2020 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беруі кезінде, барлығы4 ескертпелер мен ұсыныстар, оның ішінде аудан әкімінің есебінде – 4ескертпелер мен ұсыныстар айтылды.
2020 жылдың IV- ші тоқсанына жоспарланған 1 ұсыныстың 1-і орындалды. Атап айтсақ, Қабанбай ауылдық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қарастырылған 710 млн. теңге қаражат көлеміне сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме- «Мега Сервис» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы-«МегалитыАлматы»ЖШС-гі.
Аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері кезінде айтылған азаматтардың ұсыныстары мен ескертпелерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық «Алакөл» газетіне және ресми сайтқа жариялануда.