Меню

Страницы

Статья

«TAZALAKE ALAKOL» экологиялық акциясы өтті

«TAZALAKE ALAKOL» экологиялық акциясы өтті

 

2025 жылғы 22 тамыз күні Алакөл ауданының Ақши ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында «TAZALAKE ALAKOL» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Шараны «Jetisy jastary» КММ ұйымдастырып, оған еріктілер, демалушы тұрғындар мен қонақтар қатысты.

Акцияның басты мақсаты – табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жергілікті тұрғындар мен демалушыларды қоршаған ортаны аялауға шақыру. Сонымен қатар, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты негізінде патриоттық құндылықтарды дәріптеу де көзделді.

Акция барысында 25-ке жуық қатысушы көл жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыс қалдықтарын жинады. Табиғат қорғау бағытындағы түсіндіру жұмыстары да қатар ұйымдастырылып, жастар мен демалушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесіне назар аударылды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «TAZALAKE ALAKOL» – бұл тек бір реттік шара емес, аймақтағы экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған жүйелі бастаманың бір бөлігі. Мұндай акциялар арқылы тұрғындар мен қонақтар табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, болашақ ұрпақ үшін таза әрі салауатты орта қалыптастыруға үлес қосады.

— «Әр азаматтың табиғатты қорғаудағы үлесі – елдің болашағы үшін жасалған қадам. Бүгінгі акция – осы игілікті істің айқын дәлелі», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Алакөлдің табиғаты мен сұлулығын сақтау – баршаның ортақ міндеті. Сол себепті мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Дата публикации
29 августа 2025
Дата обновления
29 августа 2025
Тип

Сейчас читают

17 июля 2026
ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер
16 июля 2026
Бейнероликтер
16 июля 2026
Аудиороликтер

Социальные медиа

Instagram
Fasebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы