Алакөл ауданының денсаулық сақтау саласының 2025 жылдың 12 айында жасалған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

         Алакөл ауданының денсаулық сақтау саласының 2025 жылдың

12 айында жасалған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

 

Аудан тұрғындарына орталық аудандық ауруханасы, Қабанбай ауылындағы бөлімшесі, Достық ауылдық ауруханасы,  14 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт және 12 медициналық пункттері медициналық көмек көрсетеді.

Ауданда  137 дәрігер мен 565 орта буын медицина қызметкерлері  62 909 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді (42 адамға азайды өткен аймен салыстырғанда).

Дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 13 маман құрайды: анестезиолог-реаниматолог-1, эндокринолог-1, офтальмолог-2, функциональдік диагностика дәрігері-1, отоларинголог-1, жалпы тәжіребелі дәрігер-5, невропатолог – 1, инфекционист - 1.

01.12.2025 ж. аудандағы барлық халық саны – 62 909 адам. Тіркелген тұрғындардың ішінде 30 407 әйелдер.

15 жасқа дейін балалар саны – 18 431

1 жасқа дейін – 872

5 жасқа дейін – 5 670

Жасөспірімдер саны – 3 121

18 жасқа дейін балалар саны – 21 552

Ересектер барлығы – 41 357        

Бала туатын жастағы әйелдердің саны – 12 212

Жүкті әйелдердің саны – 931

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 21 қарашадағы №477-Н «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек желісін қайта ұйымдастыру туралы» бұйрығы негізінде, Қазақстан республикасы ДСМ №ҚР ДСМ-59 «Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативын бекіту туралы» бұйрығын орындау және ҚР 2022 жылғы 30 маусымдағы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ауданда 5 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт болып қайта құрылды: Қамысқала, Жанама, Сапақ, Үшбұлақ, Қызылқайын ауылдарында және Ынталы ауылындағы медициналық пункт фельдшерлік-акушерлік пункт болып қайта құрылды. 4 медициналық пункт жабылды: Жүнжүрек, Шымбұлақ, Майқан, Айпара ауылдарында. Сонымен бүгінгі күнге ауданда 38 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді- 1 аудандық орталық аурухана, 1 ауылдық аурухана, 14 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 12 медициналық пункт.

2024/2025 жылдардың 12 айдағы демографиялық және денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштері:

Туу көрсеткіші 1000 тұрғынға  шаққанда – 16,9 -ден 10,9 -ға дейін төмендеді (2024ж-1003, 2025ж -686). Желтоқсан  айында 37 бала дүниеге келді

Жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға  шаққанда – 7,69 -дан  7,4 -ке дейін төмендеді (2024ж-496, 2025ж- 464). Желтоқсан айында 42 адам қайтыс болды.

Халықтың табиғи өсуі  - 9,2 -ден 3,5 -ке дейін  төмендеді (2024ж-547, 2025ж - 222).

Бір жасқа дейінгі балалар өлімі 1000  тірі туған нәрестеге 6,98 -ден 7,7 -ге дейін жоғарлады (2024 ж - 7 жағдай, 2025 жылы – 5 жағдай).

  • Қаңтар, ақпан, наурыз айларында 1 жасқа дейін бала өлімі тіркелген жоқ.
  • Сәуір айында 2 бала өлімі тіркелді - Балапанов ауылынан 10 айлық бала басқа нақтыланған хромосомалық ауытқуларынан қайтыс болды; Үшарал қаласынан 5 күндік сәби облыстық перинаталдық орталығында нәрестедегі тыныс алудың бұзылу синдромынан қайтыс болды.
  • Мамыр, маусым айларында 1 жасқа дейін бала өлімі тіркелген жоқ.
  • Шілде айында 1 жасқа дейін бала өлімі тіркелген жоқ.
  • Тамыз айында 1 бала өлімі тіркелді - Үшарал қаласынан 4 ай 13 күндік бала ТГМБ орталығында нәрестедегі жұқпалы агенттер тудыратын пневмониясынан  қайтыс болды.
  • Қыркүйек айына 2 бала өлімі тіркелген – Көлбай ауылынан 10 айлық бала апат жағдайынан қайтыс болды; Үшарал қаласынан 1 жасар бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасында өкпе атрезиясынан қайтыс болды.
  • Қазан, Қараша айларында 1 жасқа дейін бала өлімі тіркелген жоқ.
  • Желтоқсан айында 3 бала өлімі тіркелді – Жайпақ а/о 3 айлық бала цитомегаловирустық басқа ауруынан МОДБ орталығында қайтыс болды; Бұлақты а/о  4 айлық бала өзге нақтыланған септицемия себебінен МОБД орталығында қайтыс болды;

Үшқайын а/о 12 күндік сәби облыстық перинаталдық орталығында белгілі бір топтарға жатпайтын бактериялар қоздырған жаңа туған нәресте сепсисінен қайтыс болды.

 

Қан айналым жүйесінің ауруларынан өлім көрсеткіші  202,67 -ден 119,2 - ке дейін төмендеді (2024-131, 2025-75).

Қатерлі ісік ауруларынның өлім көрсеткіші:  60,34 – тен 65,2 – ге дейін жоғарлады (2024 – 39, 2025 - 41).

Туберкулез ауруынан өлім көрсеткіші 100%-ға төмендеді: 1,69 -тен 0-ге дейін төмендеді (2024-1, 2025-0). Өлім тіркелген жағдай жоқ.

Қатерлі ісік  ауруымен сырқаттану  191,84 -тен 178,03 -ке дейін төмендеді (2024ж-124, 2025ж-112), оның ішінде 0-1 сатыда анықталған қатерлі ісіктер үлес салмағы 2024 ж – 25%, 2025 жылы – 27,7%.

Жарақаттардан, оқыс оқиғалардан және уланудан болған өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда: 97,47 – ден 77,9 - ға дейін төмендеді (2024ж- 63, 2025ж-49).

Туберкулезбен сырқаттану 88,2 -ден 57,2  - ге дейін төмендеді. (2024-57, 2025-36). 

 

  • Қаңтар айында 3 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 1 ер адам, 23 жаста, МБТ (+), жұмыссыз, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, Ақжар а/о-нан 1 ер адам, 66 жаста, МБТ(-) зейнеткер, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, Қамысқала а/о-нан 1 ер адам, 64 жаста, МБТ (-) зейнеткер, өзі келіп қаралған кезде асқынған түрімен ауру анықталады.
  • Ақпан айында 3 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 1 ер адам, 49 жаста, МБТ (+), жұмысшы, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, Достық а/о-нан 1 ер адам, 48 жаста, МБТ(+), жұмысшы, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, Жыланды а/о-нан 1 ер адам, 17 жаста, МБТ (+) жасөспірім, өзі келіп қаралған кезде асқынған түрімен ауру анықталады.
  • Наурыз айында 3 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 1 ер адам, 18 жаста, МБТ (+), әскери борышын өтуші, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады; Тоқжайлау а/о-нан 1 ер адам, 51 жаста, МБТ(+), жұмыссыз, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, 1 әйел адам, 48 жаста, МБТ (-), жұмысшы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған.
  • Сәуір айында 3 жағдай тіркелді: Қазақстан а/о-нан 1 әйел адам, 77 жаста, МБТ (-), зейнеткер, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады; Тоқжайлау а/о-нан 1 ер адам, 61 жаста, МБТ(-), жұмысшы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, 1 ер адам, 46 жаста, МБТ (-), жұмысшы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған.
  • Мамыр айында 2 жағдай тіркелді: Ынталы а/о-нан 1 бала, 13 жаста, МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, Казақстан а/о-нан 1 бала, 8 жаста МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған.
  • Маусым айында 6 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 2 адам, оның ішінде 1 жасөспірім 15 жаста, МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, 1 бала 3 жаста,  МБТ (-), профилактикалық тексеріс кезінде анықталған; Қабанбай а/о-нан 2 адам, оның ішінде 1 бала 6 жаста, МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, 1 әйел адам 55 жаста, МБТ (-), жұмысшы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған;  Екпінді а/о-нан 1 ер адам, 58 жаста, МБТ (-), жұмыссыз, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған; Теректі а/о-нан 1 ер адам, 55 жаста, МБТ (+), жұмысшы, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады.
  • Шілде айына 6 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 4 адам, оның ішінде 2 жасөспірім, 13 жасар МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, 17 жасар МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, 1 әйел адам 85 жаста, МБТ (+), зейнеткер, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады, 1 ер адам адам 53 жаста, МБТ (-); Казақстан а/о-нан 1 жасөспірім, 13 жаста МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған;  Достық а/о-нан 1 жасөспірім, 17 жаста, МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған
  • Тамыз айына 2 жағдай тіркелді: Үшарал қаласынан 1 адам, оның ішінде 1 жасөспірім, 16 жасар МБТ (-), оқушы, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, Қабанбай а/о-нан 1 әйел адам 75 жаста, МБТ (-), зейнеткер, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған.
  • Қыркүйек айына 1 жағдай тіркелді: Теректі а/о – нан 1 әйел адам, 63 жаста, МБТ (-), зейнеткер, өзі келіп қаралған кезде ауру анықталады;
  • Қазан айында 1 жағдай тіркелді: Бұлақты а/о – нан 1 әйел адам, 26 жаста, жүктілік кезеңі 19-20 апта, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған.
  • Қараша айына 2 жағдай тіркелді:  Үшарал қаласынан 2 адам, оның ішінде 1 зейнеткер, 73 жасар МБТ (-), профилактикалық тексеріс кезінде анықталған; 1 әскери қызметкер, 24 жаста МБТ (-), профилактикалық тексеріс кезінде анықталған.
  • Желтоқсан айына 4 жағдай тіркелген: Ушарал қаласынан 1 ер адам, 58 жаста, профилактикалық тексеріс кезінде анықталған; Бескөл а/о – нан 1 ер адам, 55 жаста, МБТ (+), өзі келіп қаралған кезде ауру анықталған, Бұлақты а/о – нан 1 ер адам, 39 жаста, МБТ (-), профилактикалық тексеріс кезінде анықталған; Қайнар а/о – нан 1 ер адам, 21 жасты, МБТ (-), профилактикалық тексеріс кезінде анықталды.

 

   Бруцеллезбен сырқаттану (2024 ж-12, 2025 ж-10). 

  • Қаңтар айында бруцеллез ауруы тіркелген жоқ.
  • Ақпан айында 2 жағдай тіркелді - Қызылқайын ауылынан, 1 бала, Қабанбай ауылынан, 1 ересек.
  • Сәуір айында 3 жағдай тіркелді: Кабанбай ауылынан 2 адам, Лепсі ауылынан 1 адам, үшеуі де ересек.
  • Мамыр айында бруцеллез ауруы тіркелген жоқ.
  • Маусым айында 2 жағдай тіркелді: Қайнар ауылынан 1 адам, Қызылқайын ауылынан 1 адам, екеуі де ересек.
  • Шілде айында бруцеллез ауруы тіркелген жоқ. 
  • Тамыз айында 1 жағдай тіркелді Жанама ауылынан 1 адам ересек.
  • Қыркүйек, Қазан, Қараша айында бруцеллез ауруы тіркелген жоқ.
  • Желатоқсан айына 2 жағдай тіркелді: Лепсі ауылынан 2 адам, екеуіде ересек.

 

Флюорографиялық тексерістен 2025 жылдың 12 айында 16 919 адам өтті (2024 жылы- 16 737 адам). Манту сынамасына 9 239 бала тексерілді (2024 ж. – 9 252), бактериоскопиялық әдіспен туберкулез ауруы анықталғаны – 9 (2024 ж. - 14), Манту сынамасы  арқылы - 6 (2024 жылы - 0), профилактикалық жолымен  туберкулез ауруы анықталғаны  22 (2024 ж. - 22), каралу кезінде 14 (2024 ж. - 35).

Емхана, амбулаторияларға бару саны 383 085 - тен  364 053 - ке дейін төмендеді,  дәрігерлердің үйге бару саны   25 785 - тен 12 382 –ге төмендеді. 

Ауруханаларда 2025 жылдың 12 айында 9 742 адам емделіп шықты, 79 адам қайтыс болды (2024 – 10 806 адам емделіп шықты, 119 адам қайтыс болды). Күндізгі ауруханаларда 2025 жылдың 12 айында  3 054 адам емделді (2024 – 2 986). Ауруханада өлім көрсеткіші 1,1-ден 0,8-ге дейін төмендеді (2024-119, 2025-79). Аурудың орта есеппен жатқан күні бір деңгейде - 7,1, төсек күнінің орындалғаны 92,1%-дан 81,3% -ге дейін төмендеді.

 

 

     Директор                               А.Бутабаев

                                                                                                                                                                                                                     

Алакөл ауданының денсаулық сақтау саласының 2025 жылдың 12 айында жасалған жұмыстар туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
12 января 2026