2020 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беруі кезінде, барлығы 4 ескертпелер мен ұсыныстар, оның ішінде аудан әкімінің есебінде – 4 ескертпелер мен ұсыныстар айтылды.
2020 жылдың ІІ- ші тоқсанына жоспарланған 2 ұсыныстың 2-і де орындалды. Атап айтсақ, Лепсі ауылының Б.Римова және Ш.Уалиханов көшелеріне жергілікті бюджеттен қарастырылған 55 0583,0 мың теңге қаражат көлеміне сәйкес орта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме- «Алакөл жолдары» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы- «УКС» ЖШС-гі.
Ақши ауылын абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 81,0 млн. теңге қаражат бөлінген. Мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізіліп, жеңімпаз мердігер «Алакөл-Метспецстрой» ЖШС-мен келісім- шарт жасалды. Бүгінгі күнге жалпы 55 %жұмыстар орындалды. Құрылыс алаңын даярлау, жасыл желектер отырғызылатын аумаққа қара топырақ тасымалдау, ескі тротуарларды бұзу жұмыстары жүргізілді. Қажетті материалдарға толықтай тапсырыс берілген. Жұмыс кестесі бойынша аяқталу мерзімі: 31 шілде 2020 жыл.
Аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері кезінде айтылған азаматтардың ұсыныстары мен ескертпелерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық «Алакөл» газетіне және ресми сайтқа жариялануда.
Д.Сатыбалдиев
Г.Нуршина
8/72833/2-14-54