«Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-сі бойынша 2026 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат

№

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы

Жоспарланған сомасы

(мың теңге)

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қысқаша мазмұны

1.      

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында кешенді шаралар ұйымдастыру

Жоба азаматтар арасында құқықтық мәдениетті, заңға бағыну және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған. Оның негізгі мақсаттары: құқықтық білім беру,  азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін түсінуін қамтамасыз ету, заңсыз әрекеттерден сақтандыру, және қоғамда заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру. Жоба аясында түрлі тренингтер, семинарлар, ақпараттық науқандар, құқықтық кеңестер және әлеуметтік акциялар ұйымдастырылады.

2.      

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

Жоба аясында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын ілгерілету, экологиялық ағарту жұмыстары, сенбіліктер, табиғатты қорғауға бағытталған акциялар, мектептер мен жоғары оқу орындарында экосабақтар, ақпараттық кампаниялар мен әлеуметтік желілер арқылы насихат жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, қалдықтарды сұрыптау,  суды және ресурстарды үнемдеу мәдениетін насихаттау көзделеді.

Жоба экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ таза әрі қауіпсіз қоршаған орта қалыптастыруға бағытталған.

«Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-сі бойынша 2026 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Дата публикации
08 января 2026