Алакөл ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының1) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 7 446 017 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер 2 855 864 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 22 989 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 35 220 мың теңге;

трансферттер түсімі 4 531 944 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 1 885 345 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 1 500 603 мың теңге;

субвенциялар 1 145 996 мың теңге;

2) шығындар 7 446 017 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 68 401 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер 83 520 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 15 119 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 68 401 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)             68 401 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері 807 403 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Үшарал қалалық округіне 152 079 мың теңге;

Қабанбай ауылдық округіне 71 513 мың теңге;

Бескөл ауылдық округіне  52 006 мың теңге;

Достық ауылдық округіне 17 361 мың теңге;

         Жағатал ауылдық округіне 24 131 мың теңге;

Жанама ауылдық округіне 25 232 мың теңге;

Көлбай ауылдық округіне 25 563 мың теңге;

Жыланды ауылдық округіне 23 548 мың теңге;

Екпінді ауылдық округіне 24 792 мың теңге;

Теректі ауылдық округіне 19 448 мың теңге;

Тоқжайлау ауылдық округіне 24 574 мың теңге;

Ақжар ауылдық округіне 24 974 мың теңге;

Ырғайты ауылдық округіне 47 691 мың теңге;

Ақтүбек ауылдық округіне 25 202 мың теңге;

Архарлы ауылдық округіне 23 715 мың теңге;

Жайпақ ауылдық округіне 27 507 мың теңге;

Енбекші ауылдық округіне 23 548 мың теңге;

Үшбұлақ ауылдық округіне 22 854 мың теңге;

Қызылащы ауылдық округіне 25 527 мың теңге;

Сапақ ауылдық округіне 23 626 мың теңге;

Қамысқала ауылдық округіне 21 407 мың теңге;

Лепсі ауылдық округіне 28 022 мың теңге;

Ынталы ауылдық округіне 29 292 мың теңге;

Қайнар ауылдық округіне 23 791 мың теңге;

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберңнде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;

Көрсетілген трансферттерді аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Алакөл ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 61 708 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының «Депутаттық өкілеттік, бюджет, экономика, заңдылықты сақтау, құқықтық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешiм 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

 

Алакөл аудандық                                           Алакөл аудандық

мәслихаттың сессия төрағасы                       мәслихаттың хатшысы

 

Дата публикации
30 ноября 2020