Жетісу облысы Алакөл ауданы Қызылащы және Ырғайты ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды ұсыну басталды
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2026 жылғы 1 наурызда Қызылащы және Ырғайты ауылдық округтері әкімінің сайлауы өтеді.
2026 жылғы 21 қаңтарда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қызылащы және Ырғайты ауылдық округтеріне 2026 жылғы 1 наурызға сайлау тағайындады. Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық «Alakol» газетінде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 3 учаскелік сайлау комиссиялары, 26 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді.
2026 жылдың 22 қаңтарынан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2026 жылдың 2 ақпандағы жағдай бойынша 7 кандидат ұсынылды – 1 «AMANAT» партиясынан, 6 - өзін-өзі ұсыну жолымен.
Қызылащы және Ырғайты ауылдық округтері әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 3 ақпан сағат 18-00 дейін жалғасады.
Алакөл аудандық сайлау комиссиясы