Аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы М.Торебековтың Ауылшаруашылығы бағытындағы туындаған жер мәселесі бойынша наразылық болдырмау мақсатында жұмыс жоспарында белгіленген кезде (2020 жылдын 4 тоқсаны) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтарының төрағаларының қатысуымен отырыс өткізіліп, даулы мәселелер бойынша шаруа қожалықтарына түсіндерме жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімдігінің қаулысымен бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес аудандық жер балансы 2020 жылдың 1 қарашасында бекітіліп «Алматы облысы жер қатынастары басқармасына» тапсырылды.
Аудандық жер комиссиясы отырысына әр аптаның сейсенбі күні жер мәселесі (іздестіру жұмыстары, қоғамдық сервитут белгілеу, нысаналы мақсатын өзгерту, тұрғын үйге қызмет көрсету, өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу) бойынша құжаттар дайындалды.
Алматы облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің Алакөл ауданы бойынша «Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар және басқа да субъектілерінің есебі жүргізіліп, тоқсан сайынғы есептер тапсырылады.