2025 жылы 17 қазанда А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте «Жастар таңдауы - елдің болашағы» атты Жас сайлаушылар клубының алғашқы семинары өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ сайлау мәдениетін дамыту және қоғам өміріне белсенді қатысуға ынталандыру болды
Бүгінгі семинар – тек ақпарат алмасу алаңы ғана емес, жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ел тағдырына бейжай қарамауға, әр дауыс пен әр пікірдің маңызын сезінуге бағытталған игі бастама болды.