Алакөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 62-2 «Алакөл ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы      23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының     1) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1. Алакөл аудандық мәслихатының «Алакөл ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы                                  27 желтоқсандағы № 62-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5395 тіркелген, 2020 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редақцияда баяндалсын:       

         «1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер 18 947 228 мың теңге, соның ішінде:

         салықтық түсімдер 2 722 583 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер 11 592 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 32 899 мың теңге;

         трансферттер түсімі 16 180  154 мың теңге, оның ішінде:

         ағымдағы нысаналы трансферттер 6 796 317 мың теңге;

         нысаналы даму трансферттері 3 477 556  мың теңге;

         субвенциялар 5 906 281 мың теңге;

         2) шығындар 22 132 176 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу 54 480 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер 73 292 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу 18 812 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0  теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 3 239 428 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)        3 239 428  мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының «Депутаттық өкілеттік, бюджет, экономика, заңдылықты сақтау, құқықтық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешiм 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
26 ноября 2020