдігінің 2020 жылдың 13 қарашадағы                     № 316 қаулысымен жылдық жер балансы бекітіліп Алматы облысының жер қатынастары басқармасымен келісілді.

         Алакөл ауданы әкімдігінің 2020 жылдың 14 мамырдағы №130 қаулысының негізінде  Алакөл ауданы бойынша жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қамтамасыз ету үшін бос жайылымдық жерлер, оның ішінде аудан жер қорында орналасқан жалпы көлемі 46 039 га босалқы жерлерді заң талаптарына сәйкес резервке қойылды.

          Аудандық әкімшілік ғимаратында әр аптаның сейсенбі күні аудандық жер комиссиясының отырысына жер мәселесі бойынша құжаттар даярланады. Және де комиссия мүшелеріне туындаған жер мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,   әр өткен отырыс нәтижесі хаттамаланады.                2020 жылдың 2-жартыжылдықта (6 (алты)  ай  ішінде)  бөлімде жер мәселесі (іздестіру жұмыстары рұқсат алу, нысаналы мақсатын өзгерту, тұрғын үйге қызмет көрсету, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу, шаруа қожалығын жүргізу, қауымдық сервитут белгілеу) бойынша  402 өтініш тіркеліп, оның ішінде 3 өтініш қанағаттандырылмады, 399 өтініш оң қорытындысын алып, қанағаттандырылды.

          Жеке және заңды тұлғалардан шаруа қожалығының мүшелері туралы және  жер телімдері аудан жер қорына өткен/өтпегендігі туралы анықтама алу бойынша  2020 жылдың 2-жартыжылдықта (6 (алты)  ай  ішінде)  бөлімде 134 өтініш тіркеліп, «Лотус» бағдарламасына уақытылы енгізіліп, заңға сәйкес жауабы беріліп, өтініштерді орындау мерзімдері  қатаң  сақталды.

        

 

Дата публикации
08 февраля 2021
Дата обновления
08 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

17 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
16 июля 2026
Бейнероликтер
16 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Instagram
Fasebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы