Құрметті сайлаушылар!
Қазақстан Республикасындағы сайлау азаматтың
сайлау құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді және
жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тең және
тікелей сайлау құқығы негізінде жүргізіледі.
Егер Сіз Қазақстан Республикасының азаматы
болсаңыз және дауыс беру күні 18 жасқа толған болсаңыз,
онда Сіз Қазақстан Республикасының Президентін,
Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының
депутаттарын сайлауға құқығыңыз бар.
Өткізіліп жатқан сайлау туралы қарпі үлкейтілген
қолжетімді форматтағы және аудиоформаттағы ақпарат
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
ресми сайтында (http://www.election.gov.kz)
«Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтары»
бөлімінде орналастырылады.
Сіз өзіңіздің сайлаушылар тізіміне енгізілген
тұрғылықты жеріңіз бойынша немесе нақты болатын
жеріңіз бойынша сайлау учаскесінде дауыс беруге
қатысуыңызға болады.
Ең алдымен, Сізге тиісті учаскелік сайлау комиссиясына
алдын ала қоңырау шалып, сайлаушылар тізімдерінде
өзіңізді тексеруді және уәкілетті қызметкерлерді қалай:
сайлау учаскесінде немесе үйде дауыс беретініңіз
жөнінде хабардар етуіңізді ұсынамыз.
Осы жаднамада біз дауыс берудің негізгі қағидалары
туралы және сайлау органдары сайлаушылар болып
табылатын мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау
құқықтарын қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыс
жүргізіп жатқаны туралы баяндаймыз.
4
Сайлау органдары туралы
Сайлау комиссиялары Республикадағы сайлауды
әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау
органдары болып табылады.
Сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін:
1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиялары;
3) учаскелiк сайлау комиссиялары құрайды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын
қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті
мәслихаттар қалыптастырады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес
жылды құрайды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 10060
учаскелік, 232 аумақтық, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жұмыс істейді.
Сайлау заңнамасы
2018 жылғы 29 маусымда мүмкіндіктері шектеулі
азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету
мақсатында сайлау тәжірибесінде алғаш рет «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық
заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, мынадай нормалар көзделді:
– 18-бап (4-1-тармақ) учаскелік сайлау
комиссиялары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың
сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті
шараларды қабылдайтынын көздейді;
– 39-бап (1-1-тармақ) дауыс беруге арналған
үй-жайды жабдықтау кезінде мүмкіндіктері шектеулі
азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз
кіруі және онда дауыс беруі үшін жағдайлар қамтамасыз
етілуі тиіс екенін көздейді;
5
– 48-бап (2-1-тармақ) жергiлiктi атқарушы
органдар сайлау комиссияларына мүмкіндіктері
шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз
ету жөнiндегi жұмыста жәрдемдесуге мiндеттi екенін
көздейді.
Нормативтік-құқықтық актілер
Аталған новелларды іске асыру үшін «Сайлау
учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс
беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183
қаулысына түзетулер енгізілді.
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге
арналған үй-жайды жарақтандырудың ерекшеліктері»
деген жаңа тарау енгізілді, онда мыналар көзделеді:
– дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер)
орналасатын ғимаратқа кіреберісте тұтқалар, төсеніштер,
пандустар, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылар
(уақытша рұқсат етіледі) көзделуі тиіс;
– дауыс беруге арналған үй-жайлар мүмкіндіктері
шектеулі азаматтар үшін барынша қолжетімділікпен
қамтамасыз етіліп, бірінші қабаттарда орналасуы немесе
басқа қабаттарға бару үшін көтеру тетіктері болуы тиіс;
– дауыс беруге арналған үй-жайларда тактильді
көрсеткіштер (мүмкіндігінше), тірек-қозғалыс аппараты
функциялары бұзылған, соның ішінде кресло-арбаларды
пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі
ескерілген, жасырын дауыс беруге арналған кабина;
– мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін бейімделген
форматта сайлау туралы материалдар салынған
компьютер, құлақаспаптар, сайлау туралы ақпараты бар
арнайы папка және т.б. қамтитын, мүмкіндіктері шектеулі
6
азаматтар үшін арнайы жабдықталған орын (бұрыш)
болуын көздейді.
Сонымен қатар жергiлiктi атқарушы органдар
мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін
арнайы сайлау учаскелерiн құра алады.
Қоғамдық бірлестіктермен
өзара іс-қимыл туралы
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мен олардың
қоғамдық бірлестіктері мүмкіндіктері шектеулі
азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру жөніндегі
шараларды әзірлеуге тартылған, тиісті іс-шараларға
қатысады, сондай-ақ олардың ұсыныстары ескеріледі.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының жанынан жұмыс тобы құрылды, оған
мүдделі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, оның
ішінде Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің тоғыз
өкілі кіреді.
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың конституциялық
құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау
жөніндегі жұмысты үйлестіру Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы қызметінің жекелеген
бағыты ретінде көзделген.
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау
құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі
ұсынымдар туралы
Сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы
органдардың, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік
емес органдардың, қоғамдық бірлестіктердің
мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін қажетті және
жеткілікті жағдайлар жасау жөніндегі өзара іс-қимылын
7
қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
2018 жылы Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың
сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі
ұсынымдарды қабылдады.
Бұл құжат саяси партияларға және өзге де қоғамдық
бірлестіктерге мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды
партиялық тізімдерге енгізуді, сайлау комиссияларының
құрамдарына оларды қалыптастыру кезінде ұсыну
туралы кеңес береді.
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін сайлау
туралы ақпаратты түрлі қолжетімді форматтарда беру
ұсынылады: ірі шрифт, аудиоформат, сурдоаударма.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігімен
бірлескен қызмет
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі арасында Ынтымақтастық
туралы келісімге қол қойылды.
Тараптардың ынтымақтастығы келесідей жүзеге
асырылады:
– мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау
құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша жалпы
тәсілдерді әзірлейді;
– қажеттілігіне қарай мүмкіндіктері шектеулі
азаматтардың сайлау құқықтарының өзекті мәселелері
бойынша кездесулер мен бірлескен консультациялар
өткізеді;
– мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау
құқықтары мәселелері бойынша ақпарат алмасады;
8
– мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау
құқықтары мәселелері бойынша өңірлік деңгейде
министрліктің сайлау органдары мен құрылымдық
бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді.
Дауыс беру уақыты
Сайлау күні дауыс беру жергілікті уақыт бойынша
сағат жетіден жиырма сағатқа дейін өткізіледі.
Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру уақыты
мен орны туралы сайлаушыларды дауыс беру өткізілетін
күнге дейін он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы, сондай-ақ өзге де тәсілдермен
хабардар етеді.
Емдеу-профилактикалық мекемелерiнде құрылған
сайлау учаскелерінде учаскелік сайлау комиссиясы
тізімге енгізілген барлық сайлаушылар дауыс берсе,
дауыс беруді кез келген уақытта аяқталды деп жариялай
алады.
Мұндай учаскелердің тізбесін тиісті сайлау
комиссиясы сайлаудан кемінде жеті күн бұрын бекітеді.
Дауыс беруге арналған үй-жайларды және
сайлау учаскелерін жарақтандыру
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін сайлау
учаскелері үй-жайларының қолжетімділігін
қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы
органдар мүмкіндігінше қажетті жағдайлар жасайтын
болады: автокөлік тұрақтары, таяныштар, пандустар,
төсемдер, есіктердің кең ойықтары, лифтілер, тактильді
көрсеткіштер, жасырын дауыс беруге арналған арнайы
құралдар және т. б.
Осылайша, сайлау учаскелерінде тірек-қимыл
аппаратының функциялары бұзылған азаматтарға
9
олардың мүгедектер арбасымен кіруіне және шығуына
мүмкіндік беретін жасырын дауыс беруге арналған
арнайы кабиналар ұсынылады.
Көру қабілеті нашар азаматтар үшін сайлау
учаскелерінде қосымша жарықтандыру, оптикалық
түзетуге арналған құрылғылар (үлкейткіштер мен
лупалар), сондай-ақ аудиоформаттағы жаднама
орнатылатын болады.
Сондай-ақ көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға
сайлау бюллетенін өз бетінше толтыруға арналған
трафареттер дайындалатын болады.
Есту қабілеті бойынша мүгедек азаматтардың
көпшілігінің дауыс беруге қатысуы жорамалданып
отырған сайлау учаскелерінде мүгедектердің тиісті
ұйымдарының жәрдемдесуімен сурдоаудармашылар
тартылатын болады.
Сайлау учаскелеріндегі қолжетімді форматтағы
материалдар туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
қолжетімді форматтарда мынадай материалдарды
дайындауды көздеді:
– Мүмкіндіктері шектеулі сайлаушыларға арналған
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы жаднама;
– Мүмкіндіктері шектеулі сайлаушыларға
арналған Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы аудиоформаттағы жаднама (құлақаспабы
бар компьютердің көмегімен көру қабілеті бұзылған
сайлаушылардың пайдалануы үшін);
– тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы
ақпараттық плакаттың аудионұсқасы;
– сайлау бюллетенін толтыру тәртібі туралы
түсіндірудің аудионұсқасы (трафарет көмегімен көру
10
қабілеті бұзылған сайлаушылардың өз бетінше толтыруы
үшін).
Бұл өніммен еліміздің әрбір учаскелік сайлау
комиссиясы қамтамасыз ететін болады.
Көзі нашар көретін сайлаушылардың
бюллетеньді өз бетімен толтыруға арналған
трафареттің көмегімен дауыс беруі
Көзі нашар көретін мүгедектер болып табылатын
сайлаушылардың өз бетімен дауыс беруін ұйымдастыру
үшін сайлау бюллетеньдерінде тіркелген саяси
партияларды орналастыру жолдары бойынша белгі
қою үшін оң жақта орналасқан шаршылардың орнында
ойықтары бар арнайы трафареттер беріледі.
Толтырылмаған бюллетеньді трафаретке
орналастырып, сайлаушы сипап сезіну арқылы, реті
бойынша өз дауысын бергісі келетін саяси партияны таба
алады және тиісті шаршының ойығына кез келген белгі
қоя алады.
Содан кейін сайлау бюллетенін толтырып, сайлаушы
оны трафареттен алып, бет жағымен ішке қарай бүктеп,
дауыс беруге арналған жәшікке салады.
Жарамсыз бюллетеньдер
Белгiленбеген үлгiдегi, тиісті сайлау комиссиясы
мүшесінің қолы қойылмаған, бір саяси партиядан артық
белгіленген, белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе
өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушының
ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетень жарамсыз
деп танылады.
Егер сайлау бюллетенін толтыру кезінде сайлаушы
қате жіберсе, онда сайлау бюллетені дауыс беруге
11
арналған жәшікке түсірілгенге дейін бүлінген
бюллетеньнің орнына жаңасын беру туралы өтінішпен
аталған бюллетеньді берген комиссия мүшесіне жүгінуге
құқылы.
Бұл жағдайда жаңадан алынған сайлау бюллетені
үшін сайлаушылар тізіміне қайта қол қою қажет болады.
Бұл ретте бүлінген бюллетеннің орнына сайлаушы
жаңасын бір рет қана ала алады.
Басқа сайлаушының көмегі
Егер мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау
бюллетенін алғандығы туралы өз бетінше қол қоюға,
сайлау бюллетенін толтыруға мүмкіндігі болмаса, онда
олар сайлау комиссиясының мүшесі, саяси партияның
сенім білдірілген адамы, БАҚ өкілі - журналист, тиісті
сайлау комиссиясында тіркелген байқаушы болып
табылмайтын басқа сайлаушының көмегін пайдалануға
құқылы.
Мұндай жағдайда учаскелік сайлау комиссиясының
мүшесін өзінің басқа адамның көмегін пайдалану ниеті
туралы ауызша хабарлағаны жөн.
Бұл ретте сайлаушылар тізімінің тиісті бағанында
сайлаушыға көмек көрсететін адамның тегі, аты, әкесінің
аты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың
нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру
Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тізімдерін
ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы
өзінің болатын орнын ауыстырған кезде учаскелік сайлау
комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде
12
сайлаушыға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару
куәлігін береді.
Ұсынылған, дауыс беру құқығын беретін есептен
шығару куәлігінің негізінде учаскелік сайлау комиссиясы
дауыс беретін күні сайлаушыны оның болатын жері
бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне
енгізуге міндетті.
Есептен шығару куәліктерін беру дауыс берілетін
күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат
он сегізде тоқтатылады.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде
(үйде) дауыс беру
Егер мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс
беруге арналған үй-жайға өз бетінше келу мүмкіндігі
болмаса, онда олар дауыс беру күні ерікті нысанда
жазылған өзінің жазбаша өтініші негізінде үйде дауыс
бере алады.
Бұл үшін азаматтар учаскелік сайлау комиссиясына
кез келген уақытта, бірақ сайлау күні жергілікті уақытпен
сағат он екіден кешіктірмей өтініш жасай алады.
Бұл ретте өтінішті уәкілетті өкіл арқылы беруге жол
беріледі.
Дауыс беруді үйде өткізу үшін берілген өтінішке
сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері үйге
шығады.
Үйде дауыс беруді өткізу кезінде байқаушылар қатыса
алады.
Дауыс беру рәсімі міндетті түрде сайлау бюллетенін
толтыру және оны мөрленген (пломбаланған),
тасымалданатын дауыс беруге арналған жәшікке салу
арқылы дауыс беру құпиясы жағдайларын сақтай
отырып, жүргізілуге тиіс.
13
Интернет-ресурстар
Сайлау науқандары, дауыс беруге қатысу мәселелері
бойынша сайлаушылар учаскелік немесе жоғары тұрған
сайлау комиссияларында түсіндірмелер ала алады,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының ресми сайтында (http://www.election.
gov.kz) жарияланған ақпаратпен «Мүмкіндіктері шектеулі
азаматтардың сайлау құқықтары» бөліміндегі қолжетімді
форматта таныса алады.
Оған қоса, мүмкіндіктері шектеулі азаматтар
үшін сайлау учаскелерінің бейімделгені туралы
мәліметтер «Қолжетімді орта» интерактивті порталында
(https://inva.gov.kz) қолжетімді, оларды өзектендіруді
жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Мониторинг туралы
Сайлау барысында сайлау органдары мүмкіндіктері
шектеулі азаматтардың сайлауға қатысуына және
олардың сайлау учаскелерінде дауыс беруге қатысуы
үшін жергілікті атқарушы және сайлау органдары
тарапынан жағдайларды қамтамасыз етуге мониторинг
жүргізетін болады.
Егер мүмкіндіктері шектеулі азамат өзінің сайлау
құқықтары бұзылды деп есептесе, онда ол қолданыстағы
заңнамада белгіленген тәртіппен учаскелік немесе
жоғары тұрған сайлау комиссияларына, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына
жүгіне алады.
14
Мазмұны
Кіріспе сөз..................................................................................................................3
Сайлау органдары туралы .................................................................................4
Сайлау заңнамасы .................................................................................................4
Нормативтік-құқықтық актілер........................................................................5
Қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл туралы..............................6
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын
қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар туралы........................................6
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігімен бірлескен қызмет..................................................7
Дауыс беру уақыты ...............................................................................................8
Дауыс беруге арналған үй-жайларды және сайлау учаскелерін
жарақтандыру..........................................................................................................8
Сайлау учаскелеріндегі қолжетімді форматтағы
материалдар туралы.............................................................................................9
Көзі нашар көретін сайлаушылардың бюллетеньді өз бетімен
толтыруға арналған трафареттің көмегімен дауыс беруі.................10
Жарамсыз бюллетеньдер.................................................................................10
Басқа сайлаушының көмегі.............................................................................11
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру ................................11
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде (үйде) дауыс беру..12
Интернет-ресурстар ...........................................................................................13
Мониторинг туралы............................................................................................13