Алакөл ауданы бойынша жер салығының базалық салықтық мөлшерлемелерін арттыру туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 504, 505, 506-баптары және 510-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1.Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, Алакөл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 (елу) пайызға арттырылсын;

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихаттың «Депутаттық өкілеттік, бюджет, экономика, заңдылықты сақтау, құқықытық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін;
  2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап қүшіне енеді.

 

 

 

 

Алакөл аудандық мәслихатының                         Алакөл аудандық

сессия төрағасы                                               мәслихат хатшысы

  Қ.Абдрахманов___________                               С.Р.Жабжанов________                

 

 

 

Дата публикации
23 ноября 2020