2025 жылы 11 қарашада Абай атындағы қазақ орта мектебінде «Болашақ өз қолында» атты интеллектуалды Quiz - шара ұйымдастырылып өткізілді. Шараға жоғары сыныптың оқушылары, Жас сайлаушылар клубы және аумақтық сайлау комиссия мүшелері қатысты. Бұл шара мәдениетті, азаматтық ұстанымды және ақпаратты дұрыс қабылдау жөнінде ой бөлісуге бағытталған. Шараның мақсаты-жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, белсенді азаматтықты қалыптастыру.