Меню

Страницы

Статья

Алакөл ауданының әкімі Ә.Ә. Жақанбаевтың «Алакөл ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және даму перспективалары» туралы аудан тұрғындарымен 2020 жылы қаңтар айында болған кездесудегі ЕСЕБІ

Қайырлы күн, қымбатты жерлестер!

   Бүгін сіздермен араға бір жыл салып тағы да кездесіп, жүздесіп  отырмыз. Былтырғы кездесуімізде  сіздердің тараптарыңыздан біраз мәселе көтерілген болатын.Соған орай жыл бойы жұмыс істедік. Өткен жылдың ішінде бірқатар мәселелер нақты шешімін тапты. Дегенмен, шешімін күтіп отырған мәселелер де жеткілікті.

    Ауданымызда 80 000 жуық адам тұрады.  Бұл 80 000 тағдыр деген сөз. Әрине тұрғындарымыздың әрқайсысының мұң- мұқтажы мен талап- тілектері бізді толғандырады. Дегенмен, мыңның көңілін бір арнаға тоғыстырып, жүздің тілегін бір жерден шығару – бұл қолма қол атқарып тастайтын оңай шаруа емес. Мұны біз де, сіздер де жақсы түсінесіздер.

    Бұл ең алдымен бізге, жергілікті билік өкілдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы мәселелерді шешу жолында тұрақты және жүйелі жұмыстар жүргізуіміз қажет. Бұл жұмыстар қазіргі уақытты жүргізілуде.

    Бүгін есеп барысында бірқатар цифрлар мен пайыздарды келтіремін. Бірақ бұл жай ғана цифрлар емес. Олардың артында адамдардың тағдыры мен жерлігікті биліктің атқарған жұмыстары тұр. Міне бүгін сол жайында сіздерге жан жақты баяндайтын боламын.

   Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, былтыр барлық деңгейдегі әкімдердің 57 кездесуі өтті. Оған 9 мыңнан аса адам қатысты. 264 адам өз ойларын ашық жеткізді. 

Аудан тұрғындары тарапынан айтылған 75 ұсыныстың, 69-ы орындалды. Ұсыныстардың негізгілеріне тоқталсақ, Қазақстан және Жыланды ауылдарына су жүйелерін реконструкциялау және салу, сондай-ақ, елді- мекендердің ішкі көшелеріне орта жөндеу, жұмыстары атқарылды.

 Үшарал қаласындағы М.Мыңбайұлы атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Сонымен қатар, жұмысқа орналасу, оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету, суармалы су,  жер телімін қарастыру, тегін дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету,  әлеуметтік дәріхана ашу сында  тұрындардың жеке мәселелері мен  ішкі көшелерді жөндеу және жарықтандыру, таза ауыз сумен қамту  сияқты  ауыл мәселелері оң шешімін тапты.

Қалған 6 ұсыныс бақылауға алынып, жүзеге асырылуда. (көл жағалауын кешейту, спорт кешенінің құрылысы, Үшарал- Достық бағытындағы жолды орта жөндеу, жылу трассасын ұзарту т.б)

Өткен жылы аудан әкімінің аппаратына 912, аудан әкімінің ресми блогына 16 өтініш пен арыз түсті. Оның барлығына жауап берілді.

2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің  103 түрі бойынша 180457 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 159879-ы немесе 88,5 пайызы электронды үкімет арқылы жүзеге асырылды.

 

Құрметті жерлестер!

  Жүргізілген жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жүзеге асыруға, сонымен бірге Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ салатын мемлекет тұжырымдамасы» аясында тұрғындармен кері байланыс орнатуға  бағытталды. Осы орайда, биылғы жылы ауданда 56 есепті кездесулер өткізіліп, оған 8996 адам қатысты.

Әр елді мекенде азаматтарды қабылдау жүргізілді. Жергілікті тұрғындардан тұрғын үй, жер, атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша 181 өтініш тіркелді. Оның 168-не жазбаша түсініктеме беріліп, 13-і қанағаттандырылды. 

Өткен 2019 жылды ауданымыз табысты аяқтап, экономиканың базалық салаларында оң серпінге қол жеткізілді.

 

Бюджетке міндетті төлемдерді жинау жоспары 2019 жылы 102,3 пайызға орындалып, 6 млрд.474 млн.теңгеге жетті. (жоспар 6329 млн.теңге), Оның 4 млрд.10 млн.теңгесі жергілікті бюджеттің үлесінде (жоспар 101,6 пайызға орындалды).

Меншікті салығымыз 3 млрд.868 млн.теңгеге толықты. Жоспар 101,4 пайызға орындалды (жоспар 3815,8 млн.теңге).

Бюджет шығысының жылдық жоспары 99,4 процентке немесе 14 млрд. 647 млн.теңгеге игерілді.

Ал 2020 жылға бюджет кірісі 16,8 млрд.теңгеге бекітіліп, оның 14,1 млрд.теңгесі трансферттер есебінен.

ҚР Президентінің жолдауында «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. 

 Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар.

 Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек.

Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді» деп айтып өтті.

Осы орайда, ауданда бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі- егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ислам» банкі арқылы магистралды каналдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуге  екінші лот өткізіліп, ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары атқарылады. Нәтижесінде 4,5 мың гектар суармалы егістік айналымға енгізуді жоспарлап отырмыз.

   Жалпы өндірілген ауылшаруашылығы өнімі көлемі 45 млрд. 682 млн. теңгені құрады, (егін шаруашылығы 25 млрд. 593 млн. теңге, мал шаруашылығы 19 млрд. 917 млн. теңге.)

Есептік мерзімде 18125 тонна ет, 41488 тонна сүт, 1000 тонна балық, 350 тонна бал өндіріліп, 175 тонна ет, 686 тонна балық (филе), 120 тонна бал экспортталды.

2019 жылы ауыл шаруашылық құрылымдарына ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында 1 млрд. 600 млн. теңге субсидия (750 млн. теңге мал шаруашылығын асылдандыруға,471 млн. теңге инвестсубсидияға, 151 млн. теңге ауылшаруашылығы техникаларына,   88 млн. теңге қант қызылшасына, 75 млн. теңге гербицидке,33 млн. теңге минералды тыңайтқыштарға 32 млн. тұқымға) және «Алакөл» кредиттік (көктемгі егіс дала жұмыстарына,мал шаруашылығына) серіктестігі арқылы 401 млн. теңгеге несие беріліп, мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 2019 жылы 84,6 мың гектар егіс алқаптары игерілді.

Қол жеткізген жетістіктерімізбен қатар кемшіліктеріміз де бар. Өткен жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты 800 гектарға егілген қант қызылшасы жоспардан шықпады. (өткізілгені 6571 тонна) Ағымдағы жылы  орын алған кемшіліктерді бодырмау мақсатында агротехниканы сақтап, егіс алқаптарына минералдық және органикалық  тыңайтқыштарды қолдау жұмыстарын жандандыруымыз қажет.

 

2019 жылы ауданда 76603 гектар пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлері анықталып, шара қолданудың нәтижесінде 40934 гектар жер игерілді, 4179 гектар жер аудан жер қорына қайтарылды.

26 әкімшілік іс қозғалып, 15 кәсіпкерге 1 млн. 515 мың теңгеге айыппұл салынды, 11 шаруа қожалығына ескерту берілді. Бұл жұмыстар ары қарай да жалғасын табады.

Өздеріңізге белгілі, 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурс жариялауға шектеу (мораторий) қойылған болатын.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, елді- мекендердегі ауылшаруашылық құрылымдарының сұраныстары негізінде, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге 436 гектар жерге 46 лотқа конкурс ұйымдастырылып, жер телімдері заңға сәйкес 2020 жылдың І- жартыжылдығында берілетін болады.

2020 жылы барлық егістік көлемін 84700 гектарға игеру жоспарымызда (дәнді дақылдар - 33360 га,  қант қызылшасы - 857 га,  майлы дақылдар – 36160 га, картоп – 1597 га, жеміс-жидек және бақша дақылдары - 997 га, азықтық дақылдар - 11729 га).

Мал шаруашылығында мал басының негізгі түрлерінің өсімі тұрақты.

Бүгінгі күнге ірі қара малы 67757 басты, жылқы 26233 басты, ұсақ мал 196913 басты құрайды. Жалпы мал басы санының асыл тұқымды мал санатын өсіруде былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара – 103,6  пайызға (17320 бас), жылқы – 104,7 пайызға (4171 бас), қой малы– 100,5  пайызға (65450 бас) артқан.

Өткен жылы  жалпы жылдық қуаттылығы 4000 тонна ет өнімдерін өңдеу кәсіпорны(«Қайыңды» ЖШС, құны 835 млн.теңге, 30 жұмыс орны); 988 млн.теңгеге «Алакөл асыл жылқысы» серіктестігінің 20 мың басқа арналған жылқы фермасы (56 жұмыс орны) қолданысқа берілді.

 

 

Нәтижесінде аудан экономикасына  ауыл шаруашылығын дамытуға 1,8 млрд.теңге инвестиция тартылып, 108 тұрақты жұмыс орны қамтамасыз етілді.  

Ауданда сүтті бағытта 1350 басқа арналған тауарлы - сүт фермасы жұмыс істейді.  Ауыл тұрғындарынан ірі қара малының сүтін жинап, қайта өңдеу мақсатында «Компания Тау Самал ЛТД» серіктестігі тауарлы-сүт фермасын қайта жандандыру мақсатында 2019 жылы Америка құрама штаттарынан 204 млн теңгеге (аграрлық несие корпорациясы арқылы) 240 бас «Голштеин» сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малын сатып алды.

2020 жылы «Алакөл Агро» серіктестігінің құны 700 млн.теңгеге 5 000 басқа арналған ұсақ мал және 1,9 млрд. теңгеге «Қайыңды» серіктестігі 20 000 басқа,  «Алакөл Флеш» серіктестігінде 1500 басқа арналған  ірі қара малын  бордақылау алаңын, «Алакөл май» серіктестігінің  өсімдік майын өңдеп, арнайы ыдыстарға құю, Лепсі ауылдық округінде қымыз бен шұбатты өңдеп, бөтелкелерге құю цехын  2020 жылы қолданысқа берілуін жоспарлап отырмыз.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі  10 млрд. 248 млн. теңгеге жетті. (2018 жылы – 9065 млн. теңге).

2019 жылдың қаңтар айында Бескөл ауылында құны 300 млн.теңгелік қуаттылығы күніне 800 кг балық өнімдерін өндіретін балық өңдеу зауыты іске қосылып 30 тұрақты  жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан 4 асфальт-бетон зауыты  қолданысқа беріліп, 3,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Өндірістің көлемін ұлғайту мақсатында, Достық ауылында құны 16 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын (100 жұмыс орны) 1528  гектар жерге 7 блоктан тұратын (1.инженерлік коммуникациялық блок. 2.машина жасау кешені. 3.биотехнологиялық кешен. 4.химия өнеркәсібі. 5.электроэнергетика. 6. құрылыс заттарын өндіру. 7. жел электр энергиясын өндіру.) Достық индустриалдық парк құрылысы басталады. («ПетроЧемикалТранспортион Компания» ЖШС)

 

Қолайлы географилық орналасуымен қатар, Ресей, Орта Азия, Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің тауар нарығына шығатын перспективалық транспорттық дәліздің болуына байланысты әр блок тек қана функционалдық емес, стратегиялық және коммерциялық мақсатта жұмыс істей алады.

2019 жылы 29 млрд. теңгенің инвестициясы тартылса, оның 22 млрд. 688 млн. теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен.   2020 жылы 33 млрд.теңгеге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. (оның ішінде шағын және орта бизнестік үлесі 25 млрд.теңге )

ҚР Президентінің жолдауындағы «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі» деп атап өтті.

Осы салада,  шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілер саны 3292 бірлікке жетті. Бұл салада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 11,1 мың адамға артты. 46,3 млрд.теңгенің қызметі мен өнімін өндіріп, бюджетке 2,9 млрд. теңгенің салығын түсірді.

2020 жылы шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілер санын 3337 бірлікке,  жұмыспен қамтылғандардың санын 12,0 мың адамға, өндірілетін өнім мен қызмет көлемін 51,5 млрд.теңге, салық түсімін 3,1 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған.

Бөлшек тауар айналымы 20,9 млрд.теңгені құраса, үстіміздегі жылы 21,5 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда.

 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2019 жылы 79 жұмыс орнымен 20 жоба 532,9 млн.теңгеге және «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде (экономика простых вещей) басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша 211 млн.теңгеге 3 жоба қаржыландырылды.

Шағын және орта бизнестің потенциалын пайдалана отырып, тұтынушыларға өндірілетін өнімді делдалсыз қайта өңдеп жеткізу бүгін күннің басты мақсаты.

 

Елбасымыз ауданға келген сапарында:  «Алакөл Қазақстанда ең көп демалушы баратын жерге айналуы керек», -деген болатын.

Бүгінгі күнге Алакөл демалыс аймағында күніне 23714 туристке қызмет көрсететін 244 демалыс орны жұмыс істейді.

2019 жылы өз қаражаттары есебінен 1291 орынды 35 нысан қолданысқа беріліп, аудан экономикасына 2,6 млрд.теңгенің инвестициясы тартылып, демалушылардың саны 1 млн.340 мың адамға жетті, 7 млрд. 951 млн.теңгенің қызметі көрсетілді (бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 130,2 процентке артық).

    2020 жылы өз қаражаты есебінен 2 млрд. 802 млн. теңгеге 15 туристік нысанды және 872 млн. теңгеге «Гранд Вилл-2» демалыс кешенін  қолданысқа беру арқылы демалушылардың санын 1,5 млн. адамға, көрсететін қызмет көлемін 8 млрд. 220 млн.теңге жеткізу жоспарлануда.

 

Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылы Алакөл демалыс аймағында саябақ құрылысы басталып, биыл шомылу маусымына дейін қолданысқа беріледі (2019-2020 жж бөлінгені 694,5 млн.теңге).

Сонымен қатар, көл жағалауының 13,6 шақырымын (Ақши ауылы – 10,2 шақырым, Көктұма ауылы – 3,4 шақырым) бекіту (бөлінгені 8,8 млрд.теңге),  демалыс аймақтарына орталықтандырылған ауыз су (бөлінгені 1,1 млрд.теңге) және кәріз жүйелерінің құрылысын (бөлінгені 1,1 млрд. теңге), Ақши ауылының жол жиегін абаттандыру (бөлінгені 81 млн.теңге), волейбол, футбол және үлкен теннис алаңын салу жұмыстарын бастаймыз (305 млн. теңге).

Аудан тұрғындарын таза ауыз су, жылу, жарықпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.  

Елімізде ерекше назарға алынған мемлекеттік саясаттың бірі – қазақстандықтарды сапалы әрі таза ауыз сумен қамтамасыз ету.

 Осы орайда, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Қазақстан, Жыланды (585,4 млн.теңге) ауылдарының ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлесі 85,7 пайызға жеткізілді (48 елді- мекен. Су құбырының ұзындығы 412 шақырым). Сонымен қатар, халықтың сұранысы бойынша Жанама, Екпінді ауылдарының және Үшарал қаласының ауыз су жүйесіне ағымды жөндеу жұмыстары атқарылды (34,7 млн. теңге)

(Суды тұтыну  тарифі өлшеуіш құралымен 98,03 теңге/м3, өлшеуіш құралынсыз жалпылама адам басына 520,0 теңге).

Биылғы жылы Үшарал қаласында жеке тұрғын үйлер салуға арналған 150 гектар жер учаскелеріне су жүйесін тарту (333,9 млн.теңге) арқылы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлесі 87,5%-ға жеткізіледі.

Қазіргі таңда қала тұрғындары 52 процент  жылыту жүйесімен қамтамасыз етіліп, орталықтандырылған жылыту қазандығы 21 Геко/коллория жылу энергиясын өндіруде.

Қала тұрғындарының орталықтандырылған  жылыту қазандығына қосылуға сұраныстары көп. Осы орайда, 37,0 млн. теңгеге орталықтандырылған жылыту қазандығын қайта жаңғырту жұмыстарын жобалау арқылы 2020-2021 жылдары қала тұрғындарын   жылыту жүйесімен қамтуды 72 процентке жеткізіп, жылу энергиясын 47,1 Геко/коллорияға өндіру, жылу трассасының ұзындығын 117,7 шақырымға ұзарту жоспарымызда. (Жылу трассасының ұзындығы 43,2 шақырым. Абонент саны-1602, оның ішінде мемлекеттік мекеме- 53, кәсіпкерлік нысан-109, көп қабатты пәтер- 1110, жеке тұлғалар-380.Жеке тұрғындар үшін  өлшеуіш құралымен3088 теңге/Г/Калл. Өлшеуіш құралсыз-175 теңге/ метр квадрат. Басқа тұтынушыларға6162 теңге/Г.Калл.)

Лепсі және Қабанбай ауылдарының  ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуге жобалық сметалық құжат дайындауымыз қажет. Сондай-ақ,  Жұмахан Балапанов ауылына су жүйелерінің құрылысын жүргізуге 667 млн. 782 мың  теңгеге республикалық бюджетке  ұсыныс енгізілді.  

 

 

Елді- мекендерді тазалықпен қамтамасыз етуде «Алакөл тазалық» кәсіпорнының материалдық – техникалық базасын нығайту мақсатында барлығы 35 техникамен қамтамасыз етілсе, оның 16 бірлігі  2018-2019 жылдары 395 млн. теңгеге  сатылып алынып, ауданның абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық-тазалық жұмыстарына жұмылдырылуда.

 Үшарал қаласының аумағынан 10,0 га жерге аймақтық тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау полигонының  және 3,0 га жер теліміне тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, өңдеу цехы құрылыстарын салуға «Алатау Тазалық» акционерлік қоғамы арқылы жобалау сметалық құжаттамасы даярлануда.

 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жайпақ және Көктұма ауылдарының демалыс саябағын ағымды жөндеуге 21 млн.теңге, Қамысқала, Жанама және Қызылқайың ауылдарының спорт алаңдарын ағымды жөндеуге 22,9 млн.теңге қаражат бөлініп,қолданысқа берілді.

2020 жылы аталған бағдарлама аясында 42,5 млн.теңгеге Теректі, Қайнар, Екпінді, Жайпақ және Тоқжайлау ауылдарының абаттандыру жұмыстары атқарылмақ.

Сонымен қатар, жобалау сметалық құжаттары дайындалған (260,5 млн.теңге) Қант зауытындағы көп қабатты үйлердің аумағын көгалдандыру мен жарықтандыру және саябақ аумағын абаттандыру жұмыстарын атқаруымыз қажет.

Жол экономикамыздың күре тамыры. Авто-көлік жолдары бойынша өткен жылы жергілікті маңызы бар 581 шақырым жолдардың 22 шақырымына 770 млн.теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Үстіміздегі жылы 5 елді мекенге (Жыланды – 25,9 млн.теңгеге Оспан көшесі, Үшарал – 50,9 млн.теңгеге Рязанова және Айманова көшесі, Архарлы – 39 млн.теңге Рахимов және Абай көшесі, Қабанбай – 24,2 млн.теңге желтоқсан көшесі, Үшқайың – 12,7 млн.теңге Малтабаров көшесі) 12,8 шақырым  автокөлік жолдарына орта жөндеу, Үшарал қаласындағы Қазақстан көшесіне 240 млн. теңгеге, Ақши ауылы көл жағалауындағы 7,8 шақырым жолға 1 млрд. 39 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары атқарылады. 

 Нәтижесінде, аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық  жағдайы        53,6 пайыздан 55 пайызға жеткізіледі.

Ауданымызда 534 шақырымды құрайтын облыстық маңыздағы жолдар бар.

2019 жылы  754 млн.теңгеге Үшарал – Қамысқала (6 шақырым), Қабанбай – Көктұма (4 шақырым), Қайнар (2,4 шақырым), және Ақши ауылдарының  кіре беріс (7,3 шақырым) автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2020 жылы  Қабанбай - Көктұма бағытының 52 шақырым (1 млрд. 700 млн теңге), Қабанбай - Лепсі бағытының 20 шақырым жолына  (779 млн теңге) орта жөндеу жұмыстары, Қабанбай – Көктұма бағытындағы 6 көпірдің (9,4 км, 15,5 км, 15,7 км, 34,3 км, 34,5 км, 38,9 км), Төңкеріс- Көкжар бағытындағы 2 көпірдің (14,8 км, 21,8 км)    күрделі жөндеу жұмыстарына

1 млрд 375 теңге қарастырылып, жұмыстар атқарылатын болады.   

 

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі- аудан орталығында қоғамдық көлік жүргізу. Осыған  орай, тұрғындардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында қала ішінде қоғамдық көлік жүргізу жұмыстары атқарылатын болады.  

Құрылыс саласында жаңадан 12,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, құрылыс жұмыстарының көлемі 16 млрд 746 млн. теңгеге жетті. (2018 жылмен салыстырғанда 138,5 пайызға өсті)

«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында кезекте тұрған және мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамту мақсатында 19 көп балалы отбасына 130,9 млн.теңгеге тұрғын үй сатып алынды. Сонымен қатар, аз қамтамасыз етілген отбасыларына  демеушілердің көмегімен 13 тұрғын үйдің кілті табыс етілді.

Ауданның даму жоспарына сәйкес, Үшарал қаласында халыққа қызмет көрсету орталығы, емхана, Достық ауылында 600 орындық мектеп құрылыстарын салуға жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, 2 млдр. 774 млн. теңгеге республикалық бюджетке сұраныс енгізілген. Құрылыс жұмыстары 2020-2022 жылға жоспарланған. 

2020 жылы Достық ауылында  спорттық кешен (ФОК) құрылысы басталып (997 млн. 208 мың теңге), 2021 жылы пайдалануға беріледі.

Ағымдағы жылы Бескөл (10 млн. 51 мың теңге) және Лепсі (8 млн. 384 мың теңге), ауылдарында осындай спорт кешендерінің жобалау жұмыстары атқарылады.

Сонымен қатар, Достық ауылына 2021-2022 жылдары «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы арқылы 14 млрд. 300 млн.теңгенің инвестициясы тартылып, 438,7 млн.теңгеге 66 көп қабатты тұрғын үйлерге ағымды жөндеу жұмыстары (шатырын ауыстыру, сыртқы келбетін қалпына келтіру және ішкі инженерлік жүйелерін жөндеу), автомобиль және темір жолдарында адам қауіпсіздігін сақтау мақсатында 587,8 млн.теңгеге жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталып, 2021 жылы аяқталады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан орталығын кеңейту мақсатында, Үшарал қаласының  бас жоспарына сәйкес, бөлінген 22 гектар жерге 16 көп қабатты тұрғын үй, мектеп, балабақша, сауда орталығы, дәріхана, жатақхана құрылыстары салынатын болады.

 Қазіргі таңда 20 және 60 пәтерлі тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілген.

Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде барлығы 1879 азамат тіркелген. Оның ішінде, 170-сі жетім балалар, 660-ы бюджеттік сала қызметкерлері, 789-ы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, 314-і көп балалы отбасылар.

2020 жылы  тұрғын үй кезегіне мұқжат азаматтарға арналған екі 20 (131,6 млн.теңге) және бір 60 (627,4 млн.теңге)   пәтерлі тұрғын үй құрылысы салынып, оның  20 пәтері кезекте тұрған көпбалалы аналарға және 40 пәтері тұрмысы төмен отбасыларға беріледі.

 

 «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 2020 жылы Қабанбай ауылының ауруханасы (бөлінгені 710 млн.теңге) мен мәдениет үйін (бөлінгені 188,6 млн.теңге) күрделі жөндеуден өткізіп, 7 көшесін орта жөндеу жоспарымызда (235 млн.теңгеге).

Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту, әл-ауқатын көтеру- мемлекеттің басты міндеті.

Былтырғы жылы ауданда көп балалы, аз қамтамасыз етілген 1192 отбасына, 795 млн. 700 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек және  6 млн.212 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, 195 отбасындағы 202 балаға 13 млн. 498 мың теңге қаражат бөлінп, балабақшамен, 1703 бала ыстық тегін тамақпен, 2700 балаға 31 млн. теңге көлемінде материалдық көмекпен  қамтылды.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалуда.

Ауданда мүмкіндігі шектеулі 1873 азамат есепке алынған. Олардың 798-і балалар, оның ішінде мүгедек балалар саны-232.

Қазіргі таңда №11  психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде  329 балаға 7 маман қызмет көрсетеді  (дефектолог, сурдопедагог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог т.б.)

 Білім мекемелерінде үйде оқытылатын 90 баланың мүмкіндігі шектеулі 74-не құрал- жабдықтарға 3 млн. 484 мың теңге қаражат бөлініп, қамтамасыз етілді. 

 Сонымен қатар, 18 мектепте 54 оқушы (кемістігі бар балалар)  инклюзивті біліммен қамтылып отыр.

Аудан бойынша 2 инватакси қызметі көрсетіліп, жыл бойына 101 мұқтаж азаматтардың 6765 тапсырысын орындады.

Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 88 млн. 463 мың теңгенің арнаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді.

 

Биыл Атаулы әлеуметтік көмек алу тәсілдеріне өзгерістер енгізіліп, әлеуметтік көмек алушылар отбасының барлық мүшелері үшін жан басына шаққандағы табыстар мен кедейшілік шегіндегі (21505 теңге) айырмашылық сомасы қана төленетін болады.

Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасының басты мақсаты – отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту арқылы, өмірлік қиын жағдайдан шығару, отбасының табысын арттыру болып табылады.

Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесіне ұсынылған жұмыстан немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартқан жағдайға атаулы әлеуметтік көмек 6 ай мерзімге барлық отбасына тоқтатылады. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасының балаларына арналған кепілдендірілген пакет енгізілді (бұл ай сайын 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік пен гигиеналық құралдар).

 

Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалары бар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға 13255 теңге көлемінде төленетін болады.

Биылғы жылдың қаңтарынан 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға табыс көзіне қарамастан тұрақты мемлекеттік жәрдем ақы төленетін болады.

Дәл қазіргі сәтте осындай қолдауды 65 млн. 235 мың  теңге көлемінде  1410 отбасы алды. (4 балаға – 42496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға- 63 757 теңге, 7 баладан жоғары – 74388 теңге).

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының 3 бағыты бойынша 678 азамат оқуға жіберілді. 51 азаматқа 208,5 млн.теңгенің шағын несие берілді. 165 адамға 75 млн. 743 мың теңгеге грант бөлінді.

Жастарға жүктелген үміт пен сенімді ескере отырып, Елбасы 2019 жылды- Жастар жылы деп жариялаған болатын.

   Бүгінде ауданда  14 пен 29 жас аралығындағы 15564 жас бар.  Оның ішінде қала жастары – 4958ді құрайды.

  Аудан жастары, «Еңбек»,  «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларына қатысып, шағын несиелер, көтерме жәрдемақылар алып, тұрақты жұмыспен қамтылуда.

Бүгінде білім – адам мен қоғамды табысқа жетелейтін басты фактор.

Осы ретте аудандағы  44 мектепте 13080 оқушы білім алуда, 3 ауысымды және апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ.

2019-2020 оқу жылында 1 сыныпқа 1448 бала қабылданды.

52 мектепке дейінгі мекемемелерде 2651бала (1595 бала 19 балабақшада, 1056 бала 33 шағын орталықтарда) тәрбиеленуде. Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы 100 пайыз.

    Өткен жылы 2 мектепке (М.Мыңбайұлы 382 млн.теңге және Көлбай ОМ 581,6 млн.теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Үстіміздегі жылы Үшбұлақ ауылының «Безродных» атындағы орта мектебі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіледі (468,6 млн.теңге).

Жалпы білім беретін мектептердің барлығы компьютерлендірілген, 17 мектеп спутник желісіне, 28 мектеп кең жолақты интернетке қосылған (62,3 пайыз).

2020 жылы «Ауылдық елді мекен-250» бағдарламасы аясында 13 елді мекенге интернет желісін орнату арқылы, кең жолақты интернетке қосуды 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Үшарал қаласында жеке меншік қаражатына 150 орындық балабақшаның құрылысы салынуда, 2020 жылы қолданысқа беріледі.

Аудан бойынша 2 мектеп-интернатта 110 оқушы тәрбиеленуде. (М.Мыңбайұлы ат.ОМ -55, М.Әубәкіров ат.ОМ -55)

Мектеп интернаттарындағы балалардың сапалы білім алуына толық жағдайлар жасалған.

Мемлекеттің басты байлығы адам және оның денсаулығы. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, біз бастапқы медициналық- санитарлық көмекті дамытуға негізгі назарымызды аудара отырып, ауданның денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды бастадық .

 Ауданымызда 42 емдеу- сауықтыру мекемелері халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 5 дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуді (Бескөл, Жайпақ, Үшбұлақ, Теректі, Қызылқайың,) 5 дәрігерлік амбулатория (Жанама, Көлбай,Жанама, Еңбекші, Екпінді) және 3 фельшерлік акушерлік (Қайнар, Қоңыр,Ақжар) пункттер жаңа құрылыс жүргізуді қажет етеді.

Аудандық емдеу сауықтыру мекемелерінде барлығы 21 санитарлық автокөлік бар. Десе де, олардың тозығы жеткен. Осы орайда, ағымдағы  жылы 6 елді мекендегі (Еңбекші, Көктұма, Үшбұлақ, Көлбай, Лепсі, Жыланды) дәрігерлік амбулаториялардың санитарлық машиналары  жаңартылады.

Қазіргі таңда денсаулық саласында дәрігер тапшылығы 10 бірлікті құрайды, оның ішінде орталық ауруханаға 3 дәрігер маман қажет. (1- анестезиолог, 1-неонатолог, 1-патологоанатом ) 

Дәрігер мамандарды тарту және тұрақтандыру мақсатында Қабанбай ауылына 7 үйдің құрылысын салу жоспарланып отыр.

Өткен жылы  1388 нәресте дүниеге келді (2018 жылы -1385 нәресте).

Сондай-ақ, диспансерлік есепте тұрған 6993 науқасқа (артериалдық гепертония, қант диабеті, ишемиялық жүрек ауруы)  107 млн. теңгенің  тегін дәрі- дәрмегі берілді.

2020 жылы тегін дәрі дәрмекке 203 млн. теңге қарастырылып отыр.

«Денсаулық 2016-2019» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы 159,3 млн.теңгеге 7 бірлік медициналық қондырғылар сатып алынды.

 

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 499 млн.теңгеге аудандық ауруханаға компьютерлік томография қондырғысы орнатылып, жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда лапароскопия отасын (тесіп ота жасау) жасау үшін медициналық құрылғаларға сұраныс беріліп отыр.

Жаңа медициналық құрылғылар сапалы медициналық қызмет көрсетуге септігін тигізуде.   

Мәдениет саласында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары іске асырылуда.

 Ауданда 16 мәдениет үйі, 23 кітапхана, 1 архив, 1 музей халыққа мәдени қызмет көрсетеді.

Ынталы ауылдық клубына 57 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылы қолданысқа беріледі.

Сондай-ақ, демеушілер есебінен Архарлы ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда (15 млн. теңге).

Алдағы уақытта Ақтүбек (611074,0 млн. теңгеге 150 орындық), Екпінді (589 050,0 млн. теңгеге 100 орындық) ауылдарында мәдениет үйінің құрылыстары жүргізіледі.

2020 жыл атаулы даталарға толы жыл болмақ. Атап айтсам, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Ә.Әлімжановтың 90 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аталып өтілмек. Осыған орай,  ауданымызда ауқымды мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Қылмысқа қарсы күресті күшейту, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелерінде кешенді  шараларды іске асыру аудандағы құқықтық  тәртіп жағдайына игі әсерін тигізді.

 

 

2019 жылы ауданда 438 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 91-ге азайып отыр.  Қылмыстардың ашылуы 91,6%(2017 жылы-88,8%) құрады.

Аудан тұрғындарының тыныштығын қадағалап, тәртіп орнату алдыңғы қатарлы міндет. Осы ретте аудандық полиция бөлімінің материалдық техникалық базасы жылдан жылға нығаюда. Компьютерлік техника, оңтайлы және тұрақты байланыс жүйелерімен қамтылған.

Сонымен қатар, 7 елді мекеннің (Теректі, Жыланды, Ұшбұлақ, Тоқжайлау, Екпінді, Қабанбай және Көлбай) полиция тұрғын үйлермен жапсарлас полиция пунктерінің құрылысы жүргізіліп, үстіміздегі жылы пайдалануға беріледі.

Қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында ағымдағы жылы 100 бейне бақылау камераларына сұраныс берілді. (Үшарал қаласы-50, Ақши- 30, Көктұма-20)

Ауданымыздағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да басты назарымызда.  

 Аудан аумағында көктемгі су тасқынына қауіпті 8 елді мекен бар. (Еңбекші, Балапанов, Қарабұлақ, Қабанбай, Екпінді, Тоқжайлау, Сапақ, Үшарал).

Өткен жылы қаңтар айында орын алған төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және келешекте болдырмау мақсатында 32,3 млн.  теңге қаржы бөлініп, Тентек өзенінің 6 шақырым арнасын тазалап-тереңдетіп, жағасын күшейту жұмыстары жүргізілді.

   Төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шараларына сәйкес, Тентек өзеніне бөгет жасау, Шынжылы, Лайбұлақ өзендерінің арнасын тазалау, Ұялы ауылына кіре беріс 500 метр көлік жолын қалпына келтіру жұмыстары атқарылмақ.

   Сондай-ақ, автожолдардағы 1120 құбырлы көпірлер, 25 шақырым арық жүйесі, 18 шақырым канал тазартылды. 

   Әкімшілік қорында жанар жағар май, қаптар (мешок), инертті материалдар жеткілікті мөлшерде дайындалды. (4500 қап, 1550 куб инетті материал, 15 тонна дизель отыны)

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындап берген елдік бағытымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін ауданда түрлі шаралар қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Осы бағдарлама аясында 2019 жылы барлығы 59,5 млн.теңгенің 10 жобасы іске асырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын табады.

Құрметті жерлестер!

Сөзімді қорытындылай келе, алдағы уақыттарда атқарылатын өзекті мәселелерге тоқталып өтпекпін.

  • ауданның даму бағдарламасында қарастырылған мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған нақты жоспар әзірлеу;
  • көктемгі егіс жұмыстарына уақытылы дайындық шараларын жүргізу;
  • мал төлдету науқанын өз деңгейінде өткізу;
  • қолданыстағы заманауи өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту және жаңаларын салу бойынша шаралар қабылдау;
  • пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді және жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер телімдерін қайтару;
  • туристік демалыс аймақтарының инфрақұрылымын дамыту;
  • шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жаңа инвестициялық жобаларды ұсыну;
  • өндіріс алаңын жүктеу;
  • жұмыссыздық деңгейін төмендету және жұмыссыз халықты жұмыспен қамту ықпал шараларын жүргізу;
  • көктемгі су тасқынының алдын-алу шараларын іске асыру;
  • елді мекендерді көркейту, абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;

- алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту.

 

         Аталған жұмыстар тұрғындардың өмір сүру және тұрмыс жағдайын жақсаруға оң ықпалын тигізетін болады.

Құрметті қауым!

Есепті кезеңнің қорытындыларын шығара отырып, елеулі жұмыс жүргізілгенін атап көрсету керек. Барлық көрсеткіштер бойынша біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Мұның барлығы сіздердің қатысуларыңызбен және қолдауларыңызбен жүзеге асырылды, құрметті азаматтар!

Әрине, әлі шешуді талап ететін мәселелер аз емес. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бізге кемшіліктерді көру мен жоюға көмектеседі. Сол үшін сіздерге ерекше ризалығымды білдіргім келеді.

  

Бүгінде Мемлекет басшысы экономиканы одан әрі нығайту, қоғамдық сананы жаңғырту бойынша біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеді. Біз ел Президентінің барлық тапсырмаларын тиісті мерзімінде орындауға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

 Ауданның әрбір тұрғынының табысы мен өмір сапасының жақсаруы – біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші.
Сіздермен бірлесе отырып, алда тұрған міндеттерді орындайтынымызға сенемін.
   Ең  бастысы тұрақтылықты қалыптастыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, салық  түсімдерінің  көздерін арттыру, өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту басты назарда  болмақ.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

Дата публикации
17 сентября 2020
Дата обновления
17 сентября 2020
Тип
Баяндама

Сейчас читают

17 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
16 июля 2026
Бейнероликтер
16 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Instagram
Fasebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы